Саралау тапсырмалары арқылы оқушылардың деңгейін анықтау мақсатында А,В,С деңгейінддегі тапсырмалар ұсынылды. «Қарқын».Қосымша есеп. Қабілетті оқушыларға арналған тапсырмалар дайындалды.
Қабілеті жоғары оқушылар білім деңгейі төмен оқушыларға көмектеседі. Жеке тапсырмаларды орындауда қабілетті оқушыларға өз бетімен жұмыстануға мүмкіндік беріледі. Топтар өз міндеттерін бөліседі. Тапсырмалалардың сараланған болуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушыларға түрлі тапсырмалар мен ресурстар дайындау арқылы қолдау көрсетемін.
|
Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру үшін қолданылған қалыптастырушы бағалау түрлері:
1. Мұғалімнің мадақтауы (Өте жақсы! Жарайсыңдар! Керемет!)
2. Топтар бір – бірін бағдаршам арқылы бағалайды
3. Смайликтер арқылы бағалау
4. «От шашу» әдісі арқылы бағалау
5.Топтар шапалақтау арқылы бір – бірін бағалайды
6. Жұлдызша арқылы бағалау
7. «Сыйлық» әдісімен бағалау
Оқушылардың берілген тапсырмаларды дұрыс, нақты орындауы қадағаланды. Сабақ соңында оқушылар өз – өздерін бағалайды және кері байланыс жасайды. Оқушылардың қажеттілігін анықтау мақсатында «Рефлексия пирамидасы» кері байланыс түрі қолданылады.
|
Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл – күйін қадағалап отыру.
Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады.
Гигиеналық талаптардың орындалуы (таза ауа, жарық, тазалық).
АКТ қолданғанда уақытқа қатысты ережені сақтау.
Интерактивті тақтаны уақытымен пайдалану.
Оқушылардың партада түзу отыруын қадағалау.
«Жұбыңды тап» сергіту сәті
|