Ойын атауы, мақсаты
|
Психологтың іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
«ерекше амандасу»
Балалардың көңіл-күйлерін көтеру.
|
Сәлеметсіңдерме балалар!
Балалар біз біз қайда келдік? Жұмсақ болмеге. Балалар ендеше бір-бірімізбен ерекше амандасып алайық. Шеңбер бойымен тұрып бір бірімізге қарап бас-басымызбен,иық-иықпен, алақан-алақанмен, арұа арқамен, аяқ-аяқпен амандасайық.(балаларға көрсету)
|
.
Бір-бірінің қолдарынан ұстап дөңгеленіп тұрады.
Оқушылар бір-бірімен ерекше амандасады
|
«Бірге саяхаттаймыз» Балалардың бір-бірімен қарым-қатынас дағдыларын, дамыту.
|
Балалар сендер сыныптастарыңмен қайда бірге бардыңдар? Ендеше бірге менімен бірге саяхатқа шығасыңдарма? Қайда барамыз? Маған бір ой келді біздің мектепке тапсырмалары өте көп сиқырлы тасбақа келді соған қонаққа барайық. Ол үшін мына паравозға билет алып вагондар жалғауымыз керек.
Жарайсыңдар ендеше пойызымыз жүруге дайын бір-бірімізді ұстап алып ән айтып тасбақаға барайық.
|
Балалар өздеріне берілген түсті билет арқылы түсіне сәйкес пішінді алып паровозға жалғап отырады.
|
«Сиқырлы тасбақа» тапсырмаларын орындату арқылы таным қабілеттерін, саусақтың ұсақ бұлшықеттерін дамыту.
|
Балалар қараңдар мен тсбақаны көрдім сендерше? Ендеше біз тасбақағада келіп жеттік. Қанекей бір-біріміздің қолдарымыздан ұстап тасбақаға барайық. Тасбақа қандай түс? Жасыл түсті екен? Тасбақа туралы не білесіңдер? Қараңдаршы тасбақа тасында көптеген тапсырмалар бар екен? Орындауға дайыңсыңдарма? Жарайсыңдар!
Тапсырмалары бойынша сұрақтар қойып отыру. Оқушыларды мақтап мадақтап отыру. Балалар біз тасбақаның тапсырмаларын орындап болдық. Кеш болып кетті үйге қайтатын уақыт келді барлығымыз өз вагондарымызға отырып үйге қайтайық. Пойызымызда көп күтіп қалды. Үйгеде келіп жеттік.
|
оқушылар тасбақа бейнесі туралы айтады.
Тасбақа тапсырмаларын орындайды
|
Релаксация
Оқушылардың демалуына жағдай туғызу.
Кері байланыс
|
Балалар сендер шаршадыңдарма? Ендеше барлығымыз өз үйімізге барып аяғымызды созып, ыңғайланып жатайықшы. Түнде біз ұйықтаймыз. Қанекей түн болды барлығымыз көзімізді жұмып ұйықтаймыз. Сөйлеуге болмайды. ( 20 секунд демалу сәті)
Таң атты. Балалар ұйқысынан ояна бастайды. Орнымыздан тұрамыз, керілеміз. Сендерге бүгінгі қонаққа барумыз ұнадыма? Қайда бардық? Тасбақаның қандай тапсырмаларын орындадыңдар.?
Жарайсыңдар!
|
Көздерін жұмып жатады.
Көздерін ашады. Орындарынан тұрып керіледі, қолдарын жоғары төмен қозғалтады
Сұрақтарға жауап береді.
|