ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)



бет9/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

Коммерциялық немесе саудалық кәсіпкерлік деп тауар айырбастау және тауар-ақша қатынастарымен, тауарларды сату және сатып алу операциялары және келісім-шарттарымен байланысты айтады.

Сөздің тар мағынасында коммерция – бұл сауда. Коммерцияда тезірек табысқа жетуге болады. Алдын-ала шектелген кәсіпкерлік қызметтің бұл саласы белсенді, еңбекқор адамдардың еңбегінің арқасында жеке кәсіпкерлік түрінде қарқынды дами бастады.

Әдетте өндірістік қызмет фирма, кәсіпорынның рентабельді
лігінің 10-15 %-ын қамтамасыз ететін болса, коммерциялық қызмет 20-30 %, кейде одан да жоғары болады.

Тауарларға сұранысты анықтайтын коммерциялық кәсіп-


керлік өндірістік кәсіпкерлікті итеруші күш болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі мазмұнын сату-сатып алу операциялары мен келісім-шарттары құрайды.

Коммерциялық кәсіпкерлік кез-келген түрдегі тауарды іздеу, сатып алу, оның сақталуын қамтамасыз ету, тасымалдауды, сауда нүктесіне жеткізуді, тауарды сатуды және сатып алу кезіндегі, кейде тіпті сатып алушы тұтынушыға сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуді де қамтиды, мысалы, үйіне жеткізу, орналастыру, олқылықтарды жою.

Сондықтан да коммерциялық кәсіпкерлік сату – сатып алу, тауарларды ақшаға айырбастау, ақшаны тауарға айырбастау немесе тауарды тауарға айырбастаумен тікелей байланысты қызметтің барлық түрін қамтиды.

Коммерциялық кәсіпкерліктің негізін сату-сатып алудың тауар-ақша операциялары құрағанымен, коммерциялық кәсіпкерлікте, өндірістік кәсіпкерліктей, бірақ, аз көлемдегі факторлар мен ресурстар қатысады.

Коммерциялық келісім-шарт жасамастан бұрын нарықтың маркетингілік талдауын жасау қажет.

Жалпы түрде маркетинг коммерциялық кәсіпорын, фирма-
ның шаруашылық қызметінің барлық түрлерін басқару және ұйымдастыру жүйесін білдіреді.

Коммерциялық кәсіпорында маркетингті жүзеге асырудың маңызды шарты болып жоспарлау табылады.

Кез-келген коммерциялық келісім-шарт жалпы түрде сауда-делдалдық қызметтерді орындау үшін жұмысшыларды жалдау; тауарларды сату және сақтау үшін қажет ғимараттар, қойма, база, сауда нүктелерін сатып алу немесе жалдау; тағы сату үшін тауарды сатып алу; келісім-шартты қаржыландыру үшін несиеге ақша қорларын келтіру; делдалдық қызметтер атқаратын басқа ұйымдар мен тұлғалардың қызметіне төлемдер атқару; келісім-шартты жоспарлау, рәсімдеу және реттеу үшін қажет ақпаратты алу, сатып алушыға тауарларды сату, табыс алу, келісім-шартты тіркеу, салық төлеу және басқ.

Коммерциялық келісім-шарттың барлық маңызды шаралары өзара уақыт бойынша байланысады және мүмкін болған жағдайда операцияларды жүргізудің параллельдік – тізбектес әдістемесі қаралады.

Қорытындысында бизнес-план және әрекеттердің ұлғайтыл-
ған үйлестіруші жоспары жасалады. Егер келісім-шарт үлкен және ұзақ мерзімге арналса, жоспар-кесте мерзімін және атқарушыларын көрсете отырып жасау ұсынылады.
2. Коммерциялық кәсіпорынның тауар айналымының мәні, құрамы, құрылымы.
Тұтынушылық нарықта коммерциялық кәсіпорынның ком-
мерциялық қызметінің негізін тауарларды сату процесі құрайды. Бұл процестің экономикалық мәні кәсіпорынның тауар айналымын береді.

Коммерциялық кәсіпорынның тауар айналымы деп белгілі бір уақыт аралығындағы тауарларды сату көлемі түсіндіріледі.

Тауар айналымы өндірісті ынталандыратын тұрғындардың тауарға сұранысын қанағаттандыру деңгейі мен ауқымын сипаттайды, өндірістік кәсіпорындардың айналым капиталын тездетуін, біршама дәрежеде сыртқы экономикалық қатынастардың ауқымын анықтайды, сонымен қатар, ақша айналымын, бюджеттік түсімдерді және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерді анықтайды.

Коммерциялық кәсіпорындардың тауар айналымның көлемі олардың тұтынушылық нарыққа ену тереңдігін және оның бұл нарықтағы бәсеклестік жағдайын, ұзақ мерзімді болашаққа жалпы мүмкіндіктері мен экономикалық дамудың қарқынын анықтайды.

Коммерциялық кәсіпорынның тауар айналымы әртүрлі форма мен түрлерде жүзеге асырылады.

Коммерциялық кәсіпорында тауарларды сату олардың әрекеттерін талдау мен жоспарлауда пайдаланылатын үш негізгі көрсеткіштермен сипатталады.

Бірінші көрсеткіші – тауар айналымның жалпы көлемі (жекелеген түрлері бойынша тауарларды сату көлемі).

Екінші көрсеткіш – тауар айналымы құрамы оның жекелеген түрлері бойынша тауар айналымының жалпы көлемінің құрылымымен сипатталады.

Үшінші көрсеткіш - тауар айналымынан түсетін жалпы пайда.

Көтерме тауар айналымы екі нұсқада жүзеге асырылады: бір сауда кәсіпорында кәсіпорыннан тауарларды тура жеткізу немесе тауар биржасында өнімді жеткізуде келісім-шарттардың бекітілуі.

Тауар айналымын басқарудағы негізгі мақсат коммерциялық кәсіпорынның жоғары даму қарқынын қамтамасыз ету мен сатып алушылардың сұранысын қанағаттандырудан тұрады.

Коммерциялық кәсіпорынның коммерциялық қызметі тұтынушылық нарықта жүзеге асырылады, мұнда сату-сатып алудың заты болып тұрғындардың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған тауарлар мен қызметтер болады.

Әлемдік тауар нарықтары ұлттық нарықтардың жиынтығын құрайды. Олардың қатысушыларының арасындағы экономика-
лық қатынастардың негізі болып халықаралық еңбек бөлінісі саналады.

Қазіргі заманғы халықаралық нарық пен индустриалды дамыған елдердің тауарлық нарығы өткір монополиялық бәсеке, тұтынушы үшін күрес, өнімнің өркенді жаңалануын ынталандыру, оның сапасын, техникалық деңгейін жоғарылату байқалатын сатып алушы нарығы ретінде сипатталады.

Жабық нарық ретінде трансұлттық корпорациялар (ТҰК), яғни, халықаралық тауар айналымының жартысына жуығын құрайтын трансұлттық корпорациялардың ішкі корпорациялық жабдықтауларын айтады.

Соңында, саудада тауардың сауда-экономикалық мазмұ


ны мен келісім-шарттың коммерциялық шарттарын мұқият келі-
суді талап ететін кешенді объектілер, күрделі машиналар мен құрал-жабдықтар мен мәмілелер жасалынады.
3. Биржалық кәсіпкерлік.
Кәсіби кәсіпкерлік қызметтің басқа түріне қарағанда биржа-
лық кәсіпкерліктің бірқатар арнайы ерекшеліктері бар, бұл оны ерекше түрі ретінде бөлуге және ресми іс-тәжірибенің жеке бағыты ретінде жіктелуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, биржа (нем: Burse, лат.bursa-ымиян) делдалдық құрылымды білдіреді. Алайда олардың делдалдардан айырмашы-


лығы іс жүзінде бірде-бір кәсіпкердің онымен кеңеспей тұрмайтындығында.

Екіншіден, биржалар клиенттерге қызметтер көрсетеді – бұл оның басты қызметі.

Осыған байланысты, биржалар – бұл тауарлардың ірі партияларымен сату-сатып алу мәліметтері жүзеге асатын үнемі қызмет етуші, біртектес тауарлардың ұйымдық жағынан анықталған көтерме нарығы.

Сауда операцияларында делдалдың қызметін атқара отырып, биржалар тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың арасында байланыстың орнауына және биржалық сауданың көмегімен көтерме, бөлшек бағалардың қалыптасуына септігін тигізеді.

Бүгінде кәсіпкерлік қызметті биржалық қызметтің мәні мен принциптерін ескермей тиімді деңгейде жүргізуге болмайды.

Биржа көтерме сауданың ерекше ұйымдық қалпын білдіреді.

Әдетте әрбір биржа үшін не географиялық аймақпен (аймақтық әмбебап биржалар), не қызмет түрімен анықталатын мамандану тән. Олар келесі түрлерге бөлінеді:

1. Тауарлық биржа көтерме саудада әдетте тұрақты және нақты сапалық параметрлерге ие тауарлармен маманданады;

2. Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату-сатып алу бойынша жүйелі операциялар орталығы;

3. Валюталық биржа – алтын мен валютаны сату-сатып алу бойынша операцияларды жүзеге асыратын орын.

4. Еңбек биржасы жұмысшы көшіне деген қажеттілік пен оның ұсынысын есепке алуда маманданады.

Еңбек биржасы – мемлекеттік құрылым, жұмыс беруші мен жалдамалы жұмыс көші арасындағы делдалдық звено. Еңбек биржасының көмегімен мемлекет еңбек нарығына әсер етеді, мамандығын өзгерткісі келетіндердің еңбекке орналасу мәселелерін реттейді.

Еңбек биржасы әлемнің, елдің әртүрлі аудандарындағы жұмысшы көшінің сұранысы мен ұсынысын зерттейді, жастардың кәсіби бағытталуы сұрақтарымен айналысады.

Кәсіпкерлік саласында тауар биржалары көбірек маңызға ие.

Тауар биржасы – бұл сатып алушының үлгілерді алдын-ала қарамай және алдын-ала бекітілген тауардың ең төменгі партияларын ескермейтін көтерме тауар нарығының бір түрі.

Тауар биржасы – бұл стандарттар бойынша сатылатын (бидай, көмір, металл, мұнай, орман және т.б) белгілі тауарлардың үнемі қызмет етуші көтерме нарықтарының неғұрлым дамыған формасы. Мұндай биржалар көп жылдар бойы барлық экономикасы дамыған елдерде қызмет етеді.

Мысал ретінде Лондон (түсті металл), Ливер-
пуль (мақта), Сингапур (каучук) сияқты мамандандырылған тауарлық биржаларды айтуға болады.

Тауар биржаларында тауардың нақты жеткізушілерімен қарапайым сауданы өткізумен қатар фьючерлік мәмілелерде келісім жасау кеңінен тараған.

Мұндай келісімдер мәмілені бекіткеннен кейін белгілі бір уақыттан кейін келісім-шартта бекітілген баға бойынша тауар үшін ақша сомасын төлеуді білдіреді.

Тауар биржалары ашық және жабық түрде болуы мүмкін. Жабық биржаларда саудада тек брокерлер – сатушы мен сатып алушы арасындағы биржалық делдалдар, ал ашық биржада – қатысушылары да қатысуы мүмкін.

Биржалық опеациялардың түрі бойынша тауар биржалары нақты тауар биржасы және тек фьючерлік келісімдер өтетін фьючерлік биржалар болып бөлінеді.

Биржада барлық операциялармен биржалық брокерлер айна


лысады, яғни екі жақ – клиенттердің мәміле жасауына септігін тигізетін делдалдар айналысады.

Қор биржалары қызметінің тиімді өтуі үшін листинг маңызды орын алады, яғни бірқатар элементтерді енгізу, яғни листинг - бұл акция шығаратын және оларды қор биржасында биржалық тізімге айналым үшін ұсынатын компаниялар.

Қандай да бір компанияны биржалық тізімге енгізу бұл нақты инвесторлардың (аѓыл. Investor – салымшы) мүдделерін қорғау, яғни бағалы қағаздар биржасына «кездейсоқ» компаниялардың бағалы қағаздарының енуіне жол бермейтін, биржада бағалы қағаздарды сатып алатындар.


4. Фьючерлік және риэлторлік келісімдер.
Фьючерлік тауарлық келісім-шарт болашақта белгіленген баға бойынша берілген тауар көлемін сату немесе сатып алу құқығын иеленушіге береді.

Келісім-шарт тек сату немесе сатып алу құқығын білдіреді, бірақ тауара меншік құқығын бермейді.

Фьючерлік мәмілені жоспарлауда кәсіпкер қандай да бір тауарға баға жоғарылағанда, ол келісім-шартты сатып алуға тыры
сады, ол бұлай болмаған жағдайда – мұндай келісім-шартты сату-
ға тырысады.

Жедел мәміле деп те аталатын фьючерлік мәміле, яғни белгілі бір уақытқа анықталған мәміле. Осы есепке байланысты фьючерлік келісімді кейде қағаздық мәміле деп те атайды.

Алайда фьючерлік келісім-шарттар нақты тауарды алуды күтумен байланысты емес, келісім-шартта көрсетілген тауар бағасындағы айырмашылықты күтуге байланысты бекітіледі.

Фьючерлік мәмілелер биржадағы спекуляция үшін және тауар бағасының мүмкін өзгерістерінен сақтандыру үшін, яғни хеджерлеу үшін бекітіледі.

Риэлторлік (ағыл. Realtor – АҚШ-тағы жылжымайтын мүлікті сату жөніндегі агенттік). Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түріне жылжымайтын мүлікті сату, яғни риэлторлік бизнес жатады.

Осы бизнеспен айналысатын адамдарды риэлторлар деп атайды, олар делдал-маклерлерді жиі пайдаланады.

Риэлтордың қызметі жылжымайтын мүлік объектілерін сату, сатып алу, жалға беру, жалға алудан тұрады, яғни жер учаскелерін, ғимараттарды немесе тұрғын үй, өндірістік және офистік ғимараттар.

Риэлтор көрсеткен қызметі үшін комиссиондық формадағы сыйақы немесе нақты айтылған соманы алады.



Студенттердің өзін-өзі бақылауына арналѓан с±рақтар:
1. Коммерциялық Кәсіпкерліктің мәні неде?

2. Коммерциялық Кәсіпкерліктің өндірістік Кәсіпкерліктен айырмашылыѓы неде?

3. Коммерциялық мәміле баѓдарламасына қандай с±рақтар кіреді?

4. Коммерциялық кәсіпорынның тауарайналымының көр-


сеткіштерін сипаттаңдар.

5. Коммерциялық кәсіпорын сатып алушылардың с±раны-


сын қанаѓаттандыру үшін қандай шаралар орындау керек?

6. Тұтынушылық таурлардың жалпы рыногын жіктеңіз.

7. Биржалық Кәсіпкерліктің мәні неде?

8. Биржаның қандай түрлерін білесіз?

9. Тауар биржасы дегеніміз не, қандай қызметтер атқарады?

10. Тауар биржаларында µтетін мәміле формалары туралы айтыңдар.

11. Хеджерлеу дегеніміз не?

12. Фьючерлік мәміленің мәні неде?

13. БиржаДағы спекуляцияның ерекшелігі неде?

14. Опционѓа сипаттама беріњдер, оның экономикалық мәні неде?

15. Биржалық брокерлікті сипаттаңдар.

16. Листинг дегеніміз не?

17. Биржада бағалы қаѓаздармен қандай операциялар жасалады?

18. Фьючерлік мәміленің экономикалық мәні неде?

19. Риэлторлік дегеніміз не?

ТАҚЫРЫП 8. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК.


  1. Қаржылық кәсіпкерліктің мәні.

  2. Банктердің және қор биржаларының қызметі.

3. Салымдық (инвестициялық) компаниялар және қорлар.

4.Қаржылық қатынастар сферасындағы ынтымақтастық.

5. Аудиторлық кәсіпкерлік.
Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі болып қаржылық кәсіпкерлік (немесе қаржылық-несиелік) табылады. Қаржылық қызмет өндірістік және коммерциялық қызметтерге де кіреді, алайда ол жеке қызмет те бола алады: банктік, сақтандыру, аудиторлық қызмет, қор биржасы және тағы басқалары.

Қаржылық кәсіпкерліктің мәні, кәсіпкер ақшалай қаржы-


лардың иеленушілерінен ақшалай сомалар үшін кәсіпкерліктің негізгі факторын әртүрлі ақшалай қаржылар (ақшалар, шетелдік валюта, бағалы қағаздар) түрінде сатып алалатығында. Содан кейін сатылып алынған ақшалай қаржылар, нәтижесінде сатып алушыларға кәсіпкерлік табыс ретінде артық бағаға сатылады.

Несиелік кәсіпкерлік жағдайында кәсіпкер, салым иелену-


шілерге жарнаны кейін қайтаруда депозиттік пайыз түрінде сый-
лық төлеп, ақшалай салымдар тартады. Тартылған ақшалар содан кейін несие алушыларға депозиттік пайыздан артық несиелік пайызға қарызға беріледі. Депозиттік және несиелік пайыздар арасындағы айырмашылық кәсіпкер-кредиторлар табысының қайнар көзі болады.

Кәсіпорындардың бағалы қағаздарды шығару құқығын алуы қаржылық кәсіпкерліктің мүмкіншіліктерін неғұрлым көп кеңей-


теді. Егер, бұрын қаржылық-несиелік кәсіпкерлік іс жүзінде толықтай мемлекетпен монополияланған болса, енді оның қатысу
шылары тек коммерциялық банктер, кәсіпорындар ғана емес, сонымен бірге, жеке тұлғалар да бола алады, азаматтармен, бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге рұқсаты қазақстандық заңдылықтармен бекітілген.

Валюталық-қаржылық кәсіпкерлік табысты сауда-коммер-


циялық кәсіпкерлікке қарағанда ешқандай кем әкелмейді, бірақ кәсіпкерліктің, ақшалай қаржыларды салушылар және сатып алушылардың біліміне және тәжірибесіне неғұрлым үлкен талаптар қояды.

Қаржылық саладағы кәсіпкерлік бір жағынан делдалдық қызмет категориясына жатады, ал басқа жағынан - кез келген белсенділікті жүзеге асыру іс жүзінде мүмкін болмайтын қызмет көрсетуге жатады.

Қаржылық саладағы кәсіпкерлік банкирлер және қаржыгерлермен, банктердің, инвестициялық компаниялардың және қорлар қызметінің мекемелері мен ұйымдары жолымен жүзеге асырылады.
2. Банктердің және қор биржаларының қызметі.
Банк – ақша және бағалы қағаздармен, олардың әртүрлі түрлерін жүргізетін және үкіметке, кәсіпорындарға, адамдарға және бір-біріне қаржылық қызметтер көрсететін қаржылық ұйымдар мен мекемелер.

Банктер ақшаларды және бағалы қағаздарды шығарады, сақтайды, несиеге береді, сатып алады және сатады, айырбастай-


ды, ақшалай қаржылардың қозғалысын, ақшалар мен бағалы қағаздардың айналысын бақылайды, төлемдер мен есеп айырысулар бойынша қызметтер көрсетеді.

Қазақстанда екі деңгейлі жүйе құрайтын банктердің екі негізгі түрін бөлуге болады:

1. Орталық банк - ерекше құқықтармен негізделген еліміздің бас мемлекеттік банкі. Орталық банк еліміздегі ақшалай айналымды реттеуге, ақшалай эмиссияны жүзеге асыруға, несие және валюталық курсты реттеуге, коммерциялық банктердің қызметін бақылауға, ақшалай қаржылардың және алтынның резервтері мен қорларын сақтауға шақырады.

2. Коммерциялық банктер – көбіне банктік операциялардың кең шеңберін орындайтын, кәсіпорындарға, фирмаларға, ұйымдар, мекемелерге және тұрғындарға банктік қызметтер көрсететін мемлекеттік емес банктер.

Коммерциялық банктердің негізгі қызметі - депозиттер (салымдар) қабылдау және несиелер ұсыну, шоттар ашу, ақшасыз төлемдер жүргізу, үлестері бойынша ақшалар төлеу, бағалы қағаздарды, валюталарды сатып алу және сату, қызметтер көрсету.

Банктік істі ұйымдастыруда басты мәселе клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге апарады. Банктік құрылымдардың қызметінің маңызды сипаттамаларының бірі - банктік төлемдердің өтеу кезеңі.

Банктің негізгі функциясы- корпоративті клиенттерге (заңды тұлғалар) және жеке клиенттерге қызметтер көрсету. Банктер клиенттер үшін шоттар ашады, олар ағымдағы және шұғыл болуы мүмкін.

Ағымдағы шот депозитті, яғни салымды көрсетеді, қызметші клиентке қаржылық қызмет көрсету үшін банктер клиентінің тапсырысы бойынша басқа тұлғалардың үлесіне төлемдерді жүзеге асырады немесе клиентінің өзінің талабы бойынша осындай шотқа қабылданған қаржыны береді, сонымен қатар басқа төлеушілерден осындай клиенттің есеп шотына түсетін барлық қаржылар қабылданады.

Қаржылық кәсіпкерлікте банктерден басқа қор биржалары да маңызды рөль атқарады. Қор биржалары капиталдың мобиль-
ділігін (жинақтылығын) жоғарылатуға және активтердің нақты құнын айқындауға мүмкіндік жасайтын бағалы қағаздардың тұрақты қызмет көрсететін ұйымдастырылып рәсімделген нарық болып табылады.

Қор биржаларында бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жүргізіледі. Қор биржалары арқылы экономикаға ұзақ мерзімді салымдар үшін және мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаржыларды жұмылдырады.

Қор биржаларында акционерлік қоғамдардың акцияларын, облигацияларын, мемлекеттік займдар облигацияларын сатып - алу сату жүргізіледі.
3. Инвестициялық компаниялар және қорлар.
Инвестициялық компаниялар мен қорларға пайда табу, өзінің және бөтен капиталды ұлғайту және оларды өндіріске ең жоғарғы тиімділікпен инвестициялайтын қаржылық мекемелер жатады.

Инвестициялық компаниялар және қорлар екі түрге бөлінеді.

1. Салушылардың бар қаржыларын ұлғайту үшін жұмыс істеп тұрған өндірістерге капитал салу және осындай инвестициялар есебінен табыс алу үшін құрылған кәсіпорындар. Мұндай инвестициялық кәсіпорындарға нәтиже тәуелділіктің дәрежесін неғұрлым төмендететін тартылған қаржыларды бағыттау жолымен жетеді.

2. Капиталды ұлғайту және қандай да бір жобаларды кейін сату, оның ішінде аймақтық деңгейде құрылатын кәсіпорындар.

Инвестициялық кәсіпорындарға ұзақ мерзімді инвестиция-
ларды қаржыландыруға маманданған инвестициялық банктер де жатады.

Инвестициялық компаниялармен кәсіпқойлық қызмет мазмұны бойынша делдалдық құрылымның басқа түрі - трасттық (ағыл.аудар. – сену) фирмалармен байланысады.

Сенімділікпен басқаруда көбіне капитал ақшалай қалыпта қолданылады: сіз капиталды басқару бойынша міндеттемені жылына пайданың 10%-ін кепіл бола отырып қабылдайсыз, ал өзіңіз капиталды жылына 20%-пен саласыз. Мұндай жағдайда сіздің сенімді басқаруыңыздағы капиталдың 10% мөлшері – сіздің пайдаңыз болып табылады.
4. Қаржылық қатынастар саласындағы ынтымақтастық.
Қаржылық қатынастар саласында кәсіпкерлік серіктестік байланыстар факторингке және коммерциялық трансфертке апаруы мүмкін.

Факторинг (лат. factor- істейтін, жасайтын) кәсіпкер мен кәсіпкердің дебиторлық қарызын жоюды өзіне алатын фактор-фирма арасында белгіленетін өзара қатынастар жүйесі. Мұндай кәсіпкер тауар сатып алады, бірақ оны бірден төлей алмайды немесе кәсіпкерден қандай да бір серіктеске төлем туралы талабымен сатып алады (кәсіпкер тауарды жеткізуді жүзеге асырғанда, сатып алушы төлемді кейінге қалдырады).

Фактор-фирмалар рөлінде көбінесе банктер болады. Көптеген банктер қазіргі уақытта банктік топтарға айналады: олар тек қаржылық қызмет көрсетумен айналыспайды, ол клиенттерге кешенді қызмет, яғни құрылымында факторингтік, лизингтік, инжирингтік, консалтингтік конторлармен қызметтер жүзеге асырады.

Факторинг - бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, тұтыну
шылық, транспорттық, сақтандыру, несиелік және заңдылық қыз-
меттер көрсетулер жататын клиенттерге қаржылық қызмет көрсе-
тудің әмбебап жүйелері элементтерінің бірі.

Дебиторлық (ағылш.-Debit-қарыз) қарыз - бухгалтерлік құжаттарда көрсетілген шот бойынша қарыз. Мысалы, сіз өз серіктестеріңіздің біріне тауар сатасыз, ол төлемді үш айдан кейін жасайды. Демек, осы үш ай ағымында сіздің капиталыңыздың бөлігі жұмыс істемейді, ол ешқандай пайда әкелмейді. Алайда сіз бағадан 3% жеңілдікпен бұл ақшаны фактор - фирмадан ала аласыз, ол өз кезегінде үш айдан кейін серіктестен сізге жасалған жабдықтау үшін толық соманы алады.



Коммерциялық трансферт (лат. transfere - ауыстыру, аудару) халықаралық қатынастарда қолданылады және келісім баға бойынша тағайындалған мөлшерде ұлттық валютада серіктестердің бір-бірінен капиталды өзара алуды көрсетеді. Капитал сатушы елінің Ұлттық банкіге сатып алушының атына ашылған шотқа қабылданады. Мысалы, сіз АҚШ-тағы өзіңіздің серіктесіңізден көрсетілген шартқа сәйкес капитал алдыңыз. Енді сізде американдық банкте белгіленген сомаға жеке шотыңыз бар. Өз кезегінде сіз белгіленген сомаға қазақстандық банкте американдық серіктесіңізге шот ашасыз.

Енді сіз кез келген американдық фирмадан кез келген тауар сатып ала аласыз және төлемді американдық банктегі өз шотыңыздан төлей аласыз.

Осындай әрекетті Қазақстан аумағында сіздің амери-
кандық серіктесіңіз де жасай алады. Тауарды сатып алған соң, Қазақстанға сату үшін өткізуге болады.

Қазақстан аумағында шетелдік серіктес те осындай әрекеттерді жүзеге асырады.

Серіктестердің өзара қатынасының мұндай формасы халық

аралық банкаралық байланыстарда корреспонденттік шоттарды ашуда қолданылады. Мысалы, қазақстандық банк АҚШ-та дол-


ларда өзінің шотын ашады, ал өзінде теңгеде осы американдық банкте.

Мемлекеттер арасындағы қатынастарда коммерциялық трансферт немесе оның элементтері де қолданылады. Бұл көбіне несиеге немесе қаржылық көмекке негізделетін қаржылық қатынастар формалары үшін тән. Мысалы, Ұлыбритания Британдық Достық елдеріне қаржылық көмек көрсете отырып, бұл шешімге бөлінген қаржылар тек Ұлыбритания территориясындағы ағылшын фирмаларында тауарларды сатып алуда қолданылуына шарт қоя отырып апарады. Мұндай жағдайларға бөлінген қаржылар елден кетпейді және британ тауар өндірушілеріне жанама көмектің формасында қызмет етеді.


5. Аудиторлық кәсіпкерлік.
Аудит қызметтің арнайы саласына жатады.

Аудит компаниялардың қаржылық жағдайын тексеру және бақылау бойынша қызмет болып табылады. Аудитке мамандандырылған фирмалар (аудиторлық) немесе фирма-аудиторлар деп аталады (ағыл. Auditor-ревизор, қаржылық бақылаушы). Мұндай фирмалардың тексеру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын қызмет көрсетуші тұлғаларын аудиторлар деп атайды.

Қандай да бір фирманы аудиторлық тексеру тексерілетін фирманың басшылығының өтініші бойынша фирма – аудитормен жүзеге асырылады.

Кәсіпкерлік тәжірибеде мұндай әрекет сирек емес. Әдетте кәсіпорындардың қаржылық жағдайын тексеру үнемі бір мақсатпен – жетіспеушіліктерді айқындау және кінәлілерді анықтауда жүзеге асады.

Тексерілетін фирма үшін маман бақылаулық тексеру бағытында осы фирманың қаржыларын басқару компетенттілігі дәрежесі туралы пайдалар жасайды және қаржыларын басқарумен байланысты жағдайларды жақсарту бойынша кепілдеме береді.

Кейде аудиторлық тексерулер сот мекемелері шешімі бойынша жүргізіледі.

Фирма несие алуға өтініш жасағанда аудиторлық тексерулер жүргізу болжанады және несие беруші алдын ала аудиторлық тексеру жүргізу туралы міндетті шарт қояды.

Жоғарыда айтылғандардан кәсіпкерлік қызмет әртүрлі формаларда жүзеге асырылатынын көруге болады. Бұл формалар тауарларды өндіру және қызметтер көрсетуді тұтынушыларға жеткізуді тұтас жеткілікті тиімді процеске айналдыра отырып, бірін-бірі өзара толықтырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет