І.8. Емдік рецептер.
А) Бөдене жұмыртқасы өте құнды азық болып есептеледі. Балалар мен ересектерге диеталық тағам ретінде ұсынылады.
Бөдене сальмонелез ауруымен, құс аруымен ауырмайды, сондықтан оны шикілей ішуге болады.
Ә)Күнделікті балалар мен ересектерге қанша жұмыртқа ішу керек. Таңертеңгі астан 30 минут бұрын сумен немее шырынмен ішу керек.
Емді үзіліссіз күнде 3-4 ай қабылдау керек. 2 аптадан кейін нәтижесі біліне бастайды. Егерде шикілей іше алмаса, оны шикілей ботқаға, картоп езбесіне, сорпаға құйып ішуге болады.
Б) Жоғары температураны емдеу үшін 100 мл. суға 5 шикі жұмыртқаны қосып, оған 1 ас қасық қант араластырып ішу керек. Таңертең температура қалыпты болады.
В) Буын, тұз жиналу, ревматизм, құлап қалғанда 4-5 шикі жұмыртқаны стаканға салып, үстіне сірке эссенциесін құйып екі күнге қойып қояды. Содан кейін 100 грамм тұзсыз сары май қосып маз жасайды. Ауырған жерді осы мазбен сылайды.
Г) Балалардағы диатез ауруы кезінде лимонды жуып кесіп, дәнінен ажыратады. Жұмыртқаның қабығын кептіреді, парошокке айналдырады. Осы парошокты лимонға қосып, күніне бірнеше рет баланы тамақтандыру керек.
Д) Шаштың жылтырағанын қалпына келтіру үшін, 5-6 бөдене жұмыртқасын 1 кесе зығыр майға қосып, 1 шай қасық бал қосады. Пайда болған қоймалжыңмен шашты майлайды, тарақтың көмегімен бірдей етіп жағады. 3 сағаттан кейін шаш жұмсақ және жылтырап тұрады. [2]
Экологиясы нашар аймақтың тұрғындары үшін бөдененің жұмыртқасы өте пайдалы екен. Бөдене туралы еліміздегі алғашқы ғылыми зерттеу жұмысының авторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің PhD докторанты Мұхтар Байбатшановтың айтуынша, Чернобыль апатынан кейін ғалымдар апат аймағында радиациядан жапа шеккен балаларды бір орталыққа жинап, тәжірибе жүргізеді. Бір топтың балаларына бір ай бойына бөдененің жұмыртқасын шикілей ішкізсе, екінші топтағы балаларға жұмыртқа бермейді. Бір айдан соң жұмыртқа ішкен балалардың ағзасын тексергенде ғалымдар бөдене жұмыртқасы радиацияны ыдырататынын анықтаған. Мұрындарының қанауы, бас айналулары тоқтап, қандағы гемоглабиндері көбейген. Осыдан кейін көпшілік бөдене жұмыртқасын жаппай тұтына бастады. [1]
Ғалым: «Біздер бөдене жұмыртқасына тәжірибе жүргізгенімізде, оның дәрумендік құрамы тауық жұмыртқасына қарағанда 3-4 есе жоғары екеніне көз жеткіздік», – деп сенімді түрде айтып отыр. Ал мұны жапондар біліп қана қоймай, ұлт денсаулығын жақсартуға қолданғанын айтады. Тіпті, мектеп жасындағы балаларға күніне екі бөдене жұмыртқасы тегін таратылып беріледі.
«Кезінде АҚШ Жапонияға атом бомбасын тастап, үлкен экологиялық апатқа ұшыратқаннан кейін, жапондықтар бөдененің адам бойындағы радиацияны ыдырататынын біліп, міндетті тамақ рационына енгізген. Сол кезде әрбір жапон баласы таңертең міндетті түрде бөдене жұмыртқасын шикідей ішетін болған. Осының арқасында жапон халқы денсаулығын түзеп, ойлау қабілетін дамытты. Бүгінде жоғары деңгейде дамыған мемлекеттердің көшін бастап келеді. Бөдене жапон халқын құтқарып қалды десек те болады», – дейді Мұхтар Байбатшанов ақпарат құралдарының біріне берген сұхбатында. [5]
Достарыңызбен бөлісу: |