Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар:
-Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екендігі (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.
-Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.
-Диктанттың қай түрі болсын мәтін орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.
-Мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.
-Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді. Диктант жазу үстінде қасындағы жолдасының дәптеріне қарауға болмайды. Одан немесе мұғалімнен не жазу керектігін сұрап, кедергі жасауға тыйым салынады.
-Мұғалім мәтінді ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.
-Диктант жазылып болған соң мұғалім мәтінді тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырылады.
-Ең соңында оқушылар жазған мәтіндерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.
Диктант түрлері
Материалдың құрылымына сәйкес диктанттар төмендегідей болып бөлінеді:
Әріп диктанты;
Буын диктанты;
Сөздік диктант.
Мақсатына байланысты
Оқыту Бақылау
Диктанттың оқыту және бақылау түрлері бар. Оқыту диктанты ескерту, түсініктеме немесе түсіндірме болуы мүмкін. Ескерту диктанты кезінде, емле және тыныс белгілері мәтінді жазбас бұрын, түсініктеме берілген диктант кезінде – жазу кезінде, түсіндірме кезінде – кейін түсіндіріледі.
буын
Диктант түрлерінің классификациясы
әріп
сөз
сөз құрамы
мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |