Салыстырма кесте


II санаттағы объектілер үшін ықпал етуге экологиялық рұқсат береді



бет10/11
Дата09.02.2024
өлшемі55.7 Kb.
#491442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
!@02=8B5;L=0O B01;8F0 07

II санаттағы объектілер үшін ықпал етуге экологиялық рұқсат береді (2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты толықтырылды);
өз құзыреті шегінде табиғатты қорғау іс-шараларының жоспарын, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын және қалдықты басқару бағдарламасын келіседі;
III санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға ықпал ету туралы декларацияны қабылдайды (2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты толықтырылды);
қоғамдық тыңдау өткізуді үйлестіреді және қамтамасыз етеді (2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты толықтырылды);
көзделіп отырған қызмет туралы өтінішті қарайды (2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ жаңа Экологиялық кодексінің қабылдануына байланысты толықтырылды);
коммуналдық қалдықпен жұмыс істеу саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыс жүргізуді ұйымдастырады;
жасанды аралды, бөгетті, құрылыс пен қондырғы жасауды және пайдалануды келіседі;
өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады.


3. Мемлекеттік органның, алқалы органдардың (бар болса) бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

15. Басқарманы басқаруды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.


16. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
17. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Басқарманың қызметін үйлестіру және басқару;
Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, заңнамада белгіленген шектерде шарттарды жасайды және бұзады, банктік шоттар ашады;
өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік ету;
өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің орман және өзге де ресурсын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету саласында мемлекет мүддесін білдіру;
су объектілерін қорғау және пайдалануды реттеу;
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, орманды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды уәкілетті органдармен келісу және іске асыру;
облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес жұмысын үйлестіру, қажет болған жағдайда, осы мақсат үшін арнайы комиссия құру;
Басқарманың құзыретіне кіретін мәселе бойынша заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарманың қызметін жоспарлау және талдау, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралардың қабылданбауына дербес жауапты болады, ерлер мен әйелдердің тең құқығының және тең мүмкіндігінің мемлекеттік кепілдігі туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың табиғат пайдалану саласына қатысты нормативтік құқықтық актісінің жобасына құқықтық сараптама жүргізуге қатысу; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеруге тартылатын органдармен өзара іс-қимыл жасау.
заңнамада және облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін орындауды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
19. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет