Практикалық сабақ №6. Сын есім, мағыналық топтары.
Мақсаты: теориялық білімдерін практикалық тұрғыдан дәлелдеу.
Сұрақтары:
Сын есім, оның лексика-грамматикалық сипаты.
Сын есімнің мағыналық топтары.
Сын есімнің синтаксистік қызметі.
Сын есімдерге морфологиялық талдау жасау.
Абай атының басын өзгелерден оздырыңқырап кеп, қос молаға көз жіберіп, үнсіз тұрып қалды. Көз ашылар бар ма, сірә, бұл дерттен!?-деп қайнай сөйлегенде, кесек жүзіне діріл кіріп, көздері да намыскер ызадан жасаурап кетті. Салған жерден ауызға алып, қиянаттап, айыптап сөйлегені жалғыз Абай болды. Аяғы, «ауыл итінің құйрығы қайқы» дейсің де, түңілесің де тоқтайсың. Жуан ауылдың сотқар малайы, өзі ожар, доғал жас, тегінде,Оспан «шаш ал десе, бас алғандай» іс ететін. Өзге Құнанбай атаулының бұл сағаттардағы «сағым сынды», «бағыма нұсқан келді» деген беймаза байбаламын Абай түсінсе де, өз бойына дарыптаған. «Мұқаттым» деп, «қара жерге отырттым» деп қара борандатып Оразбай, Жиреншелер кеткенмен де, өзінің бұл күндегі ісіне, еңбегіне ойы берік, бойы бекем Абай селт етіп, шіміріккен жоқ.Нұрғанымды білетін, Құнанбайға өші-кегі бардың бәрі де дәл осы арада бүркіті түлкі алғандай мәз болысып, жымың қағысты.Мен саған жағынушы емеспін, қытығыма тиіп кетсең, қауып алатын аузым да бар дегендей бір қыр да көрсетті. Бұл кезде Базаралыға еті үйреніп айтқан сөздер Мағаштан, Шұбардан, Ақылбайдан да кезек шығып отырған. Базаралыға да сезімтал Абай қауымы ем тауып, сынығын сылап тұрғандай. Сондай есептен тыс көмек-достық көрген сайын қанатым жетіліп отырғандай болады, - деді. Дауылды күні лайланған суық жайқын көбік атып толқын ұрса, ортасында кішкентай көк жасыл арал қандай көз тартар еді. Бұл да сол ессіз көл ішінде көздей ғана бір мекен екен.(М.Әуезов . Абай жолы)
Пайдалынатын әдебиеттер:
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі.-Алматы: Ана тілі, 1991.
Қазақ тілінің грамматикасы. – Алматы: Білім, 1967. 1 том.
Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы . – Алматы. 2007.
Исаев С.Қазақ тілі. – Алматы. 2007.
Шәкенов Ж. Қазақ тіліндегі сын есімнің категориясы. –Алматы.1961.
Достарыңызбен бөлісу: |