Күні: 15.01. 2019ж
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мақсаты: Оқушыларға ертегілер тамашалату арқылы ойлау,қабылдау, елестету қабілеттерін дамыту. қиял ғажайып ертегілерді көре отырып қиялдауға жағдай жасау. Көрнекі бейнелік ойлау элементтерін дамыту
Көрнекіліктер: сенсорлық бөлме жабдықтары
Сабақ түрі: ойын терапиясы
Сынып: 2 «А»
Сабаққа қатысқан оқушылар:
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Көңілді шеңбер»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіздерме балалар!
Менің қолымда әдемі балапан бар. Бір –бірімізге балапанды беру арқылы тілектер айтамыз.
Арай саған ашық аспан тілеймін.
Жарайсыңдар!
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Бір-біріне тілектер айтады.
|
«Cәлем» есту қабілетін, көру арқылы қабылдау қабілетін дамыту.
|
Сәләматпа қолым
Сәлем ,сәлем
Сәламатпа қолым
Үлкен сәлем
Алақай,алақай!
Қайда болдың балақай?
Сәламатпа аяқ
Сәлем сәлем
Сәламатпа аяқ
Үлкен сәлем
Қайда болдың балақай?
|
«Амандасу» әнін бірге орындайды.
|
«Ертегі тыңдайық»
|
Балалар қараңдаршы мына не? Кітап. Бұл қандай кітап? Бұл ертегі кітап. Ертегі кітапқа қараңдаршы ненің суреті бар? бауырсақтың суреті бар. бұл «Бауырсақ» ертегі кітабы.
Балаларға ертегіні оқып беру.
Ерте, ерте, ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Олар нашар тұрмыс кешіпті. Бір күні шалдың қарны ашып, кемпіріне:
- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен- Кемпір, кемпір, бауырсақ пісірші, - депті.
- Үйде ұн жоқ,қалай пісірем?-дейді кемпірі.
- Қаптың түбін қырып алып, қалғанымен пісір, - дейді шалы.
Сөйтіп кемпір қаптың түбін қырып, соңғы қалған ұнмен бауырсақ пісіріпті. Бауырсақты суысын деп терезенің алдына қойып қояды. Ашық терезеден бауырсақ домалап кетеді. Орманның ішімен жолда келе жатса бауырсаққа қоян кездеседі. Қоян:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп бауырсақ қояннан қашып кетеді.Жолда бауырсаққа қасқыр кездеседі. Қасқыр:
- Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін,-дейді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, сенен де құтылам,-деп бауырсақ қасқырдан қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа аю кездеседі. Аю да бауырсақты жегісі келеді.
- Атадан да құтылдым, әжеден де құтылдым, қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым, сенен де құтылып кетем,-деп, бауырсақ қашып кетеді.
Жолда бауырсаққа түлкі кездеседі. Түлкі қулыққа салып:
- Көзім де көрмейді, құлағым да естімейді, тұмсығымның үстіне тұрып айтшы,-дейді.
Бауырсақ сеніп қалып түлкінің тұмсығына шыққан кезде, түлкі бауырсақты жеп қойыпты.
\ролдерге бөліп балалармен ойнау\
Қайталап айту арқылы іс-әркеттермен көрсету.
|
Ертегі тамашалайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Ертегі кейіпкерлерін рөлдерге бөлініп ойнайды
|
«Сиқырлы кілем» қиялын дамыту.
|
Балалар ертегілер тамашаладық. Балалар біз қазір сиқырлы кілемге отырып жұлдыздарға саяхатқа барамыз.
(кілем шамдарын қосу, түсті шамдарды қосып қою)
Балалар бұл сиқырлы кілемнің ерекшелігі қараңдаршы кілемшеміз түр-түсті шамдармен жарқырып тұр. Балалар түн болғанда аспанға қарасақ нелер көреміз?
Жұлдыздарды көреміз?
Жұлдыздар қандай?
Ендеше сиқырлы кілеммен аспанға ұшайық. (бөлме шамын сөндіріп, түсті шамдар қосу)
Балалар қараңдаршы түн болды, бірақ жұлдыздарымыз жарқырып жанып тұр. Түр-түсті солайма? Түстерін атайық.
(балаларды айнаға қаратып,түсті шамды денесіне тигизіп, жұлдыздар арасында жүргендей сезіндіру.)
Балалар күн шығып келе жатыр қанекей жерге түсейік.
|
Балалар кілем үстіне жайғасып отырады.
Балалар тамсанады.
Балалар ұшып жүргендей қимыл -қозғалыс жасайды.
Балалар кезекпен айнаға қарап жұлдыздар арасында жүргендей сезінеді.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, алып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Көз алдымызға жұлдыздар арасындағы саяхатымызды елестетеміз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі ертегіміз ұнадыма?
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |