2. Сабақтас құрмалас сөйлем тақырыбы бойынша тест жүргізу. IV. Үйге тапсырма беру: 1. Оқулықтан 123-бетті оқу 2. Көркем әдебиеттен көп бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді теріп жазу. V. Оқушылардың жауаптарын бағалау. VI. Сабақтың аяқталуы. Сабақ жоспары 1.Пән аты: Қазақ тілі 2.Сыныбы: 8 3.Күні, айы, жылы: 24.02.2012 4.Тоқсан: IV 5.Мұғалім: Омарбекова м Сабақтың тақырыбы: Шартты бағыныңқы сабақтас Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың сабақтас сөйлемнің түрлері туралы түсініктерін кеңейту, шартты бағыныңқы сөйлемнің жасалу жолдарын жаттығу жұмыстары арқылы бекіту. 2.Тәрбиелік:оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу. 3.Дамытушылық: оқушылардың лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Сабақтың типі:аралас Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру. Сабақтың көрнекілігі:тақырыпқа байланысты кесте,үлестірмелер. Пәнаралық байланыс:қазақ әдебиеті Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу 2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару 4.Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты туралы хабарлау II.Үй тапсырмасын тексеру:
1. Оқулықтан 123-бетті оқу 2. Көркем әдебиеттен көп бағыныңқы сабақтас сөйлемдерді теріп жазу.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру: 1.Тақтаға жазылған сөйлемдер арқылы түсіндіру. 1. Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. (Ы.А.)
2. Тағы да екі-үш күн бөгейтін амалын тапсаң өзің, қозыдай көгендеп қолыңа берейік. (Х.Ерғ.)