ІV. Жаңа сабақты бекіту: 1. Оқулықпен жұмыс. 45-жаттығу.
Әке, ақылды, төрт, ол, оқыған, оқу сөздерін атау және ілік септіктерден басқа септіктерге қойып, толықтауыш етіп сөйлем құраңдар.
46-жаттығу
1. Мәтінді түсініп оқыңдар.
2. Әңгімедегі тура және жанама толықтауыштарды тауып, қандай сөз табынан жасалғанын, қандай септікте тұрып, тұрлаулы мүшелердің қайсысымен байланысатынын анықтаңдар.
3. Әңгімеде даналықтың көзі неде деп танылғаны жайлы пікір алысыңдар.
V . Үй тапсырмасын беру. 1. Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш. 2. 47,48-жаттығулар. VІ. Оқушылардың жауаптарын бағалау.
VІІ. Сабақтың аяқталуы:
Сабақ жоспары Пән аты: Қазақ тілі.
Сыныбы:8
Күні, айы, жылы:
Тоқсан: ІІ
Мұғалім: Омарбекова М
Сабақтың тақырыбы:Анықтауыш Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушылардың анықтауыш туралы лингвистикалық білімдерін кеңейту, синтаксистік талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.