ҮЛГІ
ӨМІРБАЯН
Мен, (аты-жөні) , жылы,
қаласында (облысында, ауданында, ауылында), ,
отбасында дүниеге келдім. жылы қаласындағы (облысындағы, ауданындағы, ауылындағы), № орта мектепке түстім. Орта мектепті
жылы бітірдім. жылы институтының
факультетіне күндізгі бөлімге түстім. Институтты жылы
мамандығы бойынша бітірдім. жылы
қаласындағы (облысындағы, ауданындағы, ауылындағы), № мектепке жұмысқа тұрдым. Қазір де осы мектепте жұмыс істеймін. Әкем,
(аты-жөні), зейнеткер. Анам,
(аты-жөні), № дүкеннің бухгалтері. … Мекенжайым:
қ., көш, үй, пәтер. 20 жылғы « »
(қолтаңбасы)
Күнделік - күнделік жазу – өзіңе-өзің есеп берумен тең. Күнделік күнде, қысқа және жинақы түрде жүргізіледі. Күнделікті жүргізу өзіңізді түсінуге, өз қалауларыңызды түсінуге және қателерді талдауға мүмкіндік береді. Басыңызға көп ойлар жиналғанда, оларды қағазға түсірген дұрыс. Күн ішінде болып жатқан оқиғаларды жеке күнделікке жазу арқылы жіберілген қателерді, іс-әрекеттер мен істерді мұқият талдауға бірегей мүмкіндік бар. Кездескен жағдайларда қаншалықты дұрыс әрекет еткеніңізді қорытындылай аласыз.
Мінездеме – мінездеме – адамның өмірбаяны бойынша, білімі, жұмысқа қатысуы және жақсы қасиеттерін көрсету мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі, сондықтан мінездеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі болады. Олар :
тақырыбы;
мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
негізгі мәтін;
қорытынды;
мінездемені талап етуші ұйымның аты;
мінездеме берілген күн, ай, жыл;
мінездеме берушінің аты-жөні, фамилиясы, қолы;
қосымша (егер болса).
ҮЛГІ:
№42 жалпы білім беретін орта
мектептің 11- сынып оқушысы Жоламанова Айзат Талғатқызына
М І Н Е З Д Е М Е
Жоламанова Айзат Талғатқызы 2002 жылы 1 маусымда дүниеге келген. 2008 жылдан бастап №42 жалпы білім беретін орта мектебінде оқиды. 11 жыл бойғы оқу барысында өзін жақсы жағынан көрсете алды. Оқу озаты. Биология, химия пәндері бойынша қалалық,облыстық олимпиадаларға және ғылыми жобаларға қатынасып, жүлделі орындарға ие болды.Ол өзінің терең білімін, қабілетін көрсетіп, басқаларға үлгі болды.
Сонымен қатар, Жоламанова А.Т сыныптан тыс шараларға да белсене араласып, сыныптың мақтанышы бола білді.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары әрі өз ісін тиянақтылықпен атқарады. Мұғалімдерінің сүйіктісі бола білген Жоламанова А.Т – біздің мектебіміздің бетке ұстары.
Мектеп директоры Рысқұлова Л.М. (қолы).
Сынып жетекшісі Байманова Ә.А. ( қолы).
Түсініктеме жазу- мәтін түрінде белгілі бір адамға болған жағдайды түсіндіру мақсатында жазылады. Мысалы: (Оқушының ата-анасына баласының сабағы туралы түсініктеме жазу керек) Данияр математика және қазақ тілі пәндері бойынша тапсырмаларды орындауға тырысады, дегенмен қателіктер көп жібереді. Тәртібі – өте жақсы! Жарайсың Данияр! Математика пәні бойынша жазбаша есептеулерде қиналады, оқу техникасына көбірек көңіл бөлу керек. Үй жұмысын кейде толық орындамайды. Сабақта жиі қол көтеріп, сабаққа белсенді қатысу керек Мәтін соңында этика сақтау сөздерін қолдана отырып адресаттан қандай шешім күтетіндігі жазылады. Мысалы,
«Айтылғандарды ескере отырып шара қолдануыңызды сұраймын», «Нұсқау беруіңізді сұраймын».
сынып бойынша:
өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, (мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап жазу);
эссе (құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу);
презентация түрінде ұсыну (тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап).
Оқу мақсаттары:
7.4.1.1 мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу;
7.4.2.1 эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу;
7.4.3.1 жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу;
7.4.4.1 тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну;
7.4.5.1 тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Өтініш. 1. Адамның өзге адамға білдіретін қалауы, көмек сұрауы;
2. Мемлекеттік органның, ұйымның, лауазымды тұлғаның немесе азаматтың бір мәселені шешуді өкілетті органнан не тұлғадан ресми түрде сұрауы немесе ол жөнінде ұсынысы.
Өтініштердің түрлері сан алуан. Мазмұны бойынша әр қилы болғанымен, мақсаты бойынша бір. Жұмысқа алу, жұмыстан босату, кезекті еңбек демалысы, оқуға байланысты демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс секілді жеке және отбасылық жағдайларға байланысты жұмыстан сұрану т.б өтініш жазуға болады.
Өтініш жазу талаптары:
Өтініш А4 форматты таза қағазға өтініш сұраған адамның өз қолымен жазылуы тиіс
Қағаздың жоғарғы оң жақ бұрышына мекеменің атауы және мекеме бастығы (өтініш кімнен сұралса, сол тұлғаның аты жөні, лауазымы, кей уақытта дәрежесі) атына жазылады. Яғни, парақтың оң жақ шекарасынан (шамамен 10 см) біраз қалдырыңыз және парақтың оң жақ жоғарғы бұрышында өтінішті кімнің атына жазылады сол адамның аты-жөні жазылады.
Өтініш кімнен екені (аты жөні және лауазымы) жазылады.
Күні жазылып, өтініш білдірушінің қолы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |