Жаңа сабақ
|
Мәтінмен жұмыс
Ақпарат – біздің белгілі бір ақпаратты қабылдау және өңдеу нәтижесінде алатын біліміміз. Кез келген материалдық объект ақпарат тасымалдаушы бола алады. «Ақпарат» термині латынша information – түсіндіру, баяндау, мәліметтер жиынтығы сөзінен шыққан. АҚПАРАТТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ — қазіргі уақыттағы маңыздылығы, оған сәйкестігі. Тек уақытылы алынған ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Өзектілігін жоғалтқан ақпараттың мысалы - былтырғы газет. Ақпараттың ескіруі – бұл уақыт өткен сайын оның құнының төмендеуі. Ақпаратты ескіртетін уақыттың өзі емес, оны толығымен немесе ішінара нақтылайтын, толықтыратын немесе жоққа шығаратын жаңа ақпараттың пайда болуы.Ақпаратты түсінуге және шешім қабылдауға жеткілікті болса, оны толық деп атауға болады.
АҚПАРАТТЫҢ ДӘЛДІГІ — шындыққа сәйкестік, сенімділік.ЖЫЛДАМДЫҚ — ақпаратты аудиторияға жеткізу жылдамдығы. Ақпараттық агенттіктер ең жедел ақпарат құралдары болып табылады
|