Практикалық сабақ №7. Сын есімнің шырай категориясы.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:
Қазақ тіл біліміндегі шырай категориясының зерттелуі.
Шырай категориясы, оның түрлері.
Жай шырай проблемасы.
Кешенді морфологиялық талдау.
Сонымен жаңағы сөзіне ілестіре, алдында отырған жуандардың бәрінің жүзін жағалай барлап шықты да, тағы бір сөзін оқ атқандай айтып қалды. «Ат тұмсығы терледі» деген осы. Төбелер беті бұндайда күміс ұшқын төгілткендей күнге шағылысып, көз ұялатады. Дәрменнің сөздерін қақан жоқ. Жақсы сауыншы Тоқсан үйленсе кетіп қалмақшы, сол үшін жібермес болып, жіпсіз тұсап жүр. Мыңжасар – тепсе темір үзетін қайраты бар адам. Азамат қайрат жұмсарға мал менен малайтықтан бөтен тұяқ ілінер бұдыр жоқ. Қыз баратын ауылдың өткір тілді жеңгесі тәрізденіп, ашық әзілге салған. Тұнып тұрған тас қараңғы ұйқыдай. Кім білсін, әлде шамға, біздің дабырға құлақ салып жақындап та келер!- дей, артқа қарай жалт бергенде, бір Әлмағамбет емес, Мағаштан басқа жастардың барлығы қоса жапырылып, артқа қарай салдыра қашты. (М.Әуезов «Абай жолы»).
Пайдалынатын әдебиеттер.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы: Ана тілі, 1991.
Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.
Исаев С.Қазақ тілі. – Алматы. 2007.
Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі сын есімнің категориясы. –Алматы.1961.
Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есімнің шырайлары. – Алматы, 1961.
Қазақ грамматикасы.-Астана.2002.
Практикалық сабақ №8. Сан есім.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:
Сан есімнің лексика-семантикалық сипаты.
Сан есімнің морфологиялық ерекшеліктері.
Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер.
Сан есімнің мағыналық топтары.
Сан есімнің синтаксистік қызметі.
Көркем шығармадан сан есімнің мағыналық топтарына мысал теріп, кешенді морфологиялық талдау жасау.
Пайдалынатын әдебиеттер:
Хасенов А.Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. – Алматы, 1957
Ысқақов А: Қазіргі қазақ тілі.- Алматы: Ана тілі, 1991.
Қазақ тілінің грамматикасы.– Алматы: Білім, 1967. 1 том.
Қазақ грамматикасы. Астана. 2002
Оралбаева Н. Сан есімнің сөзжасам жүйесі – Алматы: Ғылым, 1998.
Достарыңызбен бөлісу: |