Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Практикалық сабақ №14. Үстеу және еліктеуіш сөздер



бет10/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары

Практикалық сабақ №14. Үстеу және еліктеуіш сөздер.


Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Үстеудің мағыналық топтары.

  3. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

  4. Еіліктеуіш сөздер, оның түрлері.

  5. Кешенді морфологиялық талдау жаса.

Әйтпесе көбінесе, анадай жерде қырыстанып, көзінің астымен жалт-жұлт қарап, жатып алады. Бұрынырақ кезде бұндайда асын тастап,кісіге қарап жалтақтап, шығып кететін Көксерек енді зор дауыспен «гүрр» етіп, қара ала төбетті алқымынан ала түсті. Төбеттің мойнын бұрғызбастан қансыра тістеп, үлкен төбеттің арт жағы бұлғаң-бұлғаң қағып барып, Көксеректің жанына дүрс етіп сұлап түсті. Мұның даусы шыққан сайын, сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс- ұрс, шәу- шәу етіп үргені естіледі. Ашқарақ азулары сақ-сақ етті. Ақ қасқырды алдына салып, Көксерек арт жағына оңды –солды жалт-жалт қарап, ойға- тасаға таман түсті. Ауыздары басында қалың жүнге толып-толып шықса да, артынан ыстық қанға да,жұмсақ етке, сырт-сырт сынған сүйекке де араласты. Аяқтарының астында ойылып қалған қалың қар бұрқ-бұрқ борайды. Суық қар араласқан жылы тамақты қомағайланып, қылқ-қылқ жұтады. Ондайда Көксерек те қатты қорылдап, гүр-гүр етеді. Артында жерді дүрс-дүрс басқан қатты тұяқтар бұны енді ақ қасқырға қоспады. Кей-кейде ара-түнде жарқ етіп, күрс беріп мылтық та атылады.Сол кезде түйе үстінен бір ұзын нәрсе шошайыпсозылды да, күрс етті (М.Әуезов. Көксерек)




Пайдалынатын әдебиеттер:

  1. Искаков А. Наречие в казахском языке.-Алма – ата. 1960.

  2. Төлеуов Ә. Сөз таптары. – Алматы. 1982.

  3. Қазақ грамматикасы. – Астана.2002.

  4. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы. 2007.

  5. Таңсықбаева Б. Қазіргі қазақ тіліндегі үстеудің сөзжасам жүйесі. КДА.- Алматы.2006

  6. Саурықов Е. Адвербиалдану процесінің құрылымдық семантикалық сипаты. КДА. 1998.

  7. Сарыбаев Ш. Еліктеуіш сөздер. – Алматы.1982.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет