Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Дара етістік және күрделі етістік



бет50/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Дара етістік және күрделі етістік:
Марфологиялық құрылымы жағынан тізімділігі етістіктер дара және күрделі етістіктер болып екі салаға бөлінеді.
Дара етістіктерге түбір етістіктер және жұрнақ арқылы жасалған туынды етістіктер жатады. Мәселен жаз, оқы, біл, айт, үйрет, ойлан, оқыт, келтір, баста т.б.
Сонымен, дара және жалаң етістіктер құрылымына қарай түбір етістіктер және туынды етістіктер деп екі топқа жіктеледі.
Құрылымы мен құрылысы жағынан түрлі бола тұрса да, етістік тіркестерімен етістікті тіркестердің бәрі де қазақ тілі білімінде күрделі етістік деп аталады. Бұлар кемі және одан да артық компаненттен құралады. Мысалы , ала кел, жаза сал, мұндай күрделі етістіктер қазақ тіліндеде өте жиі қолданылатын формалардың бірі.
Алайда күрделі етістіктердің мағыналарын ажыратуда, қызметтерін анықтауда, оларды талдауда қыруар қиыншылықтар кездеседі. Бұл қиыншылықтардың бір ұшы етістіктің жай тіркесімен астас болса, екінші ұшы күрделі етістіктердің өзгеруін іштей жіктеп, жеке-жеке саралаумен байланысты. Мысалы, осы күнгі күрделі етістіктер әуелі жай(еркін)тіркестерден туып өрбігені белгілі.
Осылай бола тұрса да, бұл екі категорияның сарслануына тек құрамындағы компоненттердің ішкі лексика- семантикалық, лексика- грамматикалық мазмұндары, олардың ара қатынастары ғана себеп болған. Бұлар жайындағы негізгі қағидалар мыналар:
1. Егер етістік тіркестің құрамындағы компоненттердің әрқайсысы бастапқы лексикалық мағыналарын түгел сақтап тұрып, сөйлемнің дербес мүшесі бола алса, мұндай етістік тіркес еркін тіркес немесе жай синтаксистік тіркес саналады. Мысалы, ауылға асығып бардым –асығып ауылға бардым; үйге жүгіріп кірдім –жүгіріп бөлмеген кірдім.
2. Тіркестегі компоненттер мағына жағынан бір-бірімен тең түскенімен, бір-бірінен жекеленбей бір тұтас лексикалық мағына құраса, ондай тіркес жай күрделі тіркес саналады. Алып қайт, кіріп шық, алып бар, алып кет, жазып бер т.б.
3. Егер тіркестегі компоненттердің біреуі ғана негізгі мағынаны сақтап, басқалары өз лексикалық мағыналарын солғындатып, тек көмекші болып, грамматикалық қызмет атқарса, ол сараламалы аналитикалық етістік деп танылады. Алып еді, қалып қойды, айта сал, жібере бер.
4. Егер етістікті тіркесінің компонентті есім, есімше, көсемше, рай формалары сөздердің бірі болып, болған көмекші етістік (еді, екен формалары) дәнекер болса ондай етістіктер суреттемелі етістік. Күрделі етістіктердің суреттемелі түрлері саналады. Мұғалім еді, кәрі екен, оқыған еді, оқып едік т.б.
5. Егер етістікті тіркестің алғашқы компонентті есімдер, соңғы компоненттері етістіктер болғанымен аралас қолданыла жүріп, сол компоненттері орын жағынан әбден тұрақталып, не лексикалық, не идиомалық тұлғасына айналса, ондай тіркес тұрақты етістік саналады. Бас-көз бол, ақыл бер, көз сүз, ат салыс.
Сөйтіп, етістіктің алғашқы еркін синтаксистік тіркесінен (маған кітап алып бер), жай күрделі етістіктен (кітап менен алып оған бер), жай күрделі етістіктен аналитикалық етістік (жазып сал, оқып бер) дамыған.
Есім мен етістіктің әуелгі еркін тіркесінен құранды етістік (көмек бер, бала еді), тұрақты лексикаланған етістік (өлең айт, уәде бер) тұрақты етістік қалыптасқан.
Сонымен, күрделі етістіктер құрамына және грамматикалық мағыналарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.
1. Есімдер мен еліктеу көмекші етістіктермен тіркесуі арқылы жасалынатын тіркесті түбір етістіктер: (жәрдем ет, ән сал, қабыл ал, серуен сал) құранды етістік деп аталады.
2. Құрама күрделі немесе жай күрделі етістік. Тіркестегі күрделі етістіктің әрбір компонентінің де өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар. Алайда, әрбір тіркестің лексикалық мағынасы құрамындағы компоненттің мағыналарынан құралады. Мысалы, ала кет, (келіп кет, алып, кел, алып бар, сұрап ал).
Бұл етістіктердің компоненттері, тарихи тұрғыдан қарағанда, әуел бастан сөйлемнің жеке-жеке мүшесі болғандарымен кейінгі кездерде бөлшектенбейтін бір күрделі мүше болып қолданылу нәтижесінде күрделі етістіктерінде жұмсалатын болып қалыптасқан.
3. Сараламалы етістіктер (аналитикалық). Бұлардың формалары екі түрлі жолмен жасалады:
а) Біріңғай етістіктен құралады. Құрамындағы компоненттердің саны 2, 3, 4, 5 болып келеді. Мәселен, айтып жібер, айтып жібере қой, айтып жібере жаздап қалды.
ә) Күрделі етістіктердің құранды түрімен де, есімше мен етістіктен құралып лексикаланған түрінен де жасалады. Жәрдем ете көр, үн қата көрме, құлақ сала қой.
4. Суреттемелі етістіктер. Әр текті сөздер мен е, бал, көрін сияқты көмекші етістіктердің тіркесінен құралады. Сөйтіп, бұлар белгілі бір амал-әрекетті суреттеу үшін қолданылады. Мысалы, ұйықтап кеткен екен, келетін еді, мұғалім едіңіз, келсе игі еді, жас екен, келетін көрінеді, бармақ болды.
5. Тұрақты етістіктер тобы. Бұлар грамматикалық жағынан бөлшектенбейді, лексика-семантикалық жағынан бір ғана негізгі мағынаны білдіретіндей болып орныққан бір бүтін тұлға есебінде қолданылатын күрделі етістіктер. Мәселен, бойын аулаққа сала береді, ауыз жаласты, жүрек жалғап алдым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет