Құс етін өндіру технологиясы



бет5/10
Дата12.01.2024
өлшемі115.59 Kb.
#488988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
кұс

І.4 Бөдене жұмыртқасы
Бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Ол кішкентай болғанымен дәруменге өте бай болып келеді. Жұғымды, бойында амин қышқылы мен микроэлементтер көп. Асқазан мен ішектің жұмысын жақсартатын қасиеттері бар. Жүректің жұмысын қалыптастырады. Адам ағзасындағы артық темір мен радионикулеттерді шығарып, иммунитетті күшейтеді.
Биологиялық құндылығы жөнінен бөдене жұмыртқалары тауықтың жұмыртқаларын басып озады. Тауық жұмыртқасының салмағы 1,700 гр болса, бөдененің жұмыртқасының салмағы 0,485грамм. Бөдененің 5 жұмыртқасы тауықтың 1 жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан 5 есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Бөдене жұмыртқасының ұзындығы 3см 4мм, ал ені 2см. Олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады.
Бөдене жұмыртқасы медицина саласында — демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, бронхит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданылады. Табиғатта ешқашан бөдене жұмыртқалары бұзылмайды, себебі оларда микрофлораның дамуына кедергі болатын аса құнды амин қышқылы – лизоцим бар. Тағы бір дәлелденгені, бөдене жұмыртқасы тауық жұмыртқасына қарағанда микробтардан таза келеді. Бұл бөдене жұмыртқасы мареке ауруына қарсы тауықтарға арналған вакцинаның 230-250 мөлшерін алады. Бұл құстардың эмбриондарын қызылша, паратиф-қылау, тұмау ауруларына вакцина дайындау үшін пайдаланады. Бөдене құсының басқа құстардың дене температурасына қарағанда 2 градус жоғары. Сондықтан да, үй бөденесі күйзеліске, токсикалық заттардың әсеріне және жұқпалы ауруға төзімді. Бөдене жұмыртқалары витаминдерге өте бай. [3]
Бөдене жұмыртқасын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарлатады. Оларды шикі күйінде пайдалану Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескен. Олар өздерін жақсы сезіне бастаған, мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет