ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)


Студенттердің өзін-өзі тексеру с±рақтары



бет11/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

Студенттердің өзін-өзі тексеру с±рақтары:
1. Кәсіпкерліктің үлгілеріне сипаттама беріњдер?

2. Инновация және инновациялық қызметтің мәні неде?

3. өндірістік процесстен инновациялық процесстің қандай сипаттың белгілерін айыруѓа болады?

4. Қазақстанның инновациялық саясаты қандай тапсырмаларды шешеді?

5. Инновациялық қызметтерді мемлекеттік қолдаудың қандай нысандарын білесіз?

6. Қазақстанның мемлекеттік инновациялық баѓдарламасы нені қарастырады?

7. Инновацияѓа қандай қызмет түрлері кіреді?

8. Инновациялық баѓдарламалар ненің есебінен қаржыланды-


рылады?

9. Инновациялық баѓдарламаларды дайындау тәртібін айты-


њыздар?

10.Конструкторлық дайындық нені білдіреді?

11.Технологиялық дайындық нені білдіреді?

12.өндіріске өнімді қою жүйесіне сипаттама беріњдер?

13. Сериялық және жаппай өндірістің өнімге сынақ жүргізу тәртібін айтыңыздар?

ТАҚЫРЫП 10. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕНЕС БЕРУШІЛІК (КОНСАЛТИНГТІК) КӘСІПКЕРЛІК.
1. Кеңес берушілік қызметтердің мәні мен кезеңдері.

2. Кеңес беру әдістері.

3. Кеңес берушілік жобаның орындалуын бақылау.

4. Консалтингілік фирмалардың клиенттерді тарту әдістері.

Соңғы жылдары кеңес берушілік кәсіпкерлік (консалтинг) сияқты нәтижелі форма қарқынды дамып келеді. Оның көптеген бағыттары бар және оның біздің елдегі дамуын басқа елдермен салыстыра отырып, жақын арада консалтинг қарқынды түрде дамуы керек деген қорытынды жасауға болады.

Консалтинг (ағыл. consulting) бұл сараптамалық - техникалық қызмет саласындағы өндірушілерді, сатушыларды, сатып алушыларды кеңес беру арқылы қызмет ететін арнайы компания-
лар қызметі.

Консалтингілік компаниялар нарықты (тауарлар, қызметтер, лицензия, ноу-хау және т.б.) болжау және зерттеу; экспорттық – импорттық операциялардың сауда – саяси жағдайларын бағалау; маркетингілік бағдарламаларды өңдеу және өткізу бойынша, ал отандық тәжірибеде сондай–ақ әртүрлі меншік формасындағы фирмаларды тіркеу бойынша қызметтерді көрсетеді.

Консалтингілік фирмалар аймақтық, салалық және басқа да қағидалар бойынша маманданады.

Кеңес беруші деген сөз нақты саладағы маман өзінің мамандандығы бойынша сұрақтарға жауап беретін маман ретінде түсіндіріледі. Шетелдік тәжірибеде басқару сұрақтары бойынша комерциялық, ақылы кеңес беру консалтинг деген атқа ие болды.

Экономика және басқару бойынша консультанттар ассоцияциясының Еуропалық федерациясының анықтамасы бойынша: менеджмент-консалтинг – бұл проблемаларды (мүмкіндіктерді) анықтау, бағалау және оларды жүзеге асыру бойынша сәйкес шараларды орындауды қоса отырып, басқару сұрақтары бойынша тәуелсіз кеңестер мен көмектерді көрсету.

Өнеркәсібі дамыған елдерде консультациялық қызметтер зияткерлік капиталға салым жасау, жаңа құрал немесе алдыңғы қатарлы технологиялардан бірде – бір кем емес. Қазақстанда қазіргі жағдайда бұл қатынастар экономика және басқару саласындағы зияткерлік потенциал қолданылмайды.

Біздің елде таңғаларлық жағдай байқалып отыр: көптеген кәсіпорындар күрделі экономикалық жағдайда жиі ұйымдастырушылық – басқарушылық мазмұны, нарықтық жағдайларға үйренбеушілік, сонымен қатар, аталған саланы қолда бар зияткерлік потенциалды пайдаланбағандығы байқалып отыр.

Өз уақытында консультанттардын қызметін алған жетекшілер пайда мен қаржылық – шаруашылық талдаудың экономикалық әсерін, сауықтыру бағдарламаларын, белсенді маркетингті, инвестициялық және қаржылық саясатты өңдеуді сезіне бастауы.

Консалтингілік қызметтер біржолғы ауызша кеңестер түрінде де болуы мүмкін. Алайда олар көбінесе консалтингілік жобалар түрінде болып, негізгі келесі кезеңдерден тұрады:

 Мәселені анықтау (диагностика);

 Шешімдерді, жобаларды өңдеу;

 Шешімдерді, жобаларды жүзеге асыру.

Жоба көлеміне байланысты шешуші қорытындылаушы кезең бірнеше күннен бірнеше айға дейін созылуы мүмкін. Кейде клиенттермен байланыс көпжылдық та болуы мүмкін.
2. Кеңес беру әдістері.

Кеңес беру әдістері әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте кеңінен танылған кеңес берудің үш әдісі қолданылады:



  1. Сараптамалық

  2. Процесстік

  3. Үйретушілік.

Сараптамалық кеңес беру – консалтинг ең енжар формасы. Мұнда консультант өзі диагностиканы, шешімдерді өңдеуді және оларды еңгізу бойынша қызмет етеді. Клиент бұл жағдайда консультантты қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Процестік кеңес беруде консалтингілік фирманың мамандары жобаның барлық кезеңінде клиентпен белсенді қызмет етеді, оны өзінің ойларын, ұсыныстарын айтуға итермелейді, клиенпен бірге мәселені талқылап, ұсыныстарды талдайды.

Үйретушілік кеңес берушілікте мамандардың негізгі міндеті клиент үшін оған қажетті барлық теориялық және тәжірибелік ақпаратты, яғни оқу құралдарын дайындау. Тәжірибеде аталған әдістердің ешқайсысы таза түрінде қолданылмайды, әдетте олардың бір бірімен алмасуы қолданылады.

Өнеркәсібі дамыған елдерде көп жылдар бойы кеңес берушілік қызметтер нарықтық экономиканың инфрақұрылымының маңызды элементі болып табылады. Консалтинг статистикамен жеке салаға белгіленген. Ешбір күрделі экономикалық және басқару шешімі экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде де кеңес берушілерді пайдаланбайсыз қабылданбайды. Жеке фирмалардан басқа комерциялық бастауларды консультациялық қызметтер, сондай-ақ, мемлекеттің, оқулық ақпараттың және зерттеушілік ұйымдар қызметін көрсетеді. Қазақстанда шетелдік фирмалар да жұмыс істейді, алайда өзіміздің консалтингілік фирмалар саусақпен санарлықтай (салыстыру үшін: Ресейде бірнеше жүз, ал кішкентай Голландияда 2000-нан астам).

Егер қазақстандық консультанттар еліміздің қазіргі экономикалық жағдайын жақсы талдап, жоғарғы зияткерлік және білім потенциалына ие болып, батыстың нарықты экономикасымен кеңінен таныс болса, онда шетелдік консалтингілік фирмалардан асып, кеңес берушіліктің әдістерін жақсы меңгеріп, батыстың нарықтық экономикасын егжей – тегжейін біліп отырар еді.

Кеңес берушілік кәсіпкерлік қызмет бір кәсіпкерлік құрылымының екіншіге ауысу қызметтерінің кең жиынтығын білдіреді. Ең алдымен, кәсіпкерлік жобалар бойынша кеңес беруді бөліп алу керек. Кәсіби деңгейдегі мұндай қызметтер, яғни, кәсіпкерлік ойды сараптық тұрғыдан бағалау, оны жүзеге асыру сызбалары, кәсіпкерлік есептер мен нұсқаулар ойларды жүзеге асырудың тиімділігін біршама арттыруы мүмкін.

Кеңес беру, сондай-ақ, кәсіпкерліктің инновациялық саласын қамтиды. Мұндай кеңес беруші кәсіпкерге өндірістік проблемалардың (жаңа технологияларды, ноу-хауды, құралдарды, басқару жүйелерін пайдалану) жаңа шешімдерін пайдалануға кеңес береді.

Консалтингілік қызметтер әртүрлі болуы мүмкін. Менеджмент бойынша консультанттардың Еуропалық анықтама – нұсқауы бойынша бүгінгі таңда 8 топқа біріктірілген консалтингілік қызметтің 84 түрін бөліп көрсетеді:

 жалпы басқару;

 әкімшілік;

 қаржылық басқару;

 кадрларді басқару;

 маркетинг;

 өндіріс;

 ақпараттық технология;

 мамандандырылған қызметтер.


3. Кеңес берушілік жобаның орындалуын бақылау.

Фирма клиентпен байланыс орнатқаннан кейін ұсыныстарды өдеуге кіріседі. Өңдеу - жобаны клиент пен консультанттың бірлесіп талдауынан басталады. Бұның алдында фирма клиент туралы нақты ақпарат алуы керек.

Қеңесші келесілерді білуі керек:

 Фирма не өндіреді немесе немен айналысады;

 Жұмысшылардың саны, біліктілігі, басқарушы персоналдың үлесі;

 Өндіріс немесе жұмысшылар мен қызметтердің көлемі, шығындар құрылымы мен пайда мөлшері және олардың қайнар көздері қандай;

 Фирманың қаржылық жағдайы, әріптестердің сенімділігі.

Содан кейін жағдайы, оның өзгеру қарқыны мен проблеманың мәні анықталады. Бұдан кейін жұмыстардың орындалу жоспар – кестесі құрылып, қажетті заңдылық құжаттар рәсімделеді. Жұмысшылардың орындалу жоспар – кестесіне, олардың нақты аяқталу мерзіміне көп көңіл бөлу керек.

Тапсырманы орындау барысында фирма тапсырушының психологиясын ескеруі қажет.

Жұмыстың жылжу мөлшері ұзартылған сайын, клиенттің де қызығушылығы төмендейді, ал ол қызығушылықты арттыру мақсатында, қосымша шаралар қолдану керек. Ол үшін үлкен қызығушылық кезеңінде қандай да бір аралық нұсқалар жүзеге асыру ұсынылады.

Бұл фирма – тапсырыс берушінің басшылығы үшін нақты ұсыныс, қызметтік мәжілісте кеңесшінің ұсынысын талқылау, жекелеген ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша бұйрықты дайындау және т.б. болуы мүмкін.
4. Консалтингілік фирмалардың клиенттерді тарту әдістері.

Кеңес берушілік қызметтер нарығының ерекшелігі болып, өзі қызмет түрімен айналысатын фирмалардың өзінің тауарының, қызметінің үлесін көрсету мүмкіндігі болмайтындығы табылады. Сондықтан да иұндай фирмалардың алдында клиенттерді тарту - өте маңызды міндет.

Клиенттерді тарту әдістері әртүрлі болады. Бұл өз мүмкіндіктерін жарнамалау, делдалдар арқылы клиенттерді тарту, бұрынғы тапсырыс берушілердің нұсқауларын қолдану, кәсіпорынның, фирманың қызметін жағымды сипаттаушылардың кеңесін қолдану болуы мүмкін.

Қарапайым және көп қолданылатын тәсіл – жарнамалау. Фирма әртүрлі жарнамалық анықтамалар мен жарнамалық жабдықтаушылар таратады. Онда оның кеңес берушілік саласындағы мүмкіндіктері, қызмет көрсетудің болжамды құны, сәтті орындалған жобаларға шолу жасау көрсетіледі.

Клиенттерді тартудың бір жолы - ол делдалдарды пайдалану сияқты әдісі кең тараған. Олар жетекшінің сеніміне ие фирма – клиенттердің қызметкерлері болуы мүмкін. Батыс елдеріне мұндай делдалды іздестірудің арнайы әдістемесі жасалған. Бұл мақсаттарға арнайы қаражат бөлінеді.

Әрине фирма – консультанттың беделін анықтаудағы шешуші фактор болып оның сәтті, алдыңғы нәтижелі жұмысы, қызметі табылады. Ірі, тіпті орташа клиенттердің жағымды кеңестері – ең жақсы жарнама.

Кеңес беру бойынша тапсырыстарды қамтамасыз етуде фирма – консультантының беделі белгілі бір роль арнауы мүмкін. Визиттік карточканың болуы, офистегі сәйкес жағдай, фирма қызметкерлерінің сыртқы түрі, киімі және қонақжайлылығы – мұның бәрі аталған фирма – консультантпен тапсырыс берушінің қызмет етуі үшін оң шешім қабылдауына әсер етуі мүмкін.

Фирмаға консультанттар қаншалықты қажет? Қазақстан экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде, яғни, жекелеген кәсіпорындардың қызметі мен экономикалық жағдайды үлкен өзгерістерге ұшырап, үнемі жаңа проблемалар туып жатқанда жауабы бір - ия, қажет.

Алайда көптеген кәсіпорындардың қаржы қорларының шектеулігін ескере отырып, консультанттарды кәсіпорын, фирманың өзінің проблемаларының маңыздылығы дәрежесін анықтау және бекіту үшін шақыру керек?

Басты проблема – кәсіпорынның даму стратегиясын шешуден бастау керек. Тек осыдан кейін ғана маркетинг проблемалары, инновациялық потенциалдық дамуы және басқа да проблемалар бойынша кеңесу керек.


Студенттердің өзін - өзі бақылау үшін с±рақтар:
1) Кеңес берушілік Кәсіпкерліктің (консалтинг) мәні неде?

2) Консалтингілік қызметтің қандай кезеңдерін білесіз?

3) Кеңес беру әдістерін сипаттаңдар?

4) Халақаралық консалтингілік қызметтің қандай түрін білесіз?

5) Консультантқа ол кеңес беретін форма туралы не білуі керек?

6) Консалтингілік фирманың клиенттерін тартудың қандай әдістері бар?

7) Фирмаѓа консультанттар не үшін қажет, және қандай мақсаттар үшін?

ТАҚЫРЫП 11. КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛ.


  1. Тәуекелдің мәні және функциялары.

2. Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу.

3.Айналым тәуекелінің жоѓалтулары және кәсіпкерлік қызметтегі олардың себептері.

4.Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандыру әдістері.
Адамдар әр түрлі қызмет ауқымында барлық уақытта тәуекелмен кездеседі. Бірақ, «шаруашылық тәуекел», «кәсіпкерлік тәуекел» экономикалық категорияларының мәнін және мазмұнын ашатын жұмыстың негізі әлі жоқ.

В.Даль «Орыс тілі сөздігінде» тәуекел бір жағынан бір нәрсенің мүмкін қауіптілігі ретінде, екінші жағынан жаңа нәтижеге үміттегі қажеттікті, табандылықты, тапқырлықты талап ететін басқа әрекет ретінде анықталады.

Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтің, менеджменттің жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады. Ол бірақ жоғалтуларға емес, алдымен кәсіпкерлік табыс алуға сенеді.

Экономикалық әдебиетте «шаруашылық тәуекел» мен «кәсіпкерлік тәуекел» түсініктерін қолданады. Көбінесе бұл түсініктерді ұқсас ретінде түсінеді. Шынындада бұл түсініктер өте жақын, егер кәсіпкерлік қызметтегі шаруашылық тәуекелді қарастырса. Сонымен қатар, оларды ұқсас деп санауға болмайды.

Шаруашылық тәуекел кәсіпкерлік тәуекелге қарағанда кең ұғым, бірақ кәсіпкерлік тәуекел шаруашылық тәуекелдің басты құрастырушысы болып табылады.

Тәуекел – бұл мүмкін болатын қауіптілік.

Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтиже-
сінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Осылайша, кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді, тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік.

«Тәуекел» түсінігін анықтағанда «жоғалтулар», «залалдар», «зиян» сияқты жалпы қолданылатын сөздер пайдаланылады.

Жоғалтулар дегеніміз бізде болған, бізден кеткен ұғымды білдіреді.

(Мысалы, кәсіпкер кітаптарды басып шығаруды және әрбір данасын 500 теңге бағамен сатуды болжайды. Бірақ сату нарығында қолайсыз жағдайлар қалыптасып, кітапқа сұраным күтілген деңгейден төмен болып шығады. Бір данасын 400 теңге бағамен сатуға тура келеді. Нәтижесінде кәсіпкер әрбір кітапқа табыстың 100 теңгесін жоғалтады).

Залалға мақсатқа сай нәтиже, тиім әкелмеген кез келген шығындарды жатқызады. Кез келген кәсіпкерлік қызмет шығындарымен байланысты, залалдар қолайсыз жағдайлар тоғысқанда, жаңылысқанда болады және ойлағаннан жоғары қосымша шығындарды көрсетеді.

Кәсіпкерлік тәуекел ресурстардың көтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Экономикалық әдебиетте тәуекелдің келесі функциялары көрсетіледі:

 Инновациялық

 Реттеуші

 Қорғаушы

 Талдаушы

Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды.

Реттеуші функция қарама қайшы сипатта болады. Кәсіп-


кер тәуекелі, әдетте, дәстүрлі емес тәсілдермен біршама нәтиже алуға бағытталған. Тәуекелдің реттеуші функцияның конструкциялық нысанының мәні тәуекелге бару қабілеті – кәсіпкердің табысты қызметінің жолдарының бірі.

Тәуекелдің қорғаушы функциясы егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістігінен көрінеді. Басталмыш тапқыр шаруашылық иелеріне әлеуметтік қорғау, құқықтық, саяси және экономикалық кепілдеме қажет.

Кәсіпкерлік тәуекелдің талдау функциясы шешімдер-
дің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуін таңдау қажеттілігінде тәуекелдің болуымен байланысты. Осыған байланысты кәсіпкер шешім қабылдау процессінде барлық мүмкін баламаларды талдап, ең рентабельді, ең тәуекелі азын таңдайды.

Сондықтан кәсіпкердің негізгі міндеті тәуекелден мүлде бас тарту емес. Тәуекелге бара отырып, кәсіпкер қандай шектерге дейін әрекет ете алатын объективті белгілер негізіндегі тәуекелге байланысты шешімдер таңдау.

Бұдан басқа кәсіпкерлік тәуекел әлеуметтік функция орындайды. Ұдайы өндірістің тиімділігі мен тұрақтылығына әсер ете отырып, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін шынайы материалдық негіз жасайды.
2. Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу.

Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу күрделілігі олардың көп түрлі


лігінде. Тәуекелдің түрлері өте үлкен - өрт пен табиғи апаттардан, ұлтаралық шиеленіске, кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңдағы өзгерістерге және инфляциялық ауытқуға дейін.

Тәуекелді жіктеу әртүрлі белгілері бойынша жүзеге асады: пайда болу себебі, атқарымдық түрі, кәсіпкерлік сала, сақтандыру мүмкіндігі, жіберілетін деңгейі бойынша және т.б.

Әрбір нақты жағдайда қойылған мақсатқа байланысты осы және басқа жіктеу қолданылады.

Кәсіпкерлік қызмет түрлері бойынша келесі тәуекелдерді бөледі:



1. Өндірістік тәуекел - өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты. Ол әртүрлі болжауѓа келмейтін факторлар әсерінен өндіріс процесінің өзгергіштігімен байланысты.

Өндірістік тәуекелдің негізгі себептері өндірістегі мәжбүр үзілістер, өндірістік қорлардың шығып қалуы, айналым қаржыларының жоғалтулары, жабдықты, шикізатты уақытында жеткізбеу және т.б. болып табылады.



2. Коммерциялық тәуекел кәсіпкер өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады. Коммерциялық тәуекелдің себептері-коммерциялық қызмет жағдайында нарық конъюнктурасындағы күтпеген өзгерістер болуы мүмкін.

3. Қаржы тәуекелі кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарымен қатынас саласында пайда болады. Қаржы тәуекелінің себептері- қарыз бен меншікті қаржылардың ара қатынасының жоғары шамасы, несие берушіден тәуекелділік, капиталдың енжарлыѓы, бір жобаға үлкен қаржыларды бір уақытта орналастыру болады.

4. Заңдық тәуекел – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты.

5. Инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының к‰тпеген өсумен, қоршаѓан ортаны қорғау туралы заңның көшеюіне байланысты.

6. Сақтандыру тәуекелі – сақтандыру қорын қалыптастырумен, қорды басқарумен, сонымен қатар меншікті мүлікпен, ақша қаржылары мен және персоналмен байланысты.

7. Инновациялық тәуекел – осы саладағы белгісіздіктен шыға-
ды (идеяны шығарудан бастап, нарықта сәйкес өнімді сатумен аяқталады).

Ауқымдылығы бойынша кәсіпкерлік тәуекелдер үш түрге бөлінеді:

 Жергілікті тәуекел – жекелеген фирма (компания, бірлестік, олардың құрылымдық білімшелері) тәуекелі;

 Салалық тәуекел – сала ерекшелігіне байланысты;

 Елдік тәуекел – тұтас елге тән тәуекел, әлеуметтік-саяси ахуалдың нашарлауына, инфляцияның өсуіне, төленбеген төлем мәселесі, заңның орындалмауы, заңның жетілмеуі.

Пайда болу табиғаты бойынша тәуекелдер келесідей бөлінеді:

 Субъективті тәуекел – кәсіпкердің жеке басына байланысты. Мұндай тәуекелдің пайда болу себептері тәуекелге қабілеттің дамымауы болып табылады: білім, кәсіпқойлық тәжірибенің жетіспеушілігі, нарықта мінез-құлық ережелерін бұзу, келісімді жеткіліксіз түсіну және т.б.;

 Объективті тәуекел ақпараттардың жетіспеушілігіне, табиғи апаттарға, нарық конъюнктурасының күтпеген өзгерісте-


ріне, инфляция деңгейін, несие беру жағдайына, салық салуға және т.б. байланысты.

Сақтандыру мүмкіндігі бойынша:

 Сақтандырылатын тәуекел сандық анықтауға және сақтанушылардың тәуекелін өзіне қабылдайтын ұйымдардың сақтандыруына көнеді;

 Сақтандырылмайтын тәуекел- деңгейі мен ауқымын бағалау мүмкін емес және ешкім сақтандыру тәуекелін өзіне қабылдауға дайын емес тәуекел.


3. Айналым тәуекелінің жоғалтулары және кәсіпкерлік қызметтегі олардың себептері.

Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелден болған жоғалтулар материалдық, еңбектік, қаржылық, уақыт жоғалтулары, жоғалтулардың арнайы түрлеріне бөлінеді.

Жоғалтудың материалдық түрі кәсіпкерлік жобада қарастырылмаған қосымша шығындардан немесе үйлер, ғимаратттар, жабдықтар, шикізат, қуат түріндегі материалдық объектілердің тікелей жоғалтулардан көрінеді.

Еңбектік жоғалтулар кездейсоқ болжанбаған жағдайлардан болған жұмысуақытының жоғалтулары. Еңбек жоғалтуларын тікелей өлшеу адам-сағат, адам-күн немесе жұмыс уақытының сағатымен көрсетіледі.

Қаржы жоғалтулары тікелей ақшалай зиян нәтижесінде пайда болады (Кәсіпкерлік жобада қарастырылмаған төлемдер, айып-пұлдар, мерзімі ұзартылған қарыздарға төлем ақылар, қосымша салықтар, ақша қаржыларын немесе құнды қағаздарды жоғалту).

Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет процесі ойдағыдай ақырын, кешігіп жүргенде орын алады. Мұндай жоғалтуларды тура бағалау ойдағы нәтижені алуда сағат, күн, апта, айға созылумен жүзеге асады.

Жоғалулардың арнайы түрлері адамдардың денсаулығына және өміріне, қорашаған ортаға, кәсіпкердің беделіне зиян келтіру және басқа қолайсыз әлеуметттік және моральдық-психологиялық зардаптары бар жағдайлар әсерінен көрінеді.

Жоғалтулардың арнайы түрлерінің ерекше тобы-саяси сипаттағы болжанбаған факторлардың әсерінен болған жоғалтулар.



Өндірістік кәсіпкерліктегі жоғалтулар:

Еңбек өнімділігінің азаюы, жабдықтың тоқтап қалуы немесе өндірістік қуатты толық пайдаланбау, жұмыс уақытын жоғалтулар, бастапқы материалдардың қажетті сапасының болмауы, материалдарды, шикізатты, отынды, энергияны артық шығындаудан материалдық шығындардың артуы; көлік шығындары, сауда шығындары үстеме және басқа қосалқы шығындары, еңбек ақының жоспарланған деңгейіне қарағанда жоғары болуы, еңбек ақы қорының жобадан артық шығындалуы.



Қаржы кәсіпкерлігіндегі жоғалтулар – бұл болжанбаған төлемдер, айыппұл төлеу, қосымша салық төлеу, ақша қаржы-
ларын және құнды қағаздар жоғалтуларына байланысты тікелей ақшалай зиян.

Уақытша қаржы жоғалтулар. Есеп шотты тоқтатып қою, қаржылардыуақытылы емес беру, қарызды төлеуді ұзартуға байланысты уақытша қаржы жоғалтулары болуы мүмкін.

Қаржы тәуекелінің деңгейін төмендету үшін түрлі әдістер қолданылады:

 әртараптандыру (диверсификациялау);

 таңдау және нәтиже туралы қосымша ақпараттар алу;

 шектеу (лимиттеу);

 сақтаңдыру (соның ішінде хеджерлеу).



Әртараптандыру – капиталдың немесе одан табыстың мүмкін жоғалтулар тәуекелін төмендету мақсатымен әртүрлі өзара байланысты емес салу объектілерінің арасында инвестициялық қаржыларды тарату.

Толық ақпарат құны - толық ақпарат болғанда қандай да бір сатып алудың күтілетін құны арасындағы айырма ретінде, ақпарат толық болмағанда күтілетін құнмен анықталады.



Шектеу - сатудың, қарыздың және т.б. шығындардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құрамы болып табылады.

Хеджерлеу - құнды қағаздар тәуекелдігіне байланысты қаржы операцияларының тәуекел жоюға немесе шектеуге мүмкіндік беретін кез келген әрекет сызбасы.

Жер сілкіну, сел, оба, өрт, апат, тонау түріндегі табиғи апаттар ең қиын болжанатындар санына жатады.

Тәуекелді анықтау үшін келесі әдістер қолданылады:

1) статистикалық

2) сараптық

3) құрама (комбинация).



Статистикалық әдістің мәні мынада, осы өндірісте орын алѓан жоѓалтулар мен пайда статистикасы зерттеледі, осы және басқа экономикалық қайтарылымы, алу шамасы мен жиілігі белгіленеді және және осы негізде болашаққа ең ықтимал болжам қарастырылады. «Қайтарылым» дегеніміз экономикалық рентабельдік немесе шығындардың тиімділігі, пайданың пайда алу үшін қажет шығындарға қатынасы ретінде есептеледі.

Сараптық әдіс тәжірибелі кәсіпкерлер немесе мамандардың көзқарастарын өңдеу жолымен жүзеге асуы мүмкін. Сарапшылар өз бағаларын жоғалтулардың әртүрлі шамаларының пайда болу ықтималдығы туралы мәліметтерін ұсынуы тиіс.

Босатылған және шиеленіскен тәуекел ықтималдығын сараптық бағалау немесе осы кәсіпорынның ең ықтимал жоғалтуларын жай бағалаумен шектелуге болады.

Тәжірибедегі ең қолайлы нұсқа тәуекелді анықтаудың статистикалық және сараптық әдісінен тұратын құрамда әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет