8
Сонымен, қысқа мерзімді жоспар – сабақ, оның құрылымдық-
мазмұндық ерекшеліктеріне тоқталайық. Сабақ – біртұтас жүйе,
мектепте оқытуды ұйымдастырудың ең басты, тиімді формасы.
Сабақ - педагогикалық қарым-қатынас ретіндегі күрделі дидак-
тикалық, психологиялық үрдіс. Сабақ сапалы өту үшін оған қойыла-
тын жалпы дидактикалық талаптардың орындалуы шарт. Олар:
- әрбір сабақтың білімдік,
тәрбиелік, дамытушылық мақсаты-
ның айқындылығы;
- өткен оқу материалы мен жаңа оқу материалының өзара
байланыстылығы;
- оқу материалының оқушы өмірімен тығыз байланыстылығы;
- оқу мазмұнының оқушының логикалық ойлау қабілетін да-
мыта алуы;
-
іскерлік, дағдыларын қалыптастыратын практикалық жаттығу
жұмыстарының басым болуы;
- әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы;
- пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуы;
- оқушы білімінің үнемі бақылауда болуы;
- жағымды мотив тудыра білу;
- оқушылардың жас, дара, психикалық білім деңгейі ерекшелік-
терінің ескерілуі;
- педагогикалық әдеп талаптарының сақталуы.
Сабақтағы әдістердің пікірсайыс, ми
шабуылы, эвристикалық
немесе “Сократ” әдісі, дөңгелек үстел, іскерлік, рөлдік ойындар
(симуляция), дыбыстық-бейнежазба материалдарын қолдану, мульти-
медиа т.б. оқушылардың сабаққа
қызығушылықтарын арттырумен
бірге, оқу материалының түсінікті де жеңіл берілуіне мүмкіндік
береді.
Ұсынылып отырған
әдістемелік қҧрал - қысқа мерзімді жос-
парлардың үлгісі. Құралда қысқа мерзімді жоспардың мақсат, мін-
деттері мен мазмұнына талдау жасалынады.
Қысқа мерзімді жоспарды құруда
басшылыққа алатын мәсе-
лелер төмендегідей:
- оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттары басшылыққа алынады, осыған сәйкес мақсаттың нақты,
нәтижелерінің алдын ала өлшенетіндей етіп құрылуы;
- күтілетін нәтижелер бастапқы
көзделген мақсат негізінде
алдын ала анықталады.
9
- орта мерзімді жоспардағы оқу әрекеттер, әдістемелік кеңес-
тер, мен оқу ресурстары ескеріледі;
- мұғалімнің қалауы бойынша оқу әрекеттері қажеттілігіне
қарай үнемі толықтырылып отырады;
- оқушылар оқу үрдісінің субъектісі ретінде әрекет етеді.
- Оқушының тұлғалық ерекшеліктері (дара
ерекшеліктері,
ынта-ықыласы, танымдық қажеттіліктері, оқу мотивациялары т.б.)
ескеріле келе, оқытудың тиімді әдістері мен тиімді оқу құралдары
анықталады;
- үздіксіз бағалауға басымдық беріледі (критериалды бағалау),
оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне сәйкес жаттығу-тапсыр-
малар дайындалады, оларға сәйкес дескрипторлар құрастырылады;
-
Рефлексиялық, кері байланыс жүйесі үздіксіз жүзеге асып
оытрады
- Сабақтан соң мұғалімнің өзіне өзі немесе әріптестер арасында
есеп беруі, талқылауының үздіксіз жүзеге асып отыруы, мақсаты –
өзінің кәсіби-әдістемелік шеберлігін шыңдау (оқушылары не үйренді,
түсінбесе, оның басты себептері, әдістердің қолайлығы,
тосын жағ-
дайлардың шешілу жолдары, оқушыларды жалықтырмау, бағалаудың
объективтілігі, т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: