С. О. Ахметова, М. С. Сериккызы сапа менеджменті жүйелері


 Кәсіпорын басшылығымен шешімдер қабылдау



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата16.09.2024
өлшемі1.17 Mb.
#503674
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Сапа менеджменті жүйелері

4.7 Кәсіпорын басшылығымен шешімдер қабылдау 
«Шешімдер қабылдау» функциясына ерекше көңіл бөлінеді, 
немесе шешімді қабылдамай басқару болмайды. 
Сондықтан бұл функция сапаны басқарудың екі аспектісіне 
енгізілген, яғни ол ИСО 8402 стандартында айтылғандай: сапаны 
оперативті және жалпы басқару. Мұндай кезде стратегиялық 
шешімдерді қабылдау сапаны жалпы басқаруға жатты, ал оперативті - 
сапаны оперативті басқаруға. 
Басқару ғылымында шешімдерді қабылдаудың тәсілдері және 
моделдерінің әртүрлі түрлері қарастырылады, ал шешімнің өзі 
альтернативті таңдау болып түсіндіріледі. Бірақта шешім - бұл тек 
альтернативті таңдау емес, ол альтернативтер арасында тиімді нұсқасын 
қабылдау, қажетті келісімді табу. 
Күнделікті тәжірибеде кеңінен қолданылатын тиімді шешім 
ұсынылады. Мұндай шешімдер жаңа жағдайларда өздерін ақтайды. Бұл 
шешімдер нақты бірізділікті қабылдауды қарастырады және бірнеше 
кезеңдерден тұрады: 
1 Проблема диагностикасы; 
2 Критериялар мен кедергілерді тұжырымдау; 
3 Альтернативтерді бағалау мен анықтау; 
4 Альтернативті таңдау немесе тиімді шешімді қосамыз.
Проблема диагностикасы симптомдардың пайда болуын көрсетеді, 
яғни ондағы мәселе жалпы түрде анықталады, және шешімді қабылдау 
үшін қажетті, сенімді ақпаратты жинау.
Критериялар мен кедергілерді тұжырымдау нақты шешімдер 
қабылдануы мүмкін, рамкаларды анықтау үшін қажет. 
Альтернативтерді анықтау мүмкін болған нақты шешімдердің 
нұсқаларын шектеу үшін қолданылады, сонымен бірге қажеті жоқ 
ақпаратты анықтау және ешқандай шешімдерді қабылдау мумкіндігін 
жинауды жалғастыру мақсатымен алып тастамау керек. 
Альтернативтерді 
бағалау 
мумкін 
болған 
шешімдердің 
нұсқаларын салыстыру үшін қарастырылады, мысалы, сатып алынатын 
жабдықтың бағасы мен сипатына байланысты. 
Альтернативті таңдау тиімді шешімді қабылдаудың соңғы кезеңі. 
Сонымен бірге көбінесе келісім шешімін қабылдауға болады, көптеген 
бөлімдер үшін қолдануға болатын, бірақ кейбіреулеріне негативті әсер 
береді. 


68 
Сапа облысында шешімдерді қабылдау технологиясы мен жалпы 
реті, басқару ғылымында қабылданған әдістер мен моделдерде 
тәртіппен негізделеді. 
Шешімдерді қабылдау тәсілдері мен моделдерінен сапаны басқару 
кезіндегі ең маңыздысы былай көрсетіледі: 
ойын теориясы, ол бәсекелестіктердің маңызды әрекеттерін 
есепке алады; 
• қорды басқару моделі, олардың жиналуынан шығынның 
минимумына әкеледі және осымен қатар үздіксіз жабдықпен 
қамтамасыз етеді; 
• төлем матрицасы, қарастырылып отырған әрбір стратегия үшін 
сату көлемінің күтіп отырған мәндерін анықтап, осының көмегімен сапа 
облысындағы ең жақсы стратегияны таңдап алуға болады. 
• болжау тәсілдері. 
• нарықты зерттеу; 
• белсенді іздену және тұтынушылар мен тапсырыс бершілермен 
әрекеттестік; 
• нарық пен тапсырыс берушілердің өнімнің сапасын және оны 
жасауға деген талаптарын орындау, қызмет көрсету және дайындау; 
• сапа жүйесі мен өнімді сертификаттауды жүргізу;
• жинақталатын бұйым мен материалдар, еңбек ресурстарының 
білікті тасымалдаушыларын таңдау;
• ғылыми-техникалық прогрес туралы ақпаратты жинау және 
талдау, патентті-лицензиялы жұмыс;
жарнама жұмысы, сапа бойынша семинарларға, көрмелерге 
қатысу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет