Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Практикалық сабақ №3. Сөздерді таптастыру принциптері



бет2/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары

Практикалық сабақ №3. Сөздерді таптастыру принциптері.

Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Сөз топтары, ол жайындағы көзқарастар.

  2. Атаушы, көмекші және одағай сөздер.

  3. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптары жайлы көзқарастар.

  4. Семантикалық принцип.

  5. Морфологиялық принцип.

  6. Синтаксистік принцип.

  7. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптарының барлығы осы аталған үш принципке бағына ма?

Пайдалынатын әдебиеттер:

  1. Исаев С.Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты.-Алматы: «Рауан», 1998.

  2. Қазақ грамматикасы. – Астана.2002.

  3. Исаев С.«Қазіргі қазақ тілі» (Морфология) курсы бойынша теориялық және практикалық сабақтың мазмұны. (Методикалық құрал.) – Алматы, 1991.

  4. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының қалыптасуы. КДА:- Алматы. 1999.

  5. Мұхтаров С. Қазақ тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі.- Алматы: Ғылым, 2001.

  6. Қордабаев Т. Қазақ тілі білімінің қалыптасу, даму жолдары. - Алматы: Рауан.1995.


Практикалық сабақ №4. Зат есім, мағыналық топтары.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Зат есім жайлы түсінік.

  2. Жалпы және жалқы есімдер.

  3. Деректі және дерексіз есімдер.

  4. Адамзат және ғаламзат есімдері.

  5. Көптік мәнді есімдер.

  6. Көмекші есімдер.

  7. Зат есімдердің лексика-семантикалық топтары.

  8. Берілген сөйлемнен зат есімдердің мағыналық тобын анықтау.



Зат есімдерге толық морфологиялық талдау жасау.
Абайдың жайшылықтағы оқуынан бүгінгі оқуының мақсаты да басқа. Көптен қаладан шықпаған Абайға жаңа көктем енді ғана өзінің келе жатқанын баян етті. Ерболды сүйрей жетектеп, әлгі ән шыққан үйге қарай ентелеп, есі-дерті ауып кетіпті. Ауылдың екінші шеті мен мал иірілетін орта тұсында отырған өңшең қоңыр үй. Жас қыз кезінде Абай мен Тоғжан арасындағы жалынды сырдың азды – көпті куәсіндей болған. Есігі түрулі, түңлігі шалқия ашылған кең үйге көктем сәскесінің бар тынысы, бар үні мол кіріп тұр. Абай Ерболға сүйсінгеннен қатты күлді, көп күлді. Аңшылар аттың басын ірікпестен ағыза шапты. Ділдәнің бұл кезде әжімі көбейіп, сүйек – сүйегі біліне бастаған. (М.Әуезов.Абай жолы ).

Пайдалынатын әдебиеттер:



  1. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы: Ана тілі, 1991.

  2. Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.

  3. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.

  4. Исаев С.Қазақ тілі. – Алматы. 2007.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет