Сабақтарды қысқа мерзімді жоспарлау бойынша Әдістемелік ұсынымдар по краткосрочному планированию



Pdf көрінісі
бет3/181
Дата27.09.2023
өлшемі6.44 Mb.
#478867
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181
final-1

 
 



НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР 
Академиялық еркіндік – білім беру процесінің субъектілеріне таңдау 
компоненті пәндері, оқытудың қосымша түрлері бойынша білім мазмұнын дербес 
анықтау үшін және білім алушылардың, оқытушылардың шығармашылық дамуына 
және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай 
жасау мақсатында білім беру қызметін ұйымдастыру үшін ұсынылатын білім беру 
процесі субъектілерінің өкілеттіктер жиынтығы. 
Асинхронды оқыту режимі – уақытты шегеру және цифрлық 
технологияларды 
қолдану 
арқылы 
(вебинар 
жазылымы, 
топтық 
бейнеконференциялық байланыстар, пән бойынша тапсырмалар беру, жеке кері 
байланыспен қамтамасыз ету және т.б.) білім беру мақсатында өзара әрекеттесу 
процесі. 
Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, 
білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, 
оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі 
сипаттамаларының біртұтас кешені. 
Білім беру қызметітұлғаны оқыту, дамыту және тәрбиелеу мәселелері 
шешілетін білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогикалық тұрғыдан негізделген, 
сабақтаса құрылатын өзара қарым-қатынас жасау үдерісі.
Скаффолдинг (тіректерді құрау) – мұғалім оқушыны өзінің жақын даму 
аймағында сүйемелдеу және оған өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы 
орындауға көмектесу үшін ұсынатын интерактивті қолдау. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар – денсаулығына байланысты 
білім алуда ұдайы және уақытша қиындық көріп жүрген арнайы, жалпы білім беретін 
оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет 
ететін балалар. 
Жеке оқу жоспары – үлгілік оқу жоспары негізінде оның жеке мүмкіндіктері 
мен қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиеші және/немесе психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметінің мамандары құрастырған оқу жоспары; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет