Асқабақтан пюре көже. Қабығынан тазаланған және дәндері алынған асқабақты жұқалап кесіп, жабық ыдыста сүт құйып, әлсіз отта жіберіп пісіреді. Дайын болуға 5-7мин қалғанда наннан кепкен гренки қосады. Массаны езгілейді, қалған сүтті қосады, қайнатуға дейін жеткізеді, оттан түсіріп, кілегей мен сары май қосады. Гренкимен ұсынады.
Жармадан пюре көже. Бұл кежені дайындау үшін күріш, сұлы, арпа, бидай жармаларын қолданады. Көжені дайындау үрдісі күрделі. Жарманы езгілегенде көп қалдық қалады. Дайындау үрдісін жылдамдату және үнемдеу үшін жарма ұнын пайдалануға болады. Бұл үшін жарманы сұрыптайды, жуады, кептіріп, езеді. Осы жарманы ыстық сүтпен немесе сорпамен араластырып, қыздырады, сосын льезон қосады. Сұрыпталған және жуылған жарманы қайнап жатқан сорпаға немесе суға қосады, жартылай дайын болғанша пісіреді, пассерленген пияз бен тамырлар қосады, дайын болуга жеткізеді, езгілейді, сорпамен немесе сумен қажетті консистенцияға дейін сұйылтады, льезон немесе сары маймен ыстық сүт қосады. Ұсынарда гренкиді бөлек береді.
Достарыңызбен бөлісу: |