Бұршақтан пюре көже. Алдын-ала суда ісіндірілген бұршақты тұзсыз, жұмсарғанша пісіреді, пассерленген пияз бен тамырлар қосады, кайнатуға дейін жеткізеді, езгілейді, ақ тұздықпен қосады, қажетті консистенцияға жеткізеді, тұз қосып, қайнатады. Бұл көжеге льезон қоспайды. Көжені ысталған шошқа кеудесімен, сан етімен ұсынуға болады. Гренкиді бөлек ұсынады.
Құс етінен пюре көже. Формаланған құс ұшаларын дайын болғанша пісіреді. Пісіруде сәбіз, петрушка, пияз қосады. Піскен құс ұшасының етін сүйегінен арылтады. Кесектерге кесіп, ет тартқыштан өткізіп, сосын езгілейді. Езгіленген массаны ақ тұздықпен қосады, қажетті консистенцияға жеткізеді, тұз қосып, қайнатады. Дайын көжеге льезон қосады. Ұсынарда тарелкаға шырпылап кесілген құстың сүбе етін салады, гренкиді бөлек ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |