Сабаќ жоспары


Анықтауыштың негізгі белгілері



бет31/93
Дата28.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479003
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93
8-сынып қазақ тілі 1,2,3,4 тоқсан

Анықтауыштың негізгі белгілері.

  1. Зат есімнен болған мүшені сындық, сандық, иелік жағынан сипаттайды.

Соған сәйкес негізгі сұраулары: қандай? қай? қанша? неше? кімнің? ненің? Ілік септіктегі сөздер анықтауыш болады.

  1. Өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысады.

Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.


Анықтауыш болатын сөз таптары.

  1. Сын есім. Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір шықты байқады

  2. Зат есім. Құрылысшы қыз көміршілер қаласына абыроймен оралды.

  3. Сан есім. Қазір зәулім мектепте алты жүз бала оқиды

  4. Есімдік. Сіздің бар шығармаңыз осы үйден табылады.

  5. Етістіктің есімше түрі. Екі ұшқыш келген шаруаларын баяндай жөнелді.

  6. Ілік септік жалғаулы сөздер. Баймақан Жомарттың кабинетіне кірді.

Анықтауыш та құрамына қарай дара және күрделі болады. Дара анықтауыш бір сөзден болады.


Мысалы: Осы жиынға сәлем айтқан – Зередей аналары екен.(М.Ә.)
Күрделі анықтауыштың құрамында екі я одан да көп сөздер болады.
Мысалы: Кеңсенің сыртындағы кішкене қақпадан кіріп, екі бөлмелі үйге келдік.
Бұл сөйлемде кеңсенің сыртындағы деген күрделі анықтауыш, ол негізгі сөз (кеңсенің) бен көмекші есімнің (сыртындағы) тіркесінен жасалған, екі бөлмелі деген күрделі анықтауыш сөз тіркесінен (сан есім мен сын есімнің тіркесінен) жасалған.
Күрделі анықтауыштың жасалуы.

  1. Сөз тіркесінен болады.

  2. Күрделі сын есім, сан есім және етістіктен болады.

  3. Негізгі сөз бен көмекші сөзден болады.

Үйірлі анықтауыштар құрамындағы сөздер іштей сөйлем мүшелеріне талданатын тәрізді көрінеді, бірақ оларды сөйлем мүшелеріне талдауға болмайды. Өйткені бәрі бірігіп, бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөзді анықтайды. Мысалы: Ыстық шаңға құмыққан Байжан купенің терезесін қайта түсіріп жіберді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   93




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет