Қорытынды.
Бөдене жұмыртқасы мен еті адам ағзасына берер пайдасы мол екені бұрыннан-ақ белгілі. Оны пайдалану Ежелгі Үнді жерінде бастау алған деген дерек бар. Ертеде қыз-келіншектер әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары қатты болу үшін бөдене жұмыртқаларын пайдаланған. Ал, ер азаматтар жорыққа немесе шайқасқа шықпас бұрын, жұмыртқамен тамақтанған. Сонымен қатар өз жарақаттарын жұмыртқа басу арқылы жазған екен.[2]
Кейбір елдерде жаңа туған сәбилерге бөднен жұмыртқасын ішкізеді. Жапониядағы 1945 жылғы Нагасаки, Хиросима трагедияларынан кейін бұл мемлекет бөдененің жұмыртқасын балаларға ішкізуді міндеттеген 12 заң қабылдапты. Негізі оны емге шикілей ішеді. Оның жұмыртқаларын балалар бақшасына, мектеп асханасына, балалар үйіне, қарттар үйіне қажет-ақ. Оның етін де емге пайдаланатындар қазіргі кезде көптеп кездеседі. Сондықтан бұл құстың етіне де, жұмыртқасына да сұраныс жоғары.
Ал Қазақстанда бөдене шаруашылығы қарқынды дамыса қазақстанның болашағы келешек денсаулығы мықты, өсіп келе жатқан бүлдіршіндердің қолында деп есептейміз.
Жалпы, мен бұл ғылыми жұмыста бөдене жұмыртқасының адам ағзасына тигізер пайдасын және емдік қасиеттерінің мол екенін білдім. Көптеген емдік және ас мәзіріне арналған рецептерді жинақтадық.
Ұсыныс.
1. Балалардың күнделікті ас мәзіріне 1-2 бөдене жұмыртқасын қосу.
2. Бөдене жұмыртқасының емдік қасиеттері (рецептері) кітапша болып басылса.
3. Отандық кәсіпкерлерге бөдене өсіру ісімен айналысу үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсетілсе
4. Жерлестеріме бөденені үй жағдайында асырауды ұсынамын.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Нысанбаев Ә. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998
2. Пигарева М.Д. «Разведение перепелов», 1979
3. Снегов А «Все о перепелах. Лучшие породы». Изд.АСТ, 2014
4. Серебряков А.А. «Перепела: содержание, кормление, разведение». 2012
5. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 — 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Достарыңызбен бөлісу: |