Практикалық сабақ №9.Есімдік, мағыналық топтары.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:
Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.
Субстантивтік және атрибутивтік есімдіктер.
Есімдіктің мағыналық топтары.
Есімдіктің синтаксистік қызметі.
Есімдіктерге кешенді морфологиялық талдау жасау.
Бұрын мұндай күшке кездеспеген Түйе балуанның ашудан бетіне түгі шықты. Бір топ адаммен ол Көкшетауға жүріп кетті. Ол әуелі қолын жерден алып, тізерлеп отырып денесін жазды. Үйсінге қараған үш – төрт үйде Шолақтан басқаларының бәрі момын екендігі бізге мәлім (С. Мұқанов «Балуан Шолақ»). Шегеннің апасы Бәтжан жаңа тігілген үйдің ұсақ-түйегін жиыстырып кіріп-шығып жүріп балаларды бірінші байқаған, соған орай ұрсып – сөгудің үлесі ол кісіге көбірек тиді. Қалай Мараттың төбесі көрінбей кетті, солай Шеген тағы шыңғыра бастады. (Б. Нұржекеев «Бір өкініш, бір үміт»). Бір күні Алтыбас байдың тезек арбасының қасында жатыр ем, біреу келіп арқамнан құшақтай алды (Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»). Көзіме қан толып кетті білем, ешнәрсені ашық көре алмады (Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы»).
Тақырыпқа қатысты өздігіңнен лабороториялық жұмыстың 1 нұсқасын орында.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991
Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.
Ибатов А.Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы.1961.
АхабаевӘ.ОмароваБ. Қазіргі қазақ тілінен лабороториялық жұмыс. – Алматы: Қазақ университеті , 1992.
Практикалық сабақ №10. Етістік, оның лексика-семантикалық және грамматикалық сипаты.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:
Етістік, оның лексика-семантикалық сипаты.
Етістік, оның грамматикалық сипаты.
Етістіктің лексика-семантикалық топтары,ол жайындағы көзқарастар.
М.Оразовтың топтамасы.
Етістіктердің лексика-семантикалық топтарын анықта. Морфологиялық талдау жаса.
Көзіне қан толып кетті білем, ешнәрсені ашық көре алмады. Бір уақытта селк етіп көзімді ашып кеп қалғанымда көзіме үймелеген қара шыбын ду ете түсті. Жап-жалтыр аспаннан басқа түк көрінбейді, не оңға, не солға бұрыла алмаймын. Аяусыз жан, қанша тепкіні көтеріп, енді маған соның мөлшерін айтып жатыр. Жапардың дәл алдына шығып алып, екі тебініп, екі кебісін екі жаққа ұшырып жіберді. Ертеңгі шуақ күннің алдындағы кәрлі дауылдың түйілген қабағындай, сағат сайын ызғар қосылып барады. Желді күз дауылға айналып келеді. – Ал, кімнің оң жағынан, кімнің сол жағынан келген хикмат екенін көріңдер көздеріңмен! – деп Жұман құлпырып қалды. Антонов келіп қалғанда бұрын араз ағайын бірінің үйіне бірі қалай кіріп кеткенін де білмей қалды. Ауыл үстінде тынбай ойнақтайтын сөздер – сыйыр, есек, ит, шошқа болып басталады да, аяқ жағы баяғы бір ана сорлының атын бұлғап барып бітеді (Ғ.Мүсірепов.Ананың арашасы).
Достарыңызбен бөлісу: |