Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары



бет51/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Негізгі және көмекші етістіктер
Күрделі етістік компоненттерінің мағыналары, алатын орындары, атқаратын қызметтері әр алуан. Осы сипаттарына қарай олардың өз жүйесі болады. Анығырақ айтқанда, орын жағынан бұрын тұрып, дәнекер тұлғаны тіркеп алатын сыңар күрделі етістіктің негізгі мағынасына ие болады да, жетекшілік істейді. Бұдан кейін тұрып, олар үстеме мағына жамап, грамматикалық тұлғаларына түсіріп тұратын соңғы етістік көмекші қызмет атқарады.
Мәселен, оқып берген дегеніндегі негізгі етістік –оқып, көмекші етістік –бер, сол сияқты жазып отыр, бере сал.
Негізгі (жетекші) етістіктен көмекші етістікті бір тұлға етуге, әдетте, көсемше, есімше, рай жұрнақтары және кейбір көмекші сөздер дәнекер болады.
Көмекші етістіктердің саны аз болғанымен, тілімізде жиі қолданылып, орасан үлкен қызмет атқарады. Көмекші етістіктен негізгі етістікке қосатын (А.Ысқақов, академик грамматикаларда жетекші етістік термині қолданылған) семантикалық үлестеріне, түрлену жүйесі және басқа сипттарына қарай екі топқа бөлінеді.
1. Тұрақты көмекші етістік;
2. Ауыспалы көмекші етістік.
Ескерту: Бұл терминде басқа еңбектерде түрліше жұмсалған. Мәселен, А.Ысқақов ҚТТ, морфология, 1974, 259 бет, тұрақты көмекшіні –толымсыз көмекші, ауыспалыны толымды. «Қазақ тілінің грамматикасы» кітабында (І, 1967, 155 бет) тұрақты –мәнсіз, ауыспалы мәнді.
1. Тұрақты көмекші (толымсыз, мәнсіз) етістіктер мыналар: Е, (еді, екен, емес), ет, де, жазды. Бұлардың жеке лексикалық мағыналары жоқ, жеке сөйлем мүшесі бола алмайды, айтып едім, -ң, -ді, кеткен екен, жер етті, келеді деп (деді) жығыла жаздады.
2. Ауыспалы көмекші етістік (толымды мәнді) қолданылу орнына қарай кейде негізгі, кейде көмекші етістік ретінде қызмет атқарады. Бұл қасиет- сипаты жұмсалуына қарай ажыратамыз. Мысалы, бала жүгіріп бара жатты, бөлмеде жатты, бере сал, салып жібер дегендерді салыстырайық.
Ауыспалы көмекші етістік қызметінде жұмсалатындардың саны қазақ тілінде 30 шақты ғана. Олар: қой, жібер, таста, қал, сал, түс, көр, ал, бар, бол, жет, біт, баста, жатыр, тұр, жүр, отыр, кет, шық, бер, бақ, жөнел, кел, қара, өт, қыл. Бұл етістіктер өз алдына лексикалық мағынасы бер болып қолданылда, сөйлемнің дербес мүшесінің қызметін атқарады.
Жоғарыда көрсетілген ауыспалы етістіктердің ішінен жүр, тұр, отыр, жатып етістіктері қалып етістіктері деп аталады. Себебі бұлар табиғи күй-жайдың атауы есебінде қолданылады. Іс-әрекеттің белгілі кеңістікте, мезгілде өтуіне байланысты туатын сан алуан көріністер мен құбылыстардың бір сыпырасы тілімізде осы 4 етістіктің қызметі арқылы беріледі. Осыған орай бұлардың семантикасынан да, функция және формаларында да бәріне ортақ біріңғай ерекшеліктер ұшырасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет