Сансызбаева Жанар Абылгазыкызы
Учитель биологии
Город Семей №4 СОШ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030» атты жолдауында «Халқымыздың өсіп өркендеуі қауіпсіздігімен әл-ауқатының артуына , ең бірінші заманға сай білім оқытудың әдіс-тәсілдері қолданудың тиімділігін арттырудың қажеттілігін айта келе, озық технологияларды игеруге мүмкіндіктер беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау, табысты, білім алған еліміздің кез-келген азаматы, әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.»– деп атап көрсеткендей болашақ ұрпақ мектеп жасынан ғылымға жақын болу керек. [3]
Еліміз өркениетті мемлекет болу үшін халық денсаулығына ерекше назар аударумыз қажет. Ол үшін дұрыс тамақтану мен дұрыс демалу қажет екені баршамызға белгілі. 2012 жылғы 2 тоқсанда алдыңғы жылдың тиiстi мерзiмiмен салыстырғанда тамақ өнімдерінің негiзгi топтары бойынша тұтыну процесінің өсуі байқалады: ет және ет өнімдері 27,8%-ға өскен.
КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі, аса маңызды стратегиялық объектісі болды.КСРО заманында Қазақстан аумағында атом бомбалары сынақтан өтті. Ол үшін арнайы 18 млн га жер бөлініп, Семей ядролық полигоны ашылды. Бастапқысынды адамдарға, жануарлар мен табиғатқа тікелей зардабын тигізген ашық сынақтар жасалды. Сосын оларды жер астына жасай бастады. Атом бомбаларының жарылыстары сұмдық ауыр болды. Семей маңындағы радиациялық әсер аймағында тұратын 500 мыңдай адам осы сынақтан азап шекті. Осы суреттің біздің жобамызға қандай қатысы бар деп ойлайсыздар?
Біздің халқымызға келтірілген орны толмас залалды әлі күнге дейін сезінудеміз. Мемлекет тарапынан жыл сайын осындай проблемаларға миллиардтаған қаржы бөлінеді. [2]
Ал біз бүгінгі зерттеу жұмысымызда осындай үлкен мәселенің қарапайым шешімін сіздерге ұсынғалы отырмыз. Біз білетін шынашақтай ған құс -бөдененің еті мен жұмыртқалары адам ағзасынан радиацияны да шығарады екен. Бөдененің жұмыртқасы экологиясы нашар аймақтарда тұратын адамдар үшін өте пайдалы екенін білдік.Мәселен, Жапониядағы Хиросима мен Нагасаки қалаларындағы жарылыстардан кейін ғалымдар бөдененің жұмыртқасы адам ағзасы үшін таптырмас ем деп тапқан. Ол адам денсаулығын қалыпқа келтіреді, ағзадағы улы заттарды шығарады екен. Жұмыртқа құрамында адам бойына керек дәрумендердің барлығы кездеседі. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |