8
Кіріспе
Сабақты жоспарлау
–
сыныптағы оқу үдерісінің тиімділігін
арттыруға бағытталған мұғалім қызметінің ажырамас бөлігі. Сабақты
жоспарлау
мұғалімге уақытты, ресурстарды, материалдар мен оқыту
әдістерін оңтайлы пайдалануға, оқушыларды оқу үдерісіне
тарту
стратегияларын таңдауға мүмкіндік береді. Жоспарлау мұғалімдер үшін
олар алғысы келетін оқытуды ұсынуға және осы көзқарасты сыныпта
шындыққа айналдыру үшін оқу үдерісінің барлық элементтерін қалай
біріктіру керектігін талдауға көмектесетін құрал.
Сонымен бірге сабақтың жеке кезеңдерін жоспарлау барысында
мұғалімдерде қиындықтар пайда болуы мүмкін. Мысалы, оқу
бағдарламасының мақсаттарын сабақтың мақсатына түрлендіру,
оқушылардың
оқу іс-әрекетін жоспарлау, олардың әртүрлілігін, білім
беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып сабақ жоспарын
құру кезіндегі кездестіретін қиындықтар және т.б. Бұл әдістемелік
ұсынымдар сабақтың әртүрлі кезеңдерін тиімді жоспарлау үшін толық
теориялық ақпарат пен тәжірибелік стратегияларды беруге бағытталған.
Әдістемелік ұсыныстардың кіріспе
бөлімі сабақты тиімді
жоспарлаудың теориялық негіздерін және сабақты жоспарлауға қатысты
шетелдік зерттеушілердің мәлімдемелерін қамтиды. «Мектепте сабақты
жоспарлау тәжірибесі бойынша отандық және шетелдік тәжірибе» атты
бірінші тарауда Қазақстандағы, ЭЫДҰ және таяу шет елдеріндегі сабақты
жоспарлаудың салыстырмалы талдауы, сондай-ақ, қазақстандық
педагогтер арасында сабақты жоспарлау тақырыбында жүргізілген
сауалнама нәтижелері қамтылған.
Екінші тарауда сабақтың әртүрлі кезеңдерін жоспарлау бойынша
тәжірибелік
ұсыныстар, соның ішінде оқу бағдарламасының
мақсаттарын сабақ мақсаттарына түрлендіру, сараланған тәсіл
стратегияларын іске асыру және т.б. көрсетілген. Сонымен қатар, тарауда
қазақстандық мұғалімдердің сабақты жоспарлаудағы табысты
тәжірибелерінің кейстері қамтылған.
Қорытынды бөлімінде негізгі
қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдалған.