ҚҰрманбаев с. К., Аділбеков м. Т. КӘсіпкерлік (оқулық)



жүктеу 3.08 Mb.
бет7/18
Дата09.06.2016
өлшемі3.08 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Нақты баға - бұл келісім шартқа қол қою кезінде туады. Ол жүзеге асу мерзімінде ешқандай өзгеріске ұшырамайды.

Жылжымалы баға - бұл кеісім шартқа қосымша түсінік арқылы қол қою кезінен басталады, белгіленеді. Бағаның тµмендеу немесе жоѓарлау кезінде келісім шарт бағасы осыѓан сғйкес өзгеріп отырады. Мұндай жағдайда міндетті түрде ақпарт көзі бағаның ауытқуын көрсетіп отырады.

Айнымалы баға - бұл баға келісім шарттың орындалу уақы-
тында анықталады, соның ішінде келісім шарттың шыѓын есебі саналады. С±ндай жағдайларда бағаның негізі қосымша түсінік бойынша негізгі баға төлем есебі әдісінің қолданылуы тұрғысында белгіленеді.

Баға деңгейін анықтауда айқындалѓан бағалардың және шыѓын есебін міндетті түрде ескеру қажет.

Кµбінесе анықтамалық бағалар жарыққа шыѓады: биржалық баға белгілеу, аукционДағы бағалар, жеке мәміле бағалары, ірі нормалар ұсынысының бағалары жатады.

Келісім шарттың нақты келісім бойынша сатушы әр түрдегі жеңілдікке қол жеткізуі қвжет (саны үшін, белгіленген мерзім аѓымынДағы айналым үшін-бонусты, экспорттық шегерім, мау-


сымдық шегерім, жабдықты сатуДағы баға шегерімі, бұрынѓы қолданыстаѓы заттардың бағасына жеңілдік т.б.).

Осымен бірге сыйлық және айыпп±лдық төлемдері қоса ескерген жµн. Соның ішінде тауардың сапасына байланысты (жақ-


саруы, нашарлауы) сұранымның жедел орындалуына байланысты т.б.

8. Төлемнің мерзімі және шарттары. Келісім шарт нақты төлемдердің мерзімімен түрін бекітуі қажет. ¤мірде жиі төлемдердің мерзімімен түрін бекітуі қажет. ¤мірде жиі кездесетін ақшалай төлем немесе осы ‰ш әдістің қ±рлымына байланысты төлемдер.

9. Есеп айырысу түрлері. Коммерциялық мәмілелерде нақты ақшалар тура есеп айырысу үшін жиі қолданылмайды, Мұндай жағдайѓа қолданылатын инкассалық және аккередивті түрлер.

Есептесудің инкассалық түрі деп сатып алушыдан алынѓан төлемнің бағасын және оѓан сғйкес тауар қ±жаттарын көрсету арқылы өзінің банкііне тапсырма беру.

Есептесудің аккредивті түрі-бұл міндеттеме бан н±сқауы бойынша жүрігіледі және сатушының қ±жаттар көрсеткен банксі-
не қарсы жеткізілген тауарлар құнының сапасына сатып алушы есебінен сатуш ыѓа төленген төлем.

10. Талап ету бұл бапта кез келген жақтардың наразылыѓн көрсету тәртібі анықталады, соның ішінде мәмілеге қатысушылар, келісім шарттарын орындамаѓандар да кіреді.

М±ның ең қажетті қ±жат түрлері (акт бекіту), іс барысында анықталѓан сғйкессіздік жазылады (мерзімде, сапасында т.б.). Сонымен бірге кінғлі жаққа бағытталѓан наразылық және санкциялар мерзімі белгіленеді.

11. Кепілдіктер-бұл сатушының белгілі бір кепілдеме кезінде тауардың сапсына жауапкершілігі.

Келісілген арнайы білім бойынша қосалқы бөлшектер жиын-
тығын жеткізу алдын-ала маңызды түрде қарастырылады. Соны-
мен қатар жабдықтарды кепілді кезеңінен кейін жеке бағалары немес еңбегі үшін қызмет көрсету мүмкіндігі.

12. Қарсы тұруѓа келмейтін көштер жағдайы (форс-мажор). Бұл бапта егер келісім шартқа қол қойѓаннан кейін Мұндай жаѓ-


дай тµнетін болса және әр жақтан ешқандай қатыссыз түрде болса, онда кейбіреулер келісім шарттың жүргізілу мерзімін өзгертуі мүмкін немесе қызыѓушылық білдірген екі жақтың жауапкер-
шілігі міндетін тоқтатып тастайды. Бұларѓа жататындар: µрт, жол апаты, топан су, табии апат, эмбарго- мемлекеттік биліктің тиым салуы т.б.

13. Тµрешілік. Бұл бап кейбір даулардың шешім тәртібін белгілейді, соның ішінде кейбір мәмілеге µатысушылардың өздерінің өзара реттелу тәртібін қадаѓалайды. Кәсіпкерлер келі-


сімде көрсетілген барлық білімдердің орындалуын бұлжытпай µткеруі қажет. Осындай сақсатқа әрбір жақ келісімде қаралѓан мүліктік санкция бойынша міндеттеменің б±зылуына көш қолдануын болады. Б±дан басқа келісім шарттарының орындал-маѓан жағдайында қарастылѓан заңдылықтарѓа с‰йене отырып кәсіпкер (біәр жақтың) міндеттемені орындамаѓаны үшін келтіріл-
ген залалы үшін екінші жаққа талап қоюына толық құқыѓы бар.
ТАҚЫРЫП 12. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК.
1. Мемлекеттік кәсіпкерліктің мәні және міндеттері.

2.Экономикадағы мемлекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары.

3. Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту тиімділігін арттыру жолдары.
Кәсіпкерлік экономиканың мемлекеттік және жеке секторында жүзеге асуы мүмкін. Осыған сәйкес мемлекетік және жеке кәсіпкерлікке бөлінеді.

Бұл жағдайда жіктеу негізіне кәсіпкерлік функцияны жүзеге асыруға меншік құқығы алынады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік - мемлекеттік меншік негізіндегі экономикалық - өндірістік қызмет. Мемлекеттік капитал биліктің заң және орындаушы бағыттары арқылы мемлекет тарапынан басқарылады. Кәсіпорынның әртүрлі нысандары құрылады және олардың шаруашылық - әлеуметтік қызметі басқарылады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің қызмет етуі экономикалық және саяси сипатта болады.

Мемлекет кәсіпкерлікпен ел халқының өкілі және қоғам атынан әрекет ететіндіктен айналысады, оның қызығушылығын қорғауға мәжбүр болады. Ол осы елдің болашаққа дамуы үшін мемлекеттік кәсіпорындарды құрудан көрінеді.

Мемлекеттік кәсіпорын жеке және мемлекеттік сектор арасында экономикалық билікті қайта бөлу, әлемдік нарықта ұлттық өндірушілердің бәсекелес позициясын нығайту, болашақтағы экономиканың дамуы үшін саланың дамуына ықпал ету, еңбекпен қамту және экономиканы тұрақтандыру мақсатында құрылады.

Мемлекеттік кәсіпорын қызметі жеке коммерциялық фирма қызметінен ерекшеленеді. Ең негізгі ерекшелігі көптеген мемлекеттік кәсіпорындар өз алдына пайданы ең жоғары деңгейге жеткізуді негізгі міндет ретінде қоймайды, өз қызметінің қаржы тұрғысын саяси және әлеуметтік мақсатқа бағындырады.

Мемлекеттік кәсіпорындар жеке компанияларға қарағанда мемлекеттен көп артықшылықтар алады. Оларға субсидиялар мүмкіндігі, импорттық шектеулерден босату, экспортты субсидиялау, оларға шектеуші заң актілерінің қолданылмауы т.б. жатады.

Жеке кәсіпорындардың басты міндетті ең жоғары пайданы қамтамасыз ететің деңгейде өндірісті ұйымдастыру. Мемлекеттік және аралас кәсіпорындар үшін пайданы жоғарылату екінші орынға қойылады.

Мемлекеттік кәсіпорындар пайданы жоғарылату стратегиясын жүзеге асыра отырып, шектеулер жасауы тиіс. Ол ұзақ мерзімді қаржы мүдделеріне қауіп төндірмейтін, бақталастардың бәсекелестік қабілетін көшейтуге ықпал етпейтін, бағаларға бақылауды күшейту арқылы жетуіне болады.

Сонымен, мемлекеттік кәсіпкерлік мемлекеттік және аралас меншік негізіндегі өндірістік коммерциялық қызмет.

Мемлекеттік капитал биліктің заң және орындаушы бағыттары арқылы мемлекет тарапынан басқарылады. Кәсіпорынның әртүрлі нысандары жасалады, олардың шаруашылық және әлеуметтік қызметі басқарылады.

Мемлекеттің экономикаға ықпал етуінің басты құралдарының бірі мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпкерлік екі мақсат топтарын қарастырады:

1. әлеуметтік-экономикалық;

2. коммерциялық (пайда алу)

Мақсаттың бірінші тобы өтпелі экономика жағдайында екінші басымға түседі.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің экономикалық қызметінің негізгі міндеті қоғамның экономикалық дамуын тұрақтандыру және осыған байланысты жеке секторды толықтыру, қолдау, ынталандыру.

Инфляция кезеңінде, экономикаға мемлекеттік ықпал етудің жанама әдістерінің (табыстарды қайта тарату, айналысты реттеу және жиынтық сұраным) тиімділігі төмендегенде, мемлекет бірнеше елдерде өндіріске тікелей араласады.

Мемлекеттік кәсіпорын - тек капиталдың меншік иесі - мемлекеттің мүддесін ғана емес, олардың мүддесіне жиі қайшы келетін шаруашылық микрореттеуді жүзеге асырады. Мемлекеттік кәсіпорынның жекелен негізгі айырмашылығы осында.


2. Экономикадағы мемлекеттік кәсіпкерлікті ұйымдастыру формалары.

Мемлекеттік кәсіпорындардың тиімділігі көбінесе кәсіпорын қызметін мемлекеттік реттеудің әкімшілік және экономикалық әдістерін ұтымды үйлестіруге мүмкіндік беретін құқықтық нормаларға байланысты.

Батыс Еуропалық елдерде макроэкономикалық саясат мақсаттарын жүзеге асыруда мемлекеттік кәсіпорынды пайдалануды күшейту тенденциясы бар. Салалық бағдарламалардың көпшілігі реттеудің тиімді механизмін жасау мақсатында болады, жетекші рөлін мемлекеттік кәсіпорындар атқарады.

Қазақстанда мемлекеттік кәсіпкерліктің ұйымдастыру-экономикалық нысандарының толық тізімі ҚР-ң Азаматтық Кодексімен және Министрлер Кабинетінің қаулысымен бекітілген.

Экономиканың мемлекеттік секторында қолданылатын кәсіпорындарды көрсетуге болады:

- шаруашылық жүргізу құқығы негізіндегі мемлекеттік кәсіпорындар;

- кәсіпорындар;

- оперативті басқару (қазыналық кәсіпорындар) құқығы негізіндегі мемлекеттік кәсіпорындар;

- мемлекеттік акция пакеті 51 және одан көп пайызды құрайтын акционерлік компаниялар;

- мемлекеттік акция пакеті 51 пайыздан аз құрайтын акционерлік қоғамдар;

- мемлеекеттік акция пакеті жоқ, бірақ алтын акциясы бар, акционерлік компаниялар.

Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар халық шаруашылығының барлық салаларында құрылған.

Сонымен, жариялық құқық тәртібінде қызмет ететін мемлекеттік кәсіпорындардың негізгі міндеті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу.

Қазыналық кәсіпорындар экономиканың коммерциялық емес мемлекеттік секторын құрайды және өз қызметін бюджеттік қаржыландыру арқылы жүзеге асырады. Шаруашылық жүргізу құқында құрылған мемлекеттік кәсіпорындар, олардың капиталында (1/3 бөлігін) мемлекеттік қатысатын акционерлік компаниялар экономиканың коммерциялық мемлекеттік секто-


рын құрайды.

"Алтын акция" - бұл мемлекеттің акционерлік қоғамды басқарудағы ерекше құқығын куәландыратын құжат.

Қаржы-өнеркәсіп топтары Қазақстанда мемлекеттің қатысуымен қаржы-өнеркәсіп топтары жасау негізінде қаржы және өнеркәсіп капиталын біріктіру қажет.

Қаржы - өнеркәсіп топтары ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылады.

Қаржы- өнеркәсіп топтары АҚ акцияларын, серіктестік пайларын, еркін және шарттық біріктіру тәртібінде олардың арасында сәйкес шарт жасау жолымен құрылады.

Қаржы-өнеркәсіп топтарының құрамына өнеркәсіптік кәсіпорындар, қаржы-несие мекемелері, коммерциялық фирмалар, ғылыми-зерттеу және жобалық – конструкторлық мекемелер, инвестициялық қорлар және инвестициялық компаниялар кіреді.

Қаржы өнеркәсіп топтарының қатысушыларының экономикалық өзара әрекеті, қатысу жүйесінің дамуын қалыптастыратын меншіктің трасттық және холдингтік қатынасын қолдануды қамтамасыз етеді.
3. Мемлекеттік кәсіпкерлікті дамыту тиімділігін арттыру жолдары.

Қазақстанда өндірістің дамуын қамтамасыз ететін меншік қатынасын экономикалық қайта өзгерту мен қалыптастыруды терендету мақсатында мемлекеттік меншікті басқарудың барлық жүйелерін қалыпты түрде қайта ұйымдастыру қажет.

Дамыған экономиканың әлемдік тәжірибесінде:

- нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қатысуымен басқарудың корпоративтік нысаны жалпы ұлттық міндеттері шешу кезіндегі объективті қажеттілік болып табылады;

- корпорацияның жоғары технологияны құрудың озық деңгейіне жету үшін ірі инвестициялық жобаларды жасауға мәжбүр етеді.

- ірі корпорациялар өндірістің макроэкономикалық реттелуін арттырады, халыкаралық экономикалық ынтымақтастыққа тұрақтылық еңгізеді.

Корпоративтік басқару нысанының артықшылығы - өндірісті дамытуы және оның тиімділігін арттырудың стратегиялық мәселерін шешу мүмкіндігінен тұрады.

Мемлекет корпоративтік мемлекеттік кәсіпкерлік арқылы экономиканың мемлекеттік секторын басқару мәселелерін шеше алады:

Қазақстанда шикізат бағытынан түпкі өнім өндірісіне көшіру, әлемдік шаруашылық байланыс жүйесіне біріктіру мақсатымен өз қызметін біртіндеп кеңейтетін жалпы ұлттық корпорацияны қалыптастыру қажет.

Экономиканың негізгі салаларында мемлекеттің жекешеленген кәсіпорындардың акциялар пакетін сақтауы сала аралық қаржы өнеркәсіп топтарын құру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Мемлекет қаржы өнеркәсіп топтары басқаруға акционерлер жиналысы мен мүдірлер кеңесіндегі ведомствалардың мүдделі өкілдерінің жұмысы арқылы қатысады.

Халықаралық нарықтағы жоғары бәсекеге сонымен қатар кәсіпорынды тиімді басқару мәселесіне байланысты ірі мемлекеттік кәсіпорында стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу қажет. Қазіргі уақытта олардың басым бөлігінің кешенді қызмет стратегиясы мен дамуы құжаттық дайындалмаған.

Кәсіпорында стратегиялық жоспарлауда негізгі орынды болжау алады. Болжау әдістемесі болашақтағы әлеуметтік, саяси, экономикалық және технологиялық дамудың бет алыстарын өзара байланыстыру қажет.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің дамуы мен мемлекеттік меншікті басқару мехнизмнің тиімділік мәселесін шешу үшін келесі бағыттар бойынша кең ғылыми зерттеулер жүргізу қажет:

1. Мемлекеттің кәсіпорынды басқаруға қатысуы.

2.Кәсіпорынды қаржылындыруға және қолдауға мемлекеттің қатысуы.

3.Кәсіпорын қызметіне мемлекеттік бақылау.

Мемлекет позициясы жағынан "синергетикалық тиім" түсінігі бар, ол меншікті басқарудың жалпы экономикалық тиімділігі мен олардың бөлектенген өзара іс-қимылы тиімділігі сомасы арасындағы айырмашылықпен өлшенеді.

Әлемдік экономикаға Қазақстандағы біріктіру жағдайындағы мемлекеттік кәсіпорын мен жеке кәсіпорын қызметінің тиімділігі белгілерінің бірі кәсіпорынның бәсекелестік қабілеті болып табылады.
Студенттердің өзін-өзі тексеру с±рақтары:
1. Мемлекеттік Кәсіпкерлік түсінігіне анықтама беріндер

2. Мемлекеттік Кәсіпкерлік қандай мақсаттарды көздейді?

3. Мемлекеттік Кәсіпкерлік қандай міндеттерді шешеді?

4. Қазақстанда мемлекеттік Кәсіпкерліктің қандай ұйымдас-


тыру-экономикалық нысандары қызмет етеді?

5. Шаруашылық жүргізу құқыѓынДағы мемлекет кәсіпорын-


дарының қызмет сфераларын атаңыздар?

6. Қазыналық кәсіпорындар қандай қызметтерді орын-


дайды?

7. Қаржы-өнеркәсіп топтарына сипаттама берініздер?

8. Корпоративтік мемлекеттік Кәсіпкерлік қандай басқару мәселерін шешеді?

9. Мемлекеттік Кәсіпкерлікті тиімді дамыту мәселесін шешу үшін қандай зерттеулер қажет?

10. Мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігі қалай есеп-
теледі?

11. Басқару тиімділігін бағалау үшін қандай белгілер қолда-


нылады?

12. Халық шаруашылыѓы, аймақ, кәсіпорын деңгейіндегі басқарудың жалпы экономикалық тиімділігі қандай көрсеткіштер бойынша бағаланады?

13. Стратегиялық тиім нені білдіреді?
ТАҚЫРЫП 5. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК.
1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны және белгілері.

2. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.

3. Шағын кәсіпкерлік халықты еңбекпен қамтуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету факторы ретінде.

4. Шағын кәсіпорындарды қаржы-несиелік қолдауы.

5. Шағын кәсіпкерлік саласында лизингті пайдалану.

6.Шағын кәсіпкерлікте франчайзингтік қатынастарды дамыту.
Шағын кәсіпкерлік қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогресінің маңызды факторы болып табылады.

Шағын кәсіпорындар бастапқы ірі инвестицияны талап етпейді және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығына кепіл береді, экономиканың құрылымын өзгерту мәселелерін тез және тиімді шешуге қабілетті. Ол экономикадағы бәсекелестік ортасын қалыптастыруға, сұраным мен ұсынымның өзгерісіне тез үлесін қосуға және осы есептен нарыққа қажет тепе-теңдікті қамтамасыз етуге қабілетті.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту аралас экономикаға икемділік беріп, әртүрлі нысандағы меншікті және оларға тән шаруашылықтың баламалық үлгілерін үйлестіріп, жалпы әлемдік үрдіске жауап береді.

Шағын кәсіпкерлік саласы - бұл көбіне экономикалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық экономиканың жетекші салаларының бірі.

Ол әлеуметтік құбылыс белгілерін иеленеді, өйткені халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді және жұмыссыздық пен кедейлікті азайтады.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қаржы, материал құралдарына және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты, шаруашылық істегі жаңа ойлауды қалыптастыруға қабілетті.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті дамытуға объективті қажеттілікке үлкен назар аударылады.

Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау үй-жай, жабдық беру, мемлекеттік тапсырыс тарату, кепіл зат ұсыну жолдарымен жүзеге асады.

Шағын кәсідкерлікті қаржы-несиелік ынталандыруды, оның субъектілерін несиелеудің бағдарламасын жасайтын және қолданатын коммерциялық банктер жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерліктің дамуын қолдау және ынталандыру шаралары қызметін лизинг пен франчайзинг атқарады.

Шағын кәсіпорынның ұзақ мерзімді болашағын, көптеген шешімдердің жүзеге асуын болжау қиын.

Осыған байланысты кәсіпкерлік тәуекелді басқарудағы қажеттілік пайда болады.

Шағын кәсіпкерлік теориясы мен практикасының экономикалық мәні тәуекелдің зардабын мүмкіндігінше төмендету, тәуекелді алдын-ала есептей білу, болжанбаған шараларды азайту бойынша шараларды белгілеу. Тек табиғи ресурстарға сүйеніп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өте үнемсіз.

Инновациялық қызмет экономикалық, әлеуметтік дамудың, шаруашылық мәдениеті элементінің құрылымдық өзгерісінің маңызды факторы болып табылады.

Болашақтағы бағдар дамудың инновациялық түрі болады. Оның негізінде жаңалықтар енгізуді үздіксіз және мақсатты іздеу, дайындау және жүзеге асыру процесі жүріп жатыр.

Қазақстанда тұрақты экономикалық өсудің күрделі факторына инновацияны айналдырудағы маңызды рөлді шағын кәсіпкерлік атқарады.

Әлемдік тәжірибеде әдетте инновациялық сілкіністі шағын кәсіпкерлік бастайды, одан кейін оның табыстарын ірі кәсіпорын жүзеге асырады.

Шағын кәсіпкерлік шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылықтың көп түрлі нысандарын ынталандыруға, ішкі шаруашылықты дамытуды елеулі шамада көшейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын кеңейтуге және Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісі мен айырбаста салыстырмалы артықшылығын іске асыруға арналған.


2. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясаты.
Соңғы уақыттарда республикадағы шағын кәсіпорындар әлеуметтік қызметтерден көбірек босатылуда. Стратегиялық жоспардағы әлеуметсіздендіру процесі шағын кәсіпорындардың қоғам алдында өз қызметкерлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайына жауапкершілігінің төмендеуінен және олардың жалпы мемлекеттік, муниципальды және әлеуметтік міндеттерді шешуге енжар қатысуынан көрінеді.

Кәсіпкерлік еркіндігі мен әлеуметтік жауапкершіліктерінің принциптерін тек нарықтық механизм арқылы үйлестіру мүмкін емес. Бұл үшін сәйкес мемлекеттік саясат қажет.

Мемлекеттің Шағын кәсіпкерлік қатынасындағы екі негізгі қызметін бөліп көрсетуге болады: реттеу және қолдау.

Реттеудің мәні шағын кәсіпкерліктің құқықтық ортасын қалыптастыруды ұйымдастыру, әкімшілік сұрақтарды шешуде және сәйкес міндеттердің орындалуын бақылауда.

Қолдау қызметтері шағын кәсіпорындарға материалдық, ақша, ақпараттық ресурстарды, мемлекеттік тапсырыстарды, оларға қызмет көрсетуді және т.б. жеткізу.

Мемлекеттің міндеті шағын кәсіпкерлікті көбейту емес, оның қалыптасуы мен табысты қызмет етуі үшін қолайлы экономикалық орта жасау.

Шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік саясатында іскерлік белсендікті ынталандыруға заңдық жене нормативтік негіз жасау және жетілдіру, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметті қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылым қалыптастыру қарастырылады.

Шағын кәсіпкерлік ерекше тәсілді және оны қолдау шарала-


рының арнайы кешенін жасауды талап етеді.

Шағын кәсіпкерлікті жеткіліксіз несиелеудің маңызды мәселелерінің бірі көптеген кәсіпкерлердің кепіл затпен қамтама-


сыз етілмеуі. Сондықтан коммуналдық меншік объектілерінен аймақтық өтімді кепіл қорлары құрылады.

Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына және оның аймақтық өкілдеріне шағын кәсіпорындарға мемлекет көмек көрсету қажет. Осы мақсатта қор мемлекеттік тапсырыс алу үшін өтініш беруге, келісім-шарт жасауға, сатып алумен айналысатын мемлекеттік қызметтерге шағын кәсіпорындардың мекен жайын таратуға, мемлекеттік тапсырысты алу үшін маркетинг саясатын жүргізуге көмектесуі қажет.

Ірі компанияларға оларға ұсынылған мемлекеттік тапсырыс
тардың бір бөлігін бәсеке негізінде шағын кәсіпорындарға беруге міндеттеу керек.

Шағын көлік кәсіпорындары халықаралық транзиттік сауда-


ның дамуына ойдағыдай қатыса алады.

Қазақстанның жеңіл өнеркәсібі терең дағдарыста түр, одан шығудан жағымды нәтижелерге жеткен бірнеше кәсіпорындардың табысты қызметі көрсетуде.

Тұтыну нарығын қалыптастыру кезінде Қазақстан сияқты шикізат базасы, қажетті жабдықтары мен дайын кадрлары бар ел, өзінің ішкі нарығында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің ең кем дегенде 70 % алуы тиіс.

Ауылшаруашылық өндірісінің экономикалық дағдарысы, оның өнімдері өнеркәсіптік өңдеу деңгейінің төмендеуі, нарықтық қатынас жағдайларына бейімделуге қабілетті жаңа ұйымдастыру нысандарын іздеу қажеттілігін анықтайды.

Агроөнеркәсіптік өндірістегі мұндай мәселелер жолына кооперацялауды дамыту жатады. Кооперацияға жеке қосалқы шаруашы-
лықты тартумен өңдеуші кәсіпорындардың қуатын пайдалану деңгейі артады.
3. Шағын кәсіпкерлік халықты еңбекпен қамтуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ету факторы ретінде.
Еңбекпен қамту жүйесі қызметінің әлеуметтік-экономикалық негізі - қызметкер еңбегінің өнімді қайтарымын, оның еңбегін жұмсау аумағын кеңейтуді қамтамасыз ету. Нарықтық қатынастың дамуымен жұмыссыздық мәселесі шиеленісуде.

Қазақстанның демографиялық саясатының маңызды принципі халық санының тұрақтылығын қамтамасыз ету, жоғары білікті мамандар мен жұмысшыларды сақтау. Ал республика халқының толық өнімді еңбекпен қамтылуы шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру кезінде ғана мүмкін.

Шағын кәсіпкерліктің экономикалық секторы келесі ерекшеліктерге тән себептер бойынша бос жұмыс көшінің өсуші ауқымын толықтыруга қабілетті:

1. Ол капитал сыйымдылығы төмен жаңа жұмыс орындарын тез құруға қабілетті.

2. Мұнда капиталдың техникалық құрылымы өте төмен, яғни қолданылатын өндіріс құралдардың бірлігіне ірі кәсіпорын-
дарға қарағанда тірі еңбектің көп бірлігі келеді.

3. Күрделі басқару құрылымының болмауы, шағын кәсіп-


орынды құрудың ұйымдастыру процесін жеңілдетеді.

4. Ол бастама, шығармашылық белсенділікті көрсету үшін елеулі мүмкіндігі бар, адамдар қызметі үшін тартымды.

5. Мұнда еңбек пен жұмыстардың икемді шарттары кең таралған (толық емес жұмыс күні немесе аптасы, еңбектің сырғымалы кестесі, қос қызмет атқару).

6. Шағын кәсіпкерлік тұтынушыға өнімді жылжытуды арзандату мен тездетуге қарағанда өндіріс немесе қызмет көрсету процесінің тек бір бөлігін орындау принципінде қызмет атқара алады.

Германияда, Ұлыбританияда, Италияда, Жапонияда, АКШ-та шағын бизнес есебінен 2/3 жаңа жұмыс орындары құралады.

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік саласында 2,0 млн. жуық адам жұмыс істейді, ол экономикада жұмыс істейтіндердің төрттен бірінен көбін құрайды, ал шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 30 мыңнан астамы қызмет етеді.

Шаруашылықтың нарық жағдайында босаған халықты эко-
номиканың басқа салаларына, тек жаңа мамандықты оқыту негі-
зінде емес, сонымен қатар, шаруашылықтың нарықтық әдістерін оқыту негізінде, еңбек биржаларының штаттарын нығайту және олардың кәсіпкерлермен байланысын күшейту негізінде, сонымен қатар, кәсіби бағдарланған жұмысты жақсарту есебінен тарту шараларын жасау қажеттігі туады.

Еңбекке орналастырудың басқа жолы жоғары білікті кадрларды екі-үш мамандық бойынша дайындау. Мысалы, егер оқудың негізгі курсы - экономист болса, студентте 3-4 курста, сонымен қатар, 2 мамандықты таңдау мүмкіндігі болады.

Шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің салалық құры-
лымы: сауда саласында 28,3 %, автокөлік жөндеу өнеркәсібінде 17,4 %, құрылыста 14,1 %, ауыл шаруашылық, аңшылық және орман шаруашылығында 13,6 %, көлікте 5,6 %, жылжымайтын мүліктермен операциялар, кәсіпорынды жалдау және қызмет көрсетулер 10,1 %, қонақ-үйлер мен мейрамханалар 2,3 %, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер - 2,2 %, білім 0,8 %, қаржы қызметі 0,9 %, пошта және байланыс - 0,8 %, басқа тұрмыстық, әлеуметтік қызметтер - 3,6 %.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет