6
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал
келтіру, жорамалдау, анықтау,негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау,
өндіру, балама шешім ұсыну, себебін түсіндіру, пысықтау,қайта
ұйымдастыру, басқа сөзбен айту,
мазмұндау, қайта қарап шығу,
көшіріп алу, рөлдікойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі
мақсатта пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру [1, 18].
Сабақ оқытудың сыныптық жүйесіне жататын, оқыту үрдісін
ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мұғалім өз саласында
үздік жетістіктерді, озық тәжірибелерді меңгерген, теориялық және
практикалық біліммен жеткілікті деңгейде қарулануы қажет. Ол
шәкіртіне білім беруші ғана емес, адал тәрбиешісі, моральдық
демеушісі.
Сабақтық сапасын арттыру оқушылардың танымдық әрекетінің
белсенді түрде қызмет етуімен тікелей байланысты.
Оқытудың жа-
ғымды уәждемесін тудыру, оқыту әдістерін тиімді қолданып, түр-
лендіріп жүргізе білу, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын
қамтамасыз ету, білімді үздіксіз бағалау жүйесін жүзеге асыру
оқытуда нәтижеге жетудің алғы шарттары болып табылады.
Жаңаша оқытуда оқушы неғұрлым белсенді болады, мұғалім
оқу материалын дайын күйінде емес, пән бойынша өзекті мәселелер
төңірегінде проблемді сұрақтар қою, өздігінен орындайтын шығар-
машылық, ізденімдік жаттығу, тапсырмалар беру тиімді.
Мұғалім өз-өзіне есеп беруде сабақ мақсатының орындалуына,
оқушылардың нақты жаңа қандай мәлімет алғандығына, яғни таным-
дық қажеттіліктерінің орындалғандығына,
уақыттың тиімді-тиімсіз
тұстарын, әдіс тәсілдердің тиімді-тиімсіздігіне, нәтиженің жоғары-
төмен болғандығына назар аударуы тиіс. Бүгінгі сабақ оқушылардың
жеке-тұлғалық дамуына, гумандық ұстанымға негізделеді.
Оқу үрдісінде оқушылардың пән бойынша білім мен іскерлік,
дағды, құзыреттіліктері қалыптасуына, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекет-
терін жүргізе алуына, әлеуметтік-мәдени кеңістікте өзін еркін сезінуі
тәрізді функционалдық сауаттылығын қалыптастыру мәселелеріне
баса назар аударылады.
Оқытудағы басты ұстанымдар құндылықтық-бағдарлық, іс-
әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, қатысымдық, ынтымақтастық әрекет-
тердің жүзеге асуы білім беру үдерісі нәтижелерінің жоғары болуын,
білім сапасының артуын көздейді.
Жаңа білім беру бағдарламасының ерекшеліктерінің бірі –
оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты
7
ретінде жүзеге асуына мән беру. Сондай-ақ қатысымдық-танымдық
оқыту әдістерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияны тиімді
қолдану арқылы оқушылардыңөз
бетінше білім алып, өзін-өзі да-
мытып, жетілдіруіне мүмкіндіктер беру.
Оқыту мақсаттары негізіндегі күтілетін нәтижелер өзін-өзі
оқыту субьектісі және тұлғааралық қарым-қатынас субьектісі ретін-
дегі оқушы тұлғасына бағытталады. Оқу - пәндік білім, іскерлік, дағ-
дылар ғана емес, сондай-ақ кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына
бағытталады. Кең ауқымды дағдылар –ХХІ ғасыр дағдысы деп ата-
лып кеткен жүйе негіздерін құрайды. Атап айтқанда, оқушының сыни
тұрғыдан ойлау қабілеті, ақпараттық, қатысымдық құзыреттілігінің
қалыптасуы, ынтымақтастық негізде, әлеуметтік ортада өмір сүру
бейімділігінің жоғары болуы, білімін
шығармашылық негізде шы-
найы өмірде қолдана білу, топпен немесе жеке де жұмыс жасай білуі
тәрізді дағдыларының қалыптасуы маңызды. Кең ауқымды дағдылар
оқушының мектепте, одан кейінгі өмір сүру жағдаяттарында табысты
болуының кепілі ретінде ұсынылады.
Жаңа білім беру бағдарламасында оқушы бойындағы жетістік-
терге жетуде қиындықтарды жеңуге деген жігерлілік, алғырлық,
өзгерістерге дайындығы, байланысқа бейімділігі, өмір бойы білім
алуға ынталандырады. сияқты тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру
өзекті.
Қазақстандық білім беру жүйесінде «отансүйгіштік» «азаматтық
жауапкершілік», «ынтымақтастық», «еңбек», «ашықтық», «өмір бойы
білім алу» тәрізді басты ұғымдық білім берудің басты құндылық-
тарына оқушыларды дағдыландыру да маңызды.
Қазіргі кезеңде
жылдық, тақырыптық, сабақ жоспары педаго-
гикалық терминдерінің орныны
ұзақ мерзімді жоспар, орта мерзімді
жоспар және қысқа мерзімді жоспар деген терминдер қолданып
жүргені белгілі. Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларда оқу
мақсаттарының сипаты тақырыптар мен бөлімдер бойынша сабақтар
өткізудің және оқу үрдісінде оқушыларды тиімді ұйымдастыру тура-
лы ұсыныстар беріледі. Оқу ресурстар ұсынылады: Интернет ресурс-
тары, мәтіндер мен жаттығулар, бейне-дыбыстық материалдар, т.б.
Ұзақ мерзімді жоспарда оқу жылына арналған тақырыптар, бөлімдер
анықталады. Орта мерзімді жоспарда әрбір тоқсанға немесе бөлімге
арналған оқу тақырыптары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: