Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«Көңілді шеңбер»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерма балалар
Психологиялық жағдай
« Көңілді смайлктер»
Қазір мына көңіл-күйді білдіретін смайлктерге қарап өзіміздің көңіл күйімізді көрсетейікші.
|
Оқушылар амандасады.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Көңіл - күйді қандай бет әлпет мимикамен көрсетеді.
|
«Сыйлық сыйлау» туралы айту арқылы сөйлеу, ойлау,қабылдау қабілеттерін дамыту. туысқандарын татуға үйрету.
|
Балалар сендер сыйлық сыйлап көрдіңдерме? Кімге сыйлық сыйладыңдар? Ал өздерің сыйлық алып көрдіңдерма? Әрине алдыңдар. Қай кезде сыйлықтар алдыңдар? Жаңа жыл мерекесінде аяз атадан алдыңдар. Ал тағы қай кезде алдыңдар? Өз туылған күндеріңде солайма?
туылған күн иесіне туылған күніңмен деп сыйлықтар береді. Сендер туылған күндеріңде қандай сыйлықтар алдыңдар?
Балалар сыйлықты сыйлау әдебі де бар сендер білесіңдерме? Егерде сендер достарыңа немесе аналарыңа сыйлық сыйлағанда шын жүректеп ұсынып тілек айтып бересіңдер. Ал сыйлықты жай ғана бере салуға болмайды. Сыйлықты сыйлап болған соң мен саған сыйлық сыйладым деп көп айта беруге болмайды бұл әдептілікке жатпайды. Сыйлықты сатып алуға немесе өз қолдарыңмен жасауға болады. Сендер аналарыңа сыйлықты өз қолдарыңмен жасап ұсынсаңдар өте қуанып қалады. Сондықтанда сыйлықты қолдан жасауды үйреніңдер. Ендеше өз қолдарымызбен сыйлық жасап, достарыңа, апайларыңа сыйлық ретінде ұсынуға болады.
|
Жаңа жылда алған сыйлықтары туралы айтады.
Туылған күнінде алған сыйлықтары жайлы айтады.
|
. «Сыйлық дайындау»
|
Балалар қазір түсті қағаздардан түрлі сыйлықтар дайындаймыз. Ол іүін бізге ақ қағаз, түсті қағаз,желім,қайшы, түсті қарандаштар керек. Әрқайсымыз өзімізге ұнайтын түсті қағазды таңдайсыңдар. Еңбек сабағынан жасап үйренген қол өнерімізді дайындаймыз.
.
|
Түсті қағаздармен сыйлықтар дайындайды. Сыйлығына атын жазып сыйлайтын адамға тілек жазады.
Бір-біріне тілектер айтып, сыйлықтарын береді.
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз аспанға қарап,аяғымызды созып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. (1мин демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастады. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі туған күні ұнадыма?
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады.
|