Сабақ №1. Морфология, оның объектісі. Негізгі грамматикалық ұғымдар


Практикалық сабақ №15. Шылау, одағай, модаль сөздер



бет11/11
Дата29.04.2024
өлшемі35.3 Kb.
#500097
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазіргі қазақ тілінің морфологиясынан практикалық тапсырмалары

Практикалық сабақ №15. Шылау, одағай, модаль сөздер.

Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:

  1. Көмекші сөздердің бірі – шылау.

  2. Жалғаулықтар, оның түрлері.

  3. Септеуліктер.

  4. Демеуліктер.

  5. Одағай, оның түрлері.

  6. Модаль сөздер.

  7. Кешенді морфологиялық талдау.

Хандардың аңға шығуы ежелден бір үлкен мереке. Көлдің солтүстік алқабына қонақтарға арнап ақ кигізден басылған он екі қанат үш жүз үй тігілген. 74. Қыпшақтар осы жүз елу жыл жүргізген шапқыншылығында Киевтен бастап Россияның көп қаласына қауып туғызды. Үнемі жорықта, талас-тартыста жүрген Әбілқайыр оны ұмытып та кеткен. Хан есік алдында әмір күтіп тұрған уәзірді жоғарғы жақтағы кілемнің үстіне апарып отырғызды. Қыз жүзінде кенет бір қайғылы сөз пайда болды. Тоғыз торап жол бір жерге келіп түйіседі. Екі апта өткеннен кейін жиырма мың қолымен Әбілқайыр өзі Мауреннахр жеріне қарай беттеді. Хан сүреде тұрған гауhар тас орнатылған алтын тәжісін киді де, қолына асыл тастардан безелген күміс асасын ұстап кеңес сарайына қарай беттеді.
Жәнібек пен Керей Моғолстан ханымен бір ай бірге болып, бір ыдыстан ас ішісіп, бір ауыздан сөз шығарысып, тату-тәтті бітімге келді. Ашудан бір орнында отыра алмады. Сапырылған уыздай сары қымыз судай ақты. Осылай дәлелдермен Асан қайғы қазақтың сол кездегі басты қырық руына таңба үлестірді. (І. Есенберлин. Көшпенділер). Еламан Құдаймендеден қай кезде де жақсылық күтпейтін. (Ә. Нұрпейісов. Қан мен тер). Қыз ертеден бері тоңғанын да сездірмей тістеніп отырған-ды. (Ә.Нұрпейісов. Сергелдең) Ақбаламен сырласқан сайын көңіл шері тарқап, жылы су бүріккен көндей қасаңы жібіп бара жатты. (Ә.Нұрпейісов.Сергелдең).
Пайдалынатын әдебиеттер:

  1. Әміров Р. Қазақ тіліндегі жалғаулықтар.– Алматы. 1959.

  2. Шақаман Ы. Қазіргі қазақ тіліндегі демеулік шылаудың мағыналық құрылымы. КДА: - Алматы. 1997.

  3. Молғаждаров Қ. Көне түркі тіліндегі шылау сөздердің лексика – грамматикалық сипаты.КДА.2000.

  4. Молғаждаров Қ. Көмекші сөздер тарихы.-Көкшетау.2010.

  5. Сарыбаев Ш. Междометия в казахском языке. – Алматы.1959.

  6. Қазақ тілінің грамматикасы.–Алматы.1967. 1 том.

  7. Қазақ грамматикасы. –Астана 2002.

  8. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – Алматы.2007.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет