ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)


Шағын кәсіпорындарды қаржы-несиелік қолдауы



бет8/18
Дата09.06.2016
өлшемі1.77 Mb.
#124833
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

4. Шағын кәсіпорындарды қаржы-несиелік қолдауы.
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық жағдайының тұрақсыздығына және қаржылардың жетіспеушілігіне байланысты өздерін дамытудың ішкі ынталандыруынан, жаңа технологияны еңгізуден, өнім сапасын және қызмет көрсетулерді жоғарылатудан, ұзақ мерзімді инвестиция алудан, жаңа нарықты игеруден айырылып отыр.

Шағын кәсіпорындар жеке меншік қаржыларымен, туыстарының қаржылары және коммерциялық банктердің несиесімен қаржыландырылады.

Қазақстанда жеке меншік қаржылары шағын кәсіпорын-
дардың субъектілерін қаржыландыратын негізгі қайнар көзі болып табылады. Бірақта олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті қайнар көзі болып банктердің несиесі, мемлекеттік және халықаралық ұйымдардың мамандандырылған бағдарламасы табылады.

Қазақстанда екінші деңгейлі 47 банк жұмыс істейді. Олар жалпы несие саясаты негізінде шағын кәсіпорындардың субъектілерін несиелеу сызбасын жасап шығарды. Шағын кәсіпорын субъектілері банктен несие алу үшін бизнес-жоспар құруы қажет.

Шағын кәсіпорындардың несиелік қабілетін бағалаудың өз ерекшеліктері мен көрсеткіштері бар:

1. жеке меншік қаржыларымен қамтамасыз етілуі;

2. шикізатты жеткізу шартымен қамтамасыз етілуі;

3. дайын өнімдерді өткізу шартымен қамтамасыз етілуі;

4. жоспарланған табысты ішінде бөлу;

Бірінші үш көрсеткіш өндірістік сипаттағы кәсіпорындардың негізі болып табылады, ал төртіншісі өндірістік емес кәсіпорындарға жатады (сауда, делдалдық, медициналық, тұрмыстық, қызмет көрсету кәсіпорындары және т.б.).

Қызмет істеп түрған шағын кәсіпорындардың несиелік қабілетінің көрсеткіштері:

-өтімділік коэффициенті;

-орнын толтыру коэффициенті;

-жеке меншік қаржылармен қамтамасыз етілу көрсеткіші;

-шикізатты жеткізу шартымен қамтамасыз етілу көрсеткіші;

-табысты теңбе-тең бөлу көрсеткіші.

Шағын кәсіпорындар субъектілеріне берген несиені қайтарып алуды қамтамасыз ету ретінде кепілзат қолданылады.

Кепілзат нақты қамтамасыз ететін қолда бар нәрсеге негізделеді: материалды құндылықтар, бағалы қағаздар, валюталық құндылықтар. Сонымен бірге, кепілзат ретінде тек қана тез таратылатын құндылықтар ғана болады.

Кепілзаттың түрлері болып мүліктік кепілзат және құқық кепілзаты табылады. Клиенттің мүліктік кепілзаты - тауар - материалдық құндылықтар, дебиторлық шоттар, бағалы қағаздар, вексельдер, сол банктегі депозиттер.

Құқықтың кепілзаттық тиімділігі несие берушінің құқықтық қорғалғандығымен, кепілзатқа алынған заттың сапалығымен және қарыз алушының жалпы қаржы жағдайымен анықталады.

Несие беруді жылжитын және жылжымайтын мүліктерді кепілзатқа беру арқылы жүзеге асырады.

Несиелеу тек қана қызмет істеп тұрған, нақты ақшасы бар субъектілерге және құқықтық білімі жоқ жеке кәсіпкерлерге беріледі.

Кепілзат ретінде мыналар алынады: ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар, автокөліктер, халық тұтынатын тауарлар, жылжитын және жылжымайтын мүліктерге құқық, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары.

Несиелеу мерзімі 6-15 ай аралығын құрайды.

Несиелер жанар-жағармай, тұқым, тыңайтқыштар және басқа да айналым қорларын толтыруға бағытталуы мүмкін. Кепіл-зат ретінде жерді пайдалану құқығы, жылжитын және жылжымайтын мүліктер, өзара шартпен ресімделген болашақтағы өнімдер бола алады. Несие 6-12 ай мерзімге беріледі.

Несие сомасы 24 ай мерзімге 3,0 мың. $ дан 20,0 мың. $-ға дейін құрайды.

Несиелеудің шарты болып ай сайын негізгі қарызын және тең үлеспен проценттерін төлеу табылады.

Бұдан басқа жеке тұлғаларды теңге және валютамен микронесиелеу бағдарламасы бар. Несие сомасы 2-13 ай мерзімге 500$ ден 30,0 $-ға дейін валюта бойынша беріледі.

Халықаралық қаржы институты қарыз берудің маманданды-
рылған бағдарламасын жасап, несиелеуді жүзеге асырады. Азиялық Дамыту банкі қарыз алушыға ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын сатып алу үшін 5-жыл мерзімге жылына 11% ставкамен қарыз беруді қамтамасыз етеді және бірінші жылдан бастап процентін төлейді, ал негізгі қарызын процентін өтей отырып және жарты жыл сайын бөліп төлеп үшінші жылдан бастап төлейді (1 кыркүйек, 1 қазан).

Осының ішінде алынатын қарыздың 20% берілген жобаны тарату үшін қарыз алушының айналым қаржыларын несиелеу бағытына қарастырылған.

Дамыту және қайта құру Еуропалық Банкі жеке сектор желісі бойынша ірі көлемді жобаларды тікелей қаржыландыруды, орта және шағын кәсіпорындарды несиелеуді қамтамасыз етеді. Қаржыландыру несиелеу формасы ретінде, акционерлік капиталға қатысу ретінде жүзеге асырылады.
5. Шағын кәсіпкерліктің саласында лизингті пайдалану.
Қазақстан экономикасында шағын кәсіпкерлік үшін капитал-
дық ірі қайнар көзі болып ұзақ мерзімді жалдау (лизинг) бола алады.

Шағын кәсіпкерлік үшін ол құрал - жабдықтарды сатып алумен салыстырғанда негізгі қорларды қалыптастырудың арзан тәсілі болып табылады.



Лизинг - лизинг берушінің лизингтік шарт мерзімі ішінде жекеменшігінде қалатын жылжитын және жылжымайтын мүліктерді ұзақ мерзімге қолдануға беретін қаржылық операция.

Лизинг - үшінші жаққа мүлік сатып алатын және оған ұзақ мерзімді кезеңге жалға беретін мамандандырылған компанияларды делдалдыққа ала отырып, негізгі қорларды жұмсау арқылы қаржыландырудың айрықша формасы.

Лизинг ұзақ мерзімді несие, қаржыландыру және жалға беру элементтерінен тұрады.

Лизингтің объектісі болып өндірістік циклде жойылмайтын материалдық құндылықтардың кез келген түрі болуы мүмкін. Лизинг жылжитын және жылжымайтын мүлікке бөлінеді. Лизингтің субъектілері тікелей және жанама қатысушыларға бөлінеді.



Тікелей қатысушыларға:

 лизингтік фирмалар мен компаниялар.

 өндірістік сауда және транспорттық кәсіпорындар;

 келісім жасасқан объектілердің жабдықтаушыларға өндірістік және сауда компаниялары.

Лизингтің екі түрі бар:

1) оперативті (шұғыл)

2) қаржылық.

Лизинг алушы лизингтік шарт мерзімі аяқталған кезде мына-


ларға құқығы бар:

Тиімді жағдайларға қарай шарт мерзімін ұзарту;

Лизинг берушіге жабдықтарын қайтару;

 Лизинг берушіден жабдықтарды нарықтық құнымен сатып алу.

Оперативті лизингте лизингтік компания нақты жалшыларын білмей тұрып, алдын - ала жабдықтарды сатып алады және өзі жалға берілетін мүлікті сақтандырады, оның техникалық қызмет көрсетілуін және жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді.

Қаржылық лизинг - бұл жабдықтардың толық амортизация-


лық құнын, қосымша шығындарын және лизинг берушінің пайдасын лизингтік төлемдерді қарастыратын келісім.

Оның негізгі белгілері болып мыналар табылады:

 үшінші жақтың қатысуы (айырбас объектісінің жабдықтаушылары және өндеушілері);

 Жалға берудің негізгі мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг алушы келісім жасасқан объектіні қалдық құнымен сатып ала алады, жеңілдік ставкамен жаңа лизингтік келісім бекіте алады немесе шарт жасасқан объектіні лизингтік компанияға қайтарып береді.

Лизингтік келісім құны жалға берілетін мүліктің сатып алу құны мен келісім шартты бекітуімен байланысты әкімшілік шығындарының қатынасымен анықталады.

Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру құралы ретінде лизинг-


тік операиялардың тиімділігі былайша анықталады:

 Лизинг алушы құрал-жабдықты пайдалануға алғанда оның құнынан 20%-ін ғана төлейді;

 Бірден өндірістік циклды бастап кетеді және өндірістен пайда алғаннан кейн лизингтік төлемдерді төлеуді жүзеге асырады;

 Лизинг бойынша берілетін мүліктің құны сатушы кәсіпорын мүлігінің құнынан азғана айырамшылығы бар;

 Лизингтік фирмаларға салық жеңілдіктері беріледі, сондықтан лизингтік төлемдердің негізгі үлесін амортизациялық аударымдар құрайды, ал лизингтік компаниялардың алатын сый ақысы төмен болады.

Лизингтік келісім жасаған кезде екі жақ өзара қарым-қатынасқа түседі; соның ішінде лизинг беруші мен лизинг алушы (пайдаланушы) және олардың өзара келісім бекітуі ерекеше келісу түрінде өтеді.

Жабдықтаушы өзінің өнімдерін таратылуын кеңейтуге мүмкіндік алады, лизингтік фирма мүліктерін жалға беру арқылы табыс табады. Шағын кәсіпорындар (лизингалушы) айналымдарынан меншіктік қаржы ресурстарын пайдаланбай, несие алу арқылы өздерінің өндірістік қуатын жаңартуға мүмкіндік алады.
6. Шағын кәсіпкерлікте франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Шағын кәсіпкерлік субъектілердің іс-әрекеттерін қаржылан-
дыру құралы болып франчайзинг (franchise -жеңілдік, еркіндік) табылады.

Франчайзинг мазмұны келесідегідей: басты, көбінесе ірі, атақты және қатардағы тұтынушыға белгілі, бас фирма (франчай-


зер) ұсақ кәсіпорынмен (франчайзм) оған нақты бір тауар шығаруға және таратуға құқық беруге, сонымен бірге нарыққа, берілген бас фирманың сауда маркасымен қызмет көрсетуге шарт анықтауға болады. (Бұл форма 1950-ші жылдары американдық автомобиль және мұнай компнаияларда қолданылған). Көбінесе бас фирма персоналдарды жеткізуді өз міндеттемелеріне алады, басқару жүйесін реттеуге ұйымдастыруда ісіне көмектеседі. Фирма - франчайзер өзінің франчайзіне несие беру, кепілдікке алу және кепілдік айналымының 2-10 %-ін құрайтын табыстың бөлігін төлей отырып, франчайзи ірі компаниялардың қаржылық және техникалық көмегін сатып алады.

Шағын кәсіпорындар франчайзи көмегімен өз ісін тез ашып ала алады, ол бас фирманың тұрақты қолдануымен оны құру кезінде болатын бірінші сатысындағы проблемаларды жеңе алады.

Заңда франчайзингтік қатынастардың субъектілеріне және негізгі түсініктеріне түсіндірулер берілген, шартқа қатысушы-
лардың міндеттемелері мен құқықтары баяндалѓан, франчайзинг-
тік түрлері және басқа да қажетті ережелер келтірілген.

Франчайзингтің басты ерекешелігі, ол басқа кез келген жүйеге қарағанда шағын кәсіпкерліктің тез дамуына көмектеседі.

Франчайзинг - дамытудың тексерілген жүйесі және тиімділігі бойынша онымен ешқандай басқа жүйе қарама-қарсы келе алмайды.

Студенттердің өзіњ-өзі тексеру тессеру с±рақтары:
1. Шағын Кәсіпкерлік т‰сігіне анықтама беріњіз?

2. Шағын Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұныы неден тұрады?

3. Шағын Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатының мазмұныы?

4. Шағын Кәсіпкерлік үшін мемлекет қандай жеңілдіктер белгіленген?

5. Тғуелсіз жұмыскөшін жұмысқа орналастыру үшін Шағын Кәсіпкерліктің ерекешелігі неде?

6. Қазақстанда Шағын Кәсіпкерліктің қандай әлеуметтік мәселелері бар?

7. Шағын кәсіпорындарының несиелік қабілетінің көрсет-
кіштерін келтіріњіздер?

8. Құқық кепіл заты және мүлік кепіл заты дегеніміз не?

9. Банк жеке тұлғаларѓа несиені қандай мақсатқа береді?

10. Сіз несиелеу баѓдарламасын ғске асыратын қандай халы-


қаралық қаржылық институттарын білесіздер?

11. Лизинг дегеніміз не? Оның мазмұныы

12. Лизинг түрлеріне сипаттама беріњіздер?

13. Қазақстанда лизингті дамыту қажеттілігінің шарты неде?

14. Лизинг тиімділігінің қорытындысы неде?

15. Лизингтік шартқа қандай ережелер көрсетіледі?

16. Лизингтік операцияларды жүргізу кезінден қандай этап-
тар жүзеге асырылады?

17. Франгчайзингке түсініктеме беріњіздер? Оның мәні неде?

18. ҚР- ѓы қандай франчайзингтік қатынас принциптерін білесіз?

19. ҚР-ѓы франчайзингтік қатынастарды мемлекеттік қолдау-


дың қандай шараларын білесіз?

20. Франчайзинг қандай жеңілдіктер ұсынады



ТАҚЫРЫП 6. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК КӘСІПКЕРЛІК.
1. Өндірістік кәсіпкерліктің мәні.

2. Өндіріс факторлары.

3. Қаржылық қорларға қажеттілік және оларды есептеу.

4. Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижелілігі.
Кез-келген кәсіпкерлік қызмет қандай да бір дәрежеде өндіріс циклының негізгі фазалары - тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіру, тауарларды айырбастау және бөлу, оларды тұтынумен байланысты. Қабылданған жіктеу бойынша кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлері қабылданған: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және кеңес берушілік (консалтинг) және т.б. кәсіпкерлік.

Өндірістік кәсіпкерлік деп негізін материалдық, сондай-ақ интеллектуалды, рухани өндіріс құрайтын кәсіпкерлікті айтады.

Өндірістік кәсіпкерлік бизнестің ең күрделі, қиын, қоғамға қажетті түрі болып саналады. Сондықтан өндірістік кәсіпкерлі-


лікке басқа түрлерге қарағанда көп назар аударылмайды.

Көптеген адамдардың ойынша өндірістік кәсіпкерлік бизнеспен тенелеспейді. Бизнес өндіріспен өте тығыз байланысты.

Өндірістік бизнес болмаса, сауда бизнесі материалдық, заттық негізін жоғалтушы еді, тек импорт тауарларын саудалау ғана мүмкін болушы еді.

Мұндай кәсіпкерліктің басты, анықтаушы бөлігі болып өнімді, тауарды, жұмыстарды, ақпаратты, рухани (интеллектуалдық) құндылықтарды өндіру, кейіннен сатып алушылар мен тұтынушыларға өткізу табылады.

Өндірістік кәсіпкерлік жағдайында оны жүзеге асырушы кәсіпкер міндетті түрде оны жөндеп, өндірісті жүзеге асыруы керек, бұл оның негізгі қызметі болып табылады.

Жіктелу түрі бойынша өндірістік кәсіпкерлікке келесідей түрлері жатады: инновациялық, ғылыми-техникалық, тауарлар өндірісі, қызметтер көрсету, тауарларды өндірістік тұтыну, қызметтерді өндірістік тұтыну, ақпараттық.

Өндірістік қызметпен айналысуға бет бұрған кез-келген кәсіпкер, ең алдымен, ол қандай тауар түрін өндіретінін, қандай қызмет түрлерін көрсететінін анықтап алу керек.

Содан кейін кәсіпкер маркетингілік зерттеулерге бет бұрады. Тауарларға деген қажеттілік пен сұранысты анықтау үшін ол нақты тұтынушылармен, тауарды сатып алушылармен, көтерме және бөлшектік ұйымдармен байланысқа шығады.

Өндірістік кәсіпкерлік көбінесе заңды түрде ресімделген кәсіпорынды, фирманы құру қажеттілігімен байланысты. Ол үшін жер учаскелері, өндірістік алаңдар, ғимараттар, өндірістік кәсіпкерлікті табысты жүргізуге қажет барлық факторлар мен ресурстар қажет болады.

Әрине өндірістік кәсіпкерліктің өсуіне кедергі тигізетін бірқатар жағдайлар да бар, негізінен, ішкі қоздырушылар мен бастаушы кәсіпкерлер квалификациясының әлсіз деңгейі, қиыншылықтардан қорқу, өндірістік қызмет беделінің төмен болуы, табысқа ие болудың неғұрлым мүмкін жолдарының мүмкін болуы.

Сонымен қатар, бүгінгі күні өндірістік кәсіпкерлік жаңа бастап келе жатқан кәсіпкерге сәттілік, табыс пен пайданы қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты, өндірістік кәсіпкерлік – бұл тек өнеркә-


сіптік және ауылшаруашылығы өнімдерін, өндірістік-техникалық бағытта немесе тұтынушылық тауарларды ғана шығару емес. Бұл сонымен қатар құрылыс жұмыстары, жүктер мен жолаушыларды көліктік тасымалдау, байланыс қызметі, ақпарат, білім өндірісі, кітап, журнал, газет және басқа да өнімдер шығару.
2. Өндіріс факторлары.
Өндіріс факторларына кіретіндер: өндірістік қорлар, жұмыс күші, ақпарат. Өндірістік қорлар өз кезегінде негізгі және айналымды болып бөлінеді.

Негізгі өндірістік қорларға (еңбек құралдары) ғимараттар, құрылғылар, өткізгіш қондырғылар, күш машиналары және жабдықтар, жұмыс машиналары, өлшеу және реттеу құралдары мен қондырғылары, лабораториялық жабдықтар, есептегіш техникалары, транспорт құралдары, бейімдеуіш құралдары, басқа негізгі қорлар кіреді.

Негізгі өндірістік қорларға өндірістік цех, зауытты басқару, ғимараттары, лабораториялар және т.б. жатады.

Құрылғыларға кәсіпорын, фирма, көпір, мұнай орындары, көмір кендерінің аймақтары маңындағы аумақтар кіреді.

Өткізгіш қондырғыларға негізгі көш кабельдері, электро-
бағдарлама желілері, әртүрлі құбырлар, мұнай-газ құбырлары жатады.

Күш машиналарына әртүрлі двигательдер, турбиналар, бу котелдары жатады.

Негізгі өндірістік қорлардың маңызды элементі – жұмыс машиналары мен жабдықтар.

Негізгі қорлардың бұл бөлігі шартты түрде активті (белсенді) бөлігі деп аталалады, өйткені машиналар мен жабдықтарда өнім міндетті түрде дайындалады.

Айналым өндірістік қорларын (еңбек заттары) шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және энергетикалық ресурстар, ыдыс және ыдыстық материалдар, бағасы төмен және тез тозатын құралдар мен өндірістік инвентарь, жөндеуге қажет қосалқы бөлшектер. Сондай-ақ, бұған сатып алынатын құрастырушы бұйымдар мен жартылай фабрикаттар, болашақ кезеңнің шығындары кіреді.

Материалдар – бұл өңдеудің белгілі бір кезеңдерінен өткен және дайын, аяқталған өнім дайындау үшін өндіріске қатысатын еңбек заттары.

Құрал немесе инвентарды айналым қорына екі белгісі бойынша: құны және қызмет мерзімі бойынша жатқызады.

Егер құны бойынша құрал немесе өндірістік инвентарь негізгі қорға сәйкес келмесе және қызмет мерзімі бір жылдан аз болса, оны негізгі айналым қорларына жатқызады.

Жартылай фабрикаттар – бұл кәсіпорынның, фирманың басқа цехында немесе басқа кәсіпорында дайын өнімге дейін өңдеуден өтуге тиіс аяқталмаған өнім.

Аяқталмаѓан өндіріс те аяқталмаған өнімді білдіреді, бірақ жартылай фабрикатқа қарағанда аяқталмаған өндіріс әдетте жұмыс орнында болады және ол өңдеуге кәсіпорынның басқа білімшесіне берілмейді.

Болашақ кезеңнің шығындардың негізгі міндеті – жаңа өнімді игерудің бастапқы кезеңдерінде жоғарылатылған шығындарды қамтамасыз ету. Кейіннен белгілі бір уақыт аралығында бұл шығындар өндіріс шығындарына қатыстырылады.
3. Қаржылық қорларға қажеттілік және оларды есептеу.
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары – бұл кәсіпорынның қаржылық міндеттерін орындау үшін қажет ақша табыстары мен түсімдерінің жиынтығы.

Қаржылық ресурстар көлемін есептеу қажеттілігі өндірістің тиімді құрылымы, материалдық және қаржылық ресурстардың теңдігін анықтаумен байланысты.

Қаржылық ресурстар құрылымы оның құралу көздерімен анықталады.

Оған:


- өзінің және оған теңестірілген қорлар;

- қаржы нарығында ресурстарды мобилизациялау;

- бөлу тәртіп бойынша қаржылық-банктік жүйеден ақша қорларының түсуі.

Кәсіпорын деңгейінде қаржылық ресурстар мµлшерін қажетті капиталдық салымда жүзеге асыру мүмкіндіктері, барлық қаржылық міндеттерді орындау, әлеуметтік мазмұныдағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету анықтайды.

Қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдаланылуы 2 формада жүзеге асырылуы мүмкін: қорлық және қорлық емес.

Мысалы, қорлық пайдалану – еңбекақы қоры, қорлық емес – бюджет және банктер алдындағы төлемдік міндеттемелер.

Қаржылық жүйеде келесідей ұғымдарды ажырата білу керек: капитал, ақша қорлары, қаржылық ресурстар мен ақша қорлары.

Капитал – бұл өндіріске салынған және айналымды аяқтаудан табыс әкелетін қаржылық ресурстар бөлігі.

Ақша қорлары – қаржылық ресурстарға қарағанда анағұрлым кең ұғым. Қаржылық ресурстар бұл кәсіпорынның айналымдағы ақша қорларының бөлігі.

Қаржылық ресурстар - жаңадан құрылған құнның ақшалай көрінісі.

Ақша қорлары – бұл ақша ресурстарының бөлігі ғана, олар неғұрлым тұрақты және мақсатты бағыттағы қорлар түрінде қалыптасады.

Ақша қорлары мен қаржылық ресурстарды қалай ажыратады: өнімді сатудан түскен түсімнің жалпы сомасы – ақша қорларының мөлшері; бұл табыстан барлық шығындар мен есептеулерді алып тастағаннан кейін қалдық табыс – қаржылық ресурстар қалады.

Кез-келген кәсіпорын жұмысының тиімділігі қаржылық ресурстарды ұйымдастыру.

Өзіндік қорлардың жеткілікті көлемі ғана кәсіпорынның дамуын қамтамасыз етіп, оның тәуелсіздігін нығайтады, сондай-ақ кәсіпорынмен байланысты әріптестердің, жабдықтаушылардың, клиенттер мен несиелердің сенімін ұлғайтады.

Бұл жағдайда кәсіпорын өміріндегі займдық қорлардың рөлін төмендетуге болмайды.

Және де акционерлік тәуекелділікті төмендете отырып құрылтайшылар арасында, бұл меншік иелері мен несие берушілер арасындағы шиеленісті ұлғайтады.

Мұндай қарама-қайшылық меншікке деген әртүрлі қарым-қатынастан туындайды.

Біріншіден, жетекшілер кәсіпорын табысындағы өз үлесін ұлғайтуға бейім.

Екіншіден, кәсіпорынға өзінің интеллектуалды капиталын бере отырып, жетекшілер кәсіпорын табысының өзгермелілігіне неғұрлым жауап бергіш болады және неғұрлым аз тәуекелді.

Үшіншіден, жетекшілер жұмысын көкжиегі олардың кәсіпорындағы жұмыс уақытымен шектелген, бұл олардың қысқа мерзімді жобаларды қажет етуіне әкеледі.

Нақты кәсіпорын үшін займдық және өзіндік қорлар арасындағы арақатынас заңмен бекітілген ликвидтілікпен шектеледі.

4. Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижелілігі.
Кәсіпкердің өндірістік қызметінің нәтижесі болып өнімдер мен жұмыстарды сату, сатып алушыға, тұтынушыға қызмет көрсету және нақты ақша сомасы табылады.

Пайда кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің түпкі қаржылық нәтижесі болып табылады және жалпы түрде өнімдерді сатудан түскен табыс пен сатылған өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылықты білдіреді.

Экономикалық категория ретінде пайда кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты білдірсе, тауар – ақша қатынастары жағдайында кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда түрінде болады.

Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретінде пайда кәсіп-


орынның, тұтас мемлекеттің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан да кәсіпорынның жалпы (баланстық) пайдасының мөлшерін анықтау маңызды.

Жалпы пайда барлық түрлері бойынша жеке жоспарланады:

- Тауарлық өнімді сатудан түскен пайда;

- Басқа өніммен тауарлық емес мазмұныдағы қызметтерді сатудан түскен пайда;

- Негізгі қорлармен басқа мүліктерді сатудан түскен пайда;

- Сатудан тыс табыстар мен шығындар пайдасы.

Жалпы баланстық пайда бұл кәсіпкерде өнім өндірісімен сатудағы барлық шығындарды төлегеннен кейін, барлық салықтарды төлегенге дейін ақша сомасын білдіреді. Кәсіпорынның жалпы табысының негізгі бөлігін тауарлық өнімді сатудан алады. Жалпы пайданың құрамына басқа да өнімдермен тауарлық емес мазмұныдағы қызметтерді сатудан түскен пайдасы, шығыны кіреді.

Жалпы пайданың құрамына, сондай-ақ, сату бағасы мен қалдық құн арасындағы айырмашылық ретінде есептелетін негізгі қорлармен басқа да мүліктерді сатудан түскен пайда (шығын) кіреді.

Жалпы пайда салық салу табысын анықтаудың негізі болып табылады.

Таза пайда жалпы пайдадан салықтарды, есептеулерді, әртүрлі төлемдерді, айып-пұлдарды, алымдарды алып тастау арқылы анықталады және кәсіпкер қызметінің соңғы қортындысы болып табылады.

Таза пайда кәсіпорынның қарамағында қалады және кәсіпкерлік қызметтің әрі дамуына бағытталады.

Таза пайда кәсіпорынның өндірістік дамуын қаржылан-


дыруға, тұтынушылық және әлеуметтік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға, әлеуметтік – мәдени саланы қаржыландыруға, еңбек ақы қорына жоғары жалақы бөлуге және басқа мақсаттарға бағытталады.

Таза пайданың бөлігі қайырымдылық көрсетуге, театр ұжы-


мына көмек беруге, көркемдік көрмелерді ұйымдастыруға бағыт-
талуы мүмкін.

Алайда таза пайданың барлық бөлігін кәсіпорын өз бетінше пайдалана бермейді. Таза пайда есебінен салықтармен алымдардың кейбір түрлері, мысалы кәсіпорын мүлкін, салық, сауда құқығы үшін алымдар төленеді.

Таза пайдадан қоршаған ортаны ластаудан сақтайтын талап-
тарды, санитарлық нормалар мен ережелерді сақтамаудан айып-
пұлдар төленеді.

Кейбір кәсіпорында таза пайданы пайдаланудың басқа да варианттары қолданылады, атапайтқанда, таза пайда келесі бағыттар бойынша бөлінеді: жинақтау қоры; тұтыну қоры; резервтік қор; әлеуметтік сала қоры; валюталық есептеулер қоры; құрылтайшылар арасында бөлінетін пайда; бөлінбеген пайда және тағы басқа.

Бөлінбеген пайда кәсіпорынның жарғылық капиталына қосылады.

Кәсіпкердің қызметінің жалпы қаржылық бағасын рентабельдік көрсеткішімен анықтайды.

Рентабельділік – бұл ресурстардың қолданылу дәрежесі мен шығындардың деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатысты көрсеткіші.

Рентабельдідік коэфиценттері кәсіпорын қызметінің тиімділік дәрежесін көрсетеді.




ТАҚЫРЫП 7. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ КӘСІПКЕРЛІК.


  1. Коммерциялық кәсіпкерліктің мәні.

  2. Коммерциялық кәсіпорынның тауар айналымының мәні, құрамы, құрылымы.

3. Биржалық кәсіпкерлік.

4. Фьючерлік және риэлторлік келісімдер.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет