7
Ойлау дағдыларының деңгейлері – әрбір деңгейі ойлау дағдыларын
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының
иерархиялық өзара
байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу сабағы, әрбір оқу пәні және (немесе) модуль
бойынша меңгерілуге тиіс білімнің, машықтың, дағды мен біліктіліктің мазмұны мен
көлемін айқындайтын бағдарлама.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы –
нақты пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал
ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес
пән бойынша оқу курсы
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін нәтижелерді
қалыптастыратын тұжырым.
Оқыту нәтижелері – білім алушылардың білім беру бағдарламасының оқу
модулін
меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының,
дағдыларының бағалаумен расталған көлемі және
қалыптасқан құндылықтар мен
қарым-қатынастар.
Оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының
нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзыреттіліктер жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: