І.2 Бөдененің сайрауы.
Біздің қазақ бытпылдық дейтін осы әнді тыңдау — Шығыс халықтарының көбі үшін зор ғанибет. Әдетте, бір үйде екі бөдене ұстайды. Асқабақтың мойнын кесіп, бетіне шәйі орамал жабады.
Қолға түскен күндері бөдене өте ұрыншақ болады. Кейбір тәжірибесіз аңшылар таза ауамен демалып, еркін тыныстап тұрсын деп беті ашық жәшікке немесе себетке салып қояды. Бұл- дұрыс емес. Тордан босанамын деп далаға ұмтылған бөденен жарға соғылып, қанатын сындырады, мертігеді, құлап, қансырап өліп қалуы мүмкін. Асқа баққа қамап, бетін матамен бүркеп, қараңғыда ұстайтын себебі сол. Қабақтың қапталынан кішкене тесік тесіп, аузына су толы құмыраша іліп қояды. Шәйі орамалдың астындағы қабақтың біреуінде қораз, екіншісінде мекиен. Аралары алшақ. Таң ата қоразы сайрай бастағанда мекиені еркелей мойнын созады. Осылай таңғы романс басталады. Мұндайда деміңді ішіңе тартып, тыныш қана отырып тыңдаған — рахат. Бұл екі құстың неге «Фархад пен Шырын» деп атайтынын үнсіз ұғасың. Қосыла алмаған қос ғашықтың зары осындай болар.
Бөденені кәдімгі тоты құс ұстайтын клеткаларда асырауға да болады. Оған бөдененің 4 мекиені мен 1 қоразы сиып кетеді. Тек жұмыртқа ғана керек болса, қораздың орнына мекиенін қоюға болады. Сонда күніне 5 жұмыртқа сөреңізде тұрады. Ал үйді өзгеше бір иіс баспас үшін, тор клеткасының еденіне ағаш үгіндісін төсеп, оны аптасына бір рет ауыстырып тұру керек. Бөдененің мекиендері қандай жарыққа да төзімді. Бөдененің жапондық (жұмыртқа басуға бейімделген), фараондар (ет бағытындағы) және маньчжуриялық алтын түсті бірнеше түрі болады. Мұның ішінде күтіп ұстауға маньчжуриялық алтын түстісі ыңғайлы. Бұл кең тараған жапондық түрінен ірірек болып келеді және де жұмыртқа басуы жөнінде де одан қалыспайды. Бір жылда 300, тіпті одан да көп жұмыртқа басып шығарады. [4]
І.3 Бөдененің ерекшеліктері
Бөдене денесінің 40 градустық температурасы құс ағзасында ауру тудыратын микробтардың көзін жойып жіберуге септігін тигізеді, содан да олар сальманеллезбен де ауырмайды.
Бөдене жұмыртқасы өте бағалы диеталық өнім. Күніне 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды, қан қысымы төмендейді, жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі, ағзадағы тұздарды шығарады. Ол көптеген ауруларға ем. Бөдене жұмыртқасына, етіне сұраныс көп.
Құстардың жоғары өнім беретін түрлерін өсіру, ауыл шаруашылығы ғылыми бағдарламасының бір арнасы құс өнімдерін денсаулықты нығайтуға қарай бағыттау. Соның бірі- бөдене құсын өсіру және оның емдік қасиетіне бай жұмыртқасын өндіруді молайту болып отыр.
Бөдене-киелі құс. Ол өзін асырап-баққан адамның шаңырағына бақыт, байлық, ырыс-береке және денсаулық әкеледі деген ұғым бар. Олар аса шікәмшіл құс. Себебі оларға жиі көз тиеді. Өзбек ағайындар тордағы бөдененің бетін бүркеп ұстайтыны да сондықтан. Бөдене көптеген үй құстары сияқты құнды диеталық ет пен жұмыртқаның қайнар көзі болып табылады.Қазақстанда кең тараған Жапон сұр бөденесін ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап АҚШ-та лабораториялық жануар ретінде пайдалана бастады және «Аполлон» бағдарламасы бойынша, космостық зерттеу жүргізуге қатыстырылды.Қарап отырсақ, бөдене өсірудің түк қиындығы жоқ көрінеді. Бөдене жұмыртқасынан 37,8 градус жылылықта 17 күн ішінде балапан өріп шығады. Бұл балапандар 45 күннен кейін әр 16 сағат сайын жұмыртқалайды. Бір жұмыртқаның қара базардағы құны 25-30 теңгеден. Айтпақшы, бұдан бөлек етін де іске асырасыз. Бір жылдан кейін жұмыртқалауы сирейтіндіктен, сойып, етін кәдеге жаратқан жөн. Етінің дәмділігі мен емдік қасиетінің ерекшеліктері қарапайым халық біле бермейді. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |