4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген, қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқарма қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:
1) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ақан сері» орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Аққайың орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Булаев орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Бұрлық орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Есіл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Жамбыл орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Мамлютка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Орлиногор орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қызылжар орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Пресновка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Сергеевка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12) Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Соколовка орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13) «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Солтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Красный бор» жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту жөніндегі мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
_________________________
|