11-ден 20-ға дейінгі сандар / Көгөніс қалай өседі?94-95 бет
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
1. 1. 2. 5 ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды/ 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау;
1. 5. 1. 6 қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын негіздеу, шығару әдісін түсіндіру.
Сабақтың мақсаты
ондықтан аттамай біртаңбалы сандарды/ 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындайды;
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруүшін ширату жаттығуларын жасатады.
Өткен тақырыпқа шолу, жаңа тақырыпты ашу «Ауызша жаттығу» әдісімен жүреді: -11-ден 20-ға дейінгі сандарды қосу, азайтуға мысалдар айтып, мәнін табыңдар.
-Балалар, өткенде математика сабағында не істедік?
-Ендеше бүгінгі сабағымызда да 11-ден 20-ға дейінгі сандармен тапсырмалар орындап, білімімізді кеңейтетін боламыз.
Оқу мақсаты жарияланады.
(Ұ) 1- тапсырмада «Ауызша жаттығу»жүзеге асады.
1) Бақшадан қанша килограмм қызанақ пен қияр жинады? Тапсырманы орындаңдар.
Ш:12+8=20
Ж: 20 кг көгөніс жинады.
2) Сұлбасын дәптерге салып, оны толтырыңдар. Есепті шығарыңдар.
Ш:15+5=20
Ж: 20 түп.
Кері есеп: Бақшаға 15 түп қызанақ пен бірнеше түп қияр отырғызылды. Барлығы 20 түп көгөніс отырғызылған болса, неше түп қияр отырғызылды?
3) Есептеңдер. Өзара байланысты өрнектер құрастырыңдар.
12 + 4 =16 16-12=4 16-4=12
16 + 2 =18 18-16=2 18-2=16
10 + 7 =17 17-10=7 17-7=10
10 + 2=12 12-10=2 12-2=10
Саралау тәсілі «Тапсырма»арқылы жүзеге асады.
Кейбір оқушыға: 12 мен 6-ның қосындысын 19-бен салыстыр.
Сергіту сәтінде «Ханталапай» ойыны ойналады. (Д, Ж) 2- тапсырма «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі. 4) Бірінші бағанға қосындыларды, екінші бағанға айырмаларды жазыңдар. Олардың мәнін табыңдар.