Бауырдан пюре көже. Кесектерге кесілген бауырды сәбіз бен пияз қосып, сэл қуырады. дайын болғанша бұқтырады, езгілейді. Езгіленген массаны ақ тұздықпен қосады, сорпамен қажетті консистенцияға дейін сұйылтады. гұз қосып, қайнатады. Дайын көжені льезонмен. сары маймен қатықтайды. Гренкимен ұсынады.
Биск көжелер. Бұл көжелер Батыс Еуропа елдерінде танымал. Биск көжелерді шаяндардан, креветкалардан, омар мен теңіз шаяндарынан дайындайды. Шаяндардан биск дайындау үшін шаяндарды алдын-ала қайнатады, мойны мен қысқыштарын бөліп, тазалайды. Панцирдің аяқтарын сындырып, ішек-қарнын алады. Сары майда пассерленген пияз, сәбіз, сельдерейге панцирь мен мойын, кысқыштан тазаланғандарды қосады, коньяк құйып, фломбирлейді (коньяктың спирт негізін алу үшін жағады). Балық сорпасын құяды, күріш, тазаланған мойынды, ақ шарап, хош иісті шөптерді қосып, күріш жұмсарғанша пісіреді. Дайын массадан шөптерді алып тастайды, сосын блендерде майдалайды, елек арқылы езгілейді, қайнатуга дейін жеткізеді, лимон шырынын, кілегей мен сары май қосады.
Шикізатқа қойылатын талаптар:
Тамақ дайындау үшін пайдаланылатын азық-түлік шикізаты, Тамақ өнімдері және жартылай фабрикаттар қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуі, олардың қауіпсіздігі мен сапасын растайтын ілеспе құжаттарының (сәйкестік сертификаты, санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды, қауіпсіздік және сапа куәлігі және т. б.) болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |