ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Тақырыпты тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру.
Сағынған ер елін аңсайды,
Сары ала қаз көлін аңсайды.
2) Отан оттан да ыстық.
Опасызда отан жоқ
Еңбек ерлікке жеткізер,
Ерлік елдікке жеткізер.
Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар
Оқушыларға лингвистикалық білім беру.
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, бірі – ойды анықтау үшін, екіншісі – ойды толықтыру үшін, үшіншісі – ойды пысықтау үшін алынған сөздерді сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері дейміз.
Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі.
Толықтауыш деп баяндауыш білдіретін амал - әрекетті, іс – оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесін айтамыз.
Толықтауыш көбінесе баяндауышпен байланысқа түседі.
Толықтауыштың негізгі белгілері:
Толықтауыш атау ілік септіктерден басқа септіктерде тұрып, затты нұсқайды. Кейде толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
Толықтауыш болатын сөз заттық мағынаны білдіреді.
Сұраулары аталған септіктердің Кім? Не? түбірлес сұраулары болады.
Байланысу түрі – меңгеру және жанасу.
Толықтауыш та құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі болып келеді.
Бір сөзден болған толықтауышты дара толықтауыш дейміз.
Татулықта табыс мол.
Күрделі сөздерден болған толықтауышты күрделі толықтауыш дейміз.
Үйірлі мүшеден болған толықтауышты үйірлі толықтауыш дейміз.
Жасау дегеннен көз тұнады. (М.Ә.)
Толықтауыш тұратын септіктер және толықтауыштың түрлері.
|
Толықтауыштың
сұрақтары
|
Мысалдар
|
Тура толықтауыш
табыс септігінде
|
Кімді? нені?
|
Жаман – сыйлағанды білмес.
|
Жанама толықтауыштар
Барыс септігінде
Жатыс септігінде
Шығыс септігінде
Көмектес септігінде
|
Кімге? неге?
Кімде? неде?
Кімнен? неден?
Кіммен? немен?
|
Күресуге дәрмен жоқ.
Халықта жер бар.
Күштіден істі озды.
Бала тоқсанды беспен бітірді.
|
Достарыңызбен бөлісу: |