Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілі дыбыстары, түрлері, жасалуы. Дыбыстардың құрамы Сабақтың жоспары


Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерінің өзіндік қасиеттері (сипаты)



бет52/76
Дата30.03.2023
өлшемі218.7 Kb.
#471372
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
ҚЗҚТН-прак.-30сағ.

Отыр, жатыр, тұр, жүр етістіктерінің өзіндік қасиеттері (сипаты).
Бұл 4 етістік бұдан әрі қалып етістіктері деген терминмен аталады. Олардың (төрт етістіктің) қалған етістіктерден мына сияқты ерекшеліктері бар:
1. Қалып етістіктері қосымшасыз түбір тұлғада тұрып 2,3- жақ жекешеде нақ осы шақ мағынасында қолданылады. Мәселен, сен отыр, тұр, жүр, жат; ол отыр, ол тұр, ол жатыр.
2. Бұлар түпкі лексикалық мағыналарын толық сақтап, барлық морфологиялық тұлғаларда түрленіп, дербес синтаксистік қызмет атқаратын негізгі етістік, есебінде жұмсалады. Ол жолда тұр, алға жүре берсейші, үйде отырмын, ол әлі жатыр.
3. Бұл етістіктер аналитикалық тіркесе көмекші етістік ретінде қолданылады: келе жатыр, айтып тұр, еске ала жүр, оқып отыр.
4. Семантикалары басқа-басқа. Басында тұр, студент отыр, бөлмеде жатыр, жолда жүр деген мысалдардан төот түрлі қалып түсініледі.
5. Тіліміздегі басқа етістіктің түбірлері жіктік жалғаулары тікелей қабылдамасы, қалып етістіктері ол жалғауды тікелей қабылдап, нақ осы шақты білдіреді. Мен тұрмын, жүрмін, сен тұрсын, жүрсін т.б.
6. Өзге етістіктерге етіс жұрнақтары жалғана береді, қалып етістіктерінен өзгешелігі ырықсыз етіс формалары (тұрғызу, жүрілу) жасалғанымен, өздік етіс жасалмайды.
7. Басқа етістік түбірлеріне е-ді көмекші етістік тіркеспейді. Ал, қалып етістіктеріне бұл көмекші тіркесіп, күрделі өткен шақ формаларын жасайды. Отыр едім, жүр едіңдір, жатыр едік. Бұл айтылғандар төрт етістіктің морфологиялық, синтаксистік, семантикалық сипаттарына қатысты жалпы қағидалар.
Етіс, оның түрлері
Етіс мағынасын білдіретін жұрнақтар негізгі және туынды етістіктердің болымды түріне жалғанады. Болымсыздық мағына беретін ма//ме, ба//бе, па//пе жұрнақтары әр уақыт етіс аффикстерінен соң қосылып айтылады. Мысалы, айт-тыр-ма, кел-гіз-бе, тұр-ғыз-ба, күй-ін-бе т.б. етіс жұрнағы қосылған сөздер аффикстерінің санына қарамай туынды түбір етістіктер құрамына енеді. Сондықтан бұл категория сөз тудырудың морфологиялық тәсілгее жатады.
Етіс формалары (жұрнақтары) сөйлемнің грамматикалық құрылысына өзгеріс енгізіп отырады. Мұны байқау үшін мына бес сөйлемдегі етіс формаларының грамматикалық ерекшеліктерін талдап көрейік.
1. Күздеу онан жөн сұрадыМысалы, сұра етістігі тек біреуден біреу бірдемені жай сұрауды ғана білдірсе, екінші сөйлемдегі сұрас тұлғасы іске-амалға бір субъекті емес, екі я онан да көп субъекті қатынсатынын, соның нәтижесінде сөйлемнің субеъктілері бірнешеу болып, олар амал-қимылға ортақтас болғанын аңғартады. Үшінші сөйлемдегі сұрат тұлғасы әрекетті жасартушы бір адам болса, жасаушы бөгде адам болады. Төртінші сөйлемдегі сұрал тұлғасы амал жасаушы субъекті де, жасаттырушы субъекті де көрінбейді. Бесінші, сөйлемдегі сұран тұлғасынан амалды жүзеге асырушы адам сол амалдың қозғалыс-әрекеттің әрі субъектісі, әрі объектісі болатындай мағына береді.
Сөйтіп, етіс категориясы немесе етістер деп іс-амалдың, субъекті мен объектіге қатысы, субъекті мен объектінің іс-амалға қатысын білдіретін формалардың жүйесін айтамыз.
Сонымен, қазақ тіліндегі етістерді синтаксис қызметі мен мағыналық және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп беске бөлуге болады: 1) Негізгі етіс, 2) Өздік етіс, 3) Ырысқсыз етіс, 4) Ортақ етіс, 5) Өзгелік етіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет