Практикалық сабақ №5. Зат есім, оның түрлену жүйесі.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары: Сан-мөлшер категориясы.
Тәуелдік категориясы.
Септік категориясы.
Жіктік категориясы.
Берілген сөйлемдегі зат есімдердің категорияларын анықтау.
Кешенді морфологиялық талдау жасау. Таң аппақ атып, отау үстінде бозторғай шырыл қағып, жүз бұралған үндермен шырқай бастады. Биік салынған көп жастыққа арқасын сүйеп, басын төмен салып, тасбиғ тартып отырған Құнанбай бұрылып қалды. Абай өз астындағы құла жиреннің бір тәсілін аңғарды. Мал балалап жатыр. Абай бар хабарды, ерекше ынтамен, қызығумен сұрайтын. Сіздің халық шешен сөзді сүйеді.Абай бұл жолғы сапарында көп жүріп кешігіп келген. Қалың үйлер мол жиындар арасын көп жағалап аралады. Мен болыс та, ұлық қосшы да емеспін.
Бірнеше жылдар өтті. Кәкітай Мағауиядан қысы – жазы айрылыспайды. (М.Әуезов. Абай жолы ).
Пайдалынатын әдебиеттер:
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы: Ана тілі, 1991.
Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.
Исаев С.Қазақ тілі. – Алматы. 2007.
Раманова А. Қазіргі қазақ тіліндегі сөз түбіріне кіріккен тәуелдік жалғаулары. Алматы. 2004.