Өкілеттігі шеңберінде өңірдің қоршаған ортасын қорғау саласын басқаруды, экологиялық жағдайды жақсартуға және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай табиғатты қорғау саясатын қалыптастыруды атқару.
15. Міндеттері:
1) орман, аңшылық, балық, су ресурстарын, өзге де өсімдік және жануарлар дүниесі ресурстарын реттеу және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету;
2) орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысу;
3) қоршаған ортаның орнықтылығын сақтау және жақсарту мақсатында облыстың ормандылығын арттыру;
4) өсімдік, жануарлар дүниесінің биологиялық әртүрлілігін, бірегей үлгідегі және сирек ландшафтыларды сақтау;
5) ормандардың өнімділігін, аңшылық және балық ресурстарын көбейту;
6) қоршаған ортаны қорғау;
7) мемлекеттік орман қоры жерлерін азу мен эрозиядан қорғау.
16. Функциялары:
1) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;
2) мемлекеттiк орман қоры аумағында орман өрттерінiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi жыл сайынғы iс-шаралар жоспарларын әзiрлейді және iске асырады;
3) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндiретін техникасын, көлiктерi мен басқа да құралдарын орман өртiн сөндiруге жұмылдыру тәртiбiн айқындайды, осы жұмысқа жұмылдырылған жеке тұлғаларды жүрiп-тұру, өрт сөндiру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етедi;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық өрт сөндiру бiрлестiктерiнiң жұмыс iстеуiне жәрдемдеседi;
5) орманда өрт қаупi бар маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағармай материалдарының резервiн жасайды;
6) шаруа қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдары орман қорына iргелес ауыл шаруашылығы егістіктерінде, жайылымдар мен шабындықтарда аңыздарды, орылған егін мен өзге де өсiмдiк қалдықтарын өртеген кезде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
7) өртке қарсы насихатты, ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауiпсiздiгi қағидаларын орындау туралы мәселелердiң бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жария етілуін ұйымдастырады;
8) облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес жұмысын қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құрып үйлестiредi;
9) орман қоры аумағында орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жай-күйiн жақсарту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
10) орман зиянкестерi мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық iс-шаралар жүргiзген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупi жоғары кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдайды;
11) уәкiлеттi органға беру үшiн функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттiк есебi, мемлекеттiк орман кадастры, мемлекеттiк орман мониторингi жөнiнде материалдар дайындайды;
12) функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде аяқталған объектiлердi және орман шаруашылығы iс-шараларын жүргiзу нәтижесiнде өндiрiлген дайын өнiмдердi қабылдайды;
13) уәкiлеттi органның және облыстық өкiлдi органдардың қатысуымен функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi пайдалануға беру жөнiнде тендерлер ұйымдастырады және өткiзедi;
14) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ функционалдық қарауындағы ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады;
15) орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
16) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады;
17) түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкасын қоспағанда, орман пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын жергілікті өкілді органға бекітуге ұсынады;
18) уәкілетті органға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
19) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
20) уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органға қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын бекіту үшін материалдарды дайындайды және паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге береді;
21) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерлерді белгіленген тәртіппен резервте сақтауды қамтамасыз етеді;
22) қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
23) жергілікті атқарушы органға жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және күзету режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді;
24) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын жергілікті өкілді органға бекіту үшін ұсынады;
25) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітеді;
26) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітеді;
27) қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлейді және бекітеді, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етеді;
28) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекітеді;
29) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
30) бір облыстың аумағында орналасқан жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді;
31) сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
32) аңшылық алқаптарының резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
33) балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорын қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
34) ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
35) рекреациялық балық аулау аймағын белгілейді;
36) балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілейді, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашады және жабады;
37) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар береді;
38) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз құрылыстар табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;
39) бассейндiк су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерiнiң су қорғау аймақтарын, белдеулерiн және санитариялық қорғаныш аймақтарын белгiлеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
40) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бағдарламалар жобасын бассейндік кеңестердің қарауына енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделейді, оларды іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;
41) су объектiлерiн ұтымды пайдалану және қорғау жөнiндегi бассейндiк бағдарламаларды iске асырады;
42) жер үстi көздерiнің су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлейді;
43) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
44) II, III және IV санат объектілеріне шаруашылық және өзге де қызмет түрлерін жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді;
45) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, мұндай құжаттардың бастамашыл жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарастыруға береді;
46) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптық жұмыстар жүргізу үшін тартады;
47) II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар береді;
48) өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарларын және қалдықтарды басқару бағдарламаларын келіседі;
49) коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді ұйымдастырады;
50) қолдан жасалған аралдар, бөгеттер, құрылыстар мен қондырғыларды жасауды, қолдануды және пайдалануды келіседі;
51) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
1) жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
2) уәкілетті органға орман және аңшылық ресурстарын пайдалану көлемі туралы ұсыныстар енгізу;
3) жергілікті атқарушы органға мыналар бойынша ұсыныстар енгізу:
ормандарды және жануарлар дүниесін шаруашылық пайдалану режимін белгілеу;
орман ресурстары үшін төлемақы ставкалары;
орман ресурстарын пайдалануға лимиттер мен квоталар;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және жұмыс істеу режимі мәселелері;
су қорғау аймақтарын, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу;
4) аңшылық және балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіп беру жөніндегі актілер жобаларын келісу;
5) балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін дайындауға қатысу;
6) су объектілерін конкурстық негізде оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру жөніндегі барлық қажетті рәсімдерді жүргізу;
7) сулардың жай-күйiне әсер ететiн кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыру және қолданысқа беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбiн тереңдету және өзге де жұмыстар жүргізу шартын келiсу;
8) халыққа тиісті аумақтағы су объектілерінің жай-күйі туралы хабарлауды жүзеге асыру;
9) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимитін бөлу жөнінде шешімдер дайындау;
10) ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстардың барлық түрлерін, орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысты емес жұмыстарды орманда жүргізудің белгіленген тәртібі сақталуын тексеруді жүзеге асыру әрі жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқаулар беру;
11) жеке және заңды тұлғаларға белгіленген тәртіппен орман пайдалану шартының талаптарын бұзғаннан, орман ресурстарын, жануарлар дүниесін ұтымсыз пайдаланғаннан, сондай-ақ ормандарға зақым келтіру мен жоюдан (соның ішінде өрттен) орман, су шаруашылығына келтірілген залалдың орнын толтыруға қаражат өндіру туралы талап қою, шарт талаптарының орындалмауы туралы және орман пайдалану құқығын тоқтату туралы хабарлау;
12) табиғат пайдалану құқығын беретін құжаттарды тексеру, табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды және ормандар мен жануарлар дүниесін пайдалану, молайту, күзету және қорғау қағидаларын бұзған кезде табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныстарды енгізу;
13) жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген қағидалар мен нормаларды, тыйымдар мен шектеулерді сақтауды талап ету;
14) орман, балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстар беру;
15) орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерін басқаруды жүзеге асыру;
16) Басқарманың және оның ведомствоға бағынысты ұйымдарының бюджеттік және өзге де заңдарды бұзуын анықтау, жою және болдырмау мақсатында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құру;
17) сотта Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелер бойынша талапкер және жауапкер болу;
18) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.