Сабаќ жоспары



бет30/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс -тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
3.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен
мақсаты туралы хабарлау
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш.
2. 47,48-жаттығулар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

  1. Тақтадағы сөйлемдер арқылы түсіндіру.

  1. Айсыз кеш қоңырқай ағаш үйдің қорасында қап-қараңғы боп тұнып қапты.




  1. Бұл үйдегі барлық жайды қонақтарына орысша ұғындырған соң, Абай біраз тоқтап, қарсы алдындағы кесек денелі ұрыға көп қадалып қарады. (М.Ә.)




  1. Осы жиынға сәлем айтқан – Зередей аналары екен.(М.Ә.)




  1. Кеңсенің сыртындағы кішкене қақпадан кіріп, екі бөлмелі үйге келдік.

5. Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.

  1. Лингвистикалық білім беру.

Тұрлаусыз мүшелердің екінші бір түрі – анықтауыш. Ол көбінесе зат есімнен болған мүшелерді сын, сапа, сан-мөлшер, иелік жағынан сипаттайды.
Анықтауыш сөйлеген сөзімізге көрік, өң береді. Көркем шығармадағы табиғат көрінісін адам келбетін, мінез-құлқын суреттеуде анықтауыш ерекше орын алады. Мысалы: Қыс бойы сұрапылдың ойнағы болған белес-белес елсіз Итжан ақ көрпесін серпіп тастап, көк торғынға оранып жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет