Құс етін өндіру технологиясы



бет3/10
Дата12.01.2024
өлшемі115.59 Kb.
#488988
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
кұс

Ғылыми жобаның мақсаты:
Бөдене еті мен жұмыртқасының емдік қасиетін ашу, оның қандай ауруларға ем екендігінайта отырып, бөдене құсын өсіруге көңіл аударту.
Жұмыстың міндеттері:
1. Бөдене құсының тарихына зер салу.
2. Бөдене еті мен жұмыртқасының емдік қасиетін білу.
3. Адам ағзасына бөдене жұмыртқасының тигізер пайдасын түсіну.
4. Бөдене жұмыртқасы мен тауық жұмыртқасының айырмашылығы.
Зерттеу жұмысымыздың өзектілігі:
Бөдене жұмыртқасы адамның иммунитетін қалпына келтіруге көмектесіп, әртүрлі ауруларды емдеп қана қоймай, адам өмірін ұзартуғa тигізер пайдасы зор. Сондықтан да мен осы тақырыпты таңдадық.
Зерттеу нысаны:
Ғылыми жұмысымның зерттеу нысаны – бөдене жұмыртқасы.
Зерттеу әдістемесі:
Бөдене еті мен жұмыртқасының адам өміріндегі пайдасын білу.
Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:
Бөдене жұмыртқасының пайдасы мен емдік қасиетін адам ағзасына пайдалы екендігін айта отырып, ем ретінде қолдану.
І. Зерттеу мәселелерін теориялық талдау
І.1 Бөдене құсы туралы жалпы мағлұмат.
Тауықтәрізділер (лат. Galliformes) – құстардың бір отряды.
Қазба қалдықтары төменгі эоцен қабатынан белгілі. Жер шарында кең тараған, Антарктика мен кейбір Мұхит аралдарынан басқа жерлердің барлығында кездеседі. Қазіргі кезде 280-нен астам түрі бар, олар морфологиялық және экологиялық ерекшеліктеріне қарай 2 отряд тармағына: тауықтар (Gallі) және гоациндерге (Opіsthocomі) бөлінеді. Тауықтардың 6 тұқымдасы бар (қоқыс тауықтар/тауықтары, кракстар, құрлар, цесарлар, қырғауылдар және күркетауық). Қазақстанда тауықтәрізділердің 13 түрі мекендейді. Тауықтәрізділердің тұрқы 12 см-ден (ергежейлі бөдене) 235 см-ге дейін (айдарлы аргус), салмағы 45 г-нан (ергежейлі бөдене) 11,5 кг-ға (жабайы күркетауық, асыранды күркетауық – 22,5 кг) дейін жетеді. Қораздары мекиеніне қарағанда ірі. Кейбіреулерінде етті сырға, қасы, айдары болады. Тұмсығы қысқа, дөңес. Үстіңгі тұмсығының ұшы имек. Аяқтары күшті, кішкентай артқы саусағы бар, қораздарында тепкі (басқы) жақсы жетілген, топырақ қопсытуға бейім. Қанаттары қысқа, жалпақ, әдетте жерден тез көтерілуге ғана жарайды, ұзақ ұша алмайды. Қауырсыны тығыз, мамығы аз, көпшілік түрі отырықшы құс-тар. Полигамиялы, жылына 1 рет көбейеді, жерге ұялайды, (гоацин мен гокко ағашында), 3 – 26 жұмыртқа салады, мекиені 14 – 30 күн жұмыртқа басып, балапанына қамқорлық жасайды. Балапандары жұмыртқадан шыға сала мекиеніне еріп кетеді. тауықтәрізділердің қорегі – өсімдіктердің вегетативті бөлімдері, жемістері мен тұқымдары, кейде жәндіктер, құрттар. Көпшілік түрінің кәсіптік маңызы бар, әуесқойлық мақсатта ауланады. Банкив әтеші, цесарлар, күркетауықтар ертеден қолға үйретілген, көптеген түрі үй құстарының арғы тегі болып саналады. Тауыс және қырғауыл кейде қолда өсіріледі. Тауықтәрізділердің 26 түрі мен 11 түр тармағы Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына”, алтай ұлары , далалық ергежейлі бөдене,Қазақстанның “Қызыл кітабына”енгізілген. [4]
Бөдене – тауықтәрізділер отряды, қырғауыл тұқымдастарына жататын құс. Қазақстанда шөл дала мен биіктігі үш мың метрден асатын биік таулардан басқа жерлердің бәрінде ұялайды. Бірқатары республикамыздың қиыр солтүстігінде қыстап та қалады. Дене тұрқы 20см-дей, салмағы 80-150 грамм шамасында. Ақшыл жолақты кішкене сұр құс. Мекиенінің тамағы ақ, жемсауы мен көкірегі теңбіл болады. Бөдене жыл құсы, соның ішінде түнде қоныс аударатын жалғыз бір түрі. Бөдене ұялайтын жеріне көктемде ұшып келеді де, қыстау үшін Оңтүстік Азия мен Африкаға ұшып кетеді. Далада, шабындықта, егістікте жерді шұңқырлап, құрғақ шөп төсейді де, жетіден жиырмаға дейін шұбар жұмыртқа салады, оны мекиені он бестен он жеті күнге дейін басады. Бөдене өсімдік тұқымымен және өркенімен кейде жәндіктермен қоректенеді.Әуесқой аңшылық мақсатта көп ауланады, сондай-ақ үйде де ұстайды. [2]
Әр жыл сайын аң- құс аулау маусымы тамыздың аяғы, қыркүйектің басында ашылады. Туған жердің төсі қасапханаға айналатын осы кезеңде, осы бір қаралы маусымда аңшы мылтығының қарауылына ілінетін құс — бөдене. Ең бірінші бөдене атуға рұқсат беріледі. Қырсаң бөденені қыр, өлтірсең бөденені өлтір. Себебі, ол құстың бәрінен бұрын есейеді, бәрінен бұрын жылы жаққа қайтады. Басқа айып- күнәсі жоқ. «Оларды күзде жылы жаққа қайтады дегеннен гөрі қатерлі жол, қауіпті сапарға аттанады деген жөн. Қауіп төндіретін адам. Бұл маусымда Жерорта теңізі жағасын һәм құрттай құжынаған аралдарды мекендеген елдің бәрі бөдене аулауға шығады. Тор құрады, тұзақ тастайды, желім жағады, тіпті болмаса таяқпен ұрып өлтіреді. Ғайыптан тайып аман- есен ұшып шыққандары қала берді жолай ұшы- қиыры жоқ ұлан судың үстімен ұшқанда қанаты талып толқынға құлайтынын ойласаң, осы күнге дейін бұл құстың тұқымы қалай құрып кетпегеніне таңқаласың»- деп жазады атақ ты Альфред Брэм өзінің «Хайуанаттар өмірі» кітабында. Және бір мәтел «бөдененің үйі жоқ- қайда барса бытпылдық» дейді. Олай емес. Бөдене ұясы, ұшар, қонар мекені бар бауырмал құс. 20-30 жұмыртқаны топырлатып бір- ақ туатын мекиені болашақ ұрпағының қамымен басын қатерге тігіп, ұясынам не қауіп төнсе де алысқа ұзамайды, күн- түн демей жұмыртқасын шауқаумен болады. Сол тынымсыздығының, бейнеткештілігінің арқасында 15-16 күнде жұмыртқа жарып, балапан шығарады. Бір жылда қолда бағылған әр мекиен 300- 320 жұмыртқа табады екен. Бұдан өсімтал тағы қандай құсты білесіз?
«Бөдененің үйі жоқ» деген сөз, оның ұясын көлденең көзге көрінбейтін қуыс- қалтарысқа жасырып салатын тапқырлығына , жем іздейтін өрісінің кеңдігіне қарай айтылса керек. Ол өзі — өте мейірімді құс. Сырдың төменгі сағасындағы шаруашылықтардың қай- қайсысы да күрішті ауыспалы егіс айналымына салудың бір жолы ретінде және мал азығы ретінде жоңышқа ешеді. Түркістан маңының қазақтары жоңышқаны беде дейді. Осы елде бөдене деген атаудың өзі осы бедеде жүретін құс деген жорамал бар. Бәлкім, рас болар. Беде- түркі сөзі. Жоңышқа деген атау парсы тілінен енген.
Жаз ортасында әр танапта он- он бестен, кейде жиырмадан балапан ерткен мекиендер шұбырып жүреді екен. Бірде сондай ана бөдененің бірі шөп шабатын трактордың шалғысына түсіп мерт болғанын ауыл адамдары көреді. Қылпылдаған өткір орақ қақ бөліп тастаған байғұс мекиен тым- тырақай қашып бара жатқан балапандарына қарай ұмтылады. Ең болмаса қанаттанбай жетім қалған сарыауыз балапандардың халі аянышты- ақ еді. Ит- құсқа жем болатынын ойласаң жүрегің ауырады.
Адамдар сол шөжелерді екі- үш күннен кейін тағы көреді. Көрші атызда балапан өргізген ана бөдене бейшараларды қанатының астына алыпты, қаннен- қаперсіз жүр. Кіп- кішкентай құстың осындай мейірімділігіне таң қаласың. [5]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет