Салыстырма кесте


) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимитін бөлу жөнінде шешімдер дайындау



бет7/11
Дата09.02.2024
өлшемі55.7 Kb.
#491442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
!@02=8B5;L=0O B01;8F0 07

9) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимитін бөлу жөнінде шешімдер дайындау («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VІ Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағының 8) және 10) тармақшаларына сәйкес, бұл функция су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларға бекітілген);
орманды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану жөніндегі жұмыс пен іс-шаралардың барлық түрлерін, орман қоры аумағында орман шаруашылығын жүргізумен және орман пайдаланумен байланысы жоқ жұмысты орманда жүргізудің белгіленген тәртібінің сақталуын тексеруді жүзеге асыру, жеке және заңды тұлғаларға анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нұсқау беру;
жеке және заңды тұлғаларға орман, су шаруашылығына келтірілген залалды өтеу үшін қаражат өндіріп алу, орман пайдалану шарты талаптарының бұзылуы туралы белгіленген тәртіпте талап қою, шарт талаптарының орындалмағаны туралы және орман пайдалану құқығының тоқтатылғаны, орман ресурстарының, жануарлар дүниесінің ұтымды пайдаланылмағаны, сондай-ақ ормандардың зақымданғаны және жойылғаны (оның ішінде өрттен) туралы хабардар ету;
табиғат пайдалану құқығына арналған құжатты тексеру, орман мен жануарлар дүниесін пайдалану, молықтыру, күзету және қорғау қағидасын бұзған кезде табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныс және табиғат пайдалану құқығын тоқтату туралы ұсыныс енгізу;
жеке және заңды тұлғалардан орман қоры мен жануарлар дүниесін пайдалануға белгіленген қағида мен норманың, тыйым мен шектеудің сақталуын талап ету;
2) міндет:
орман, балық және аңшылық шаруашылығын жүргізу мәселесі бойынша қорытынды мен ұсыныс беру;
орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемелерін басқаруды жүзеге асыру;
Басқарманың және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджет және өзге де заңнаманы бұзушылықты анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында мемлекеттік қаржы бақылауын жүзеге асыру үшін ішкі бақылау қызметін құру;
сотта Басқарманың құзыретіне жататын мәселе бойынша талапкер және жауапкер болу.
14. Функция:
орманды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастырады және қамтамасыз етеді, өзінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейді;
мемлекеттік орман қоры аумағында орман өртінің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарын әзірлейді және орындалуын іске асырады;
жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өртке қарсы техникасын, көлік және басқа да құралдарын орман өртін сөндіруге тарту тәртібін айқындайды, осы жұмысқа тартылатын жеке тұлғаларды жүріп-тұру, өрт сөндіру құралымен, тамақтандырумен және медициналық көмекпен қамтамасыз етеді;
орманда өрт қаупі бар маусымға мемлекеттік орман қоры аумағында өрт сөндіру үшін жанар-жағармай материалының резервін жасайды;
шаруа қожалықтарының және өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес жатқан ауыл шаруашылығы алқабында, жайылым мен шабындықта орынды, аңыз және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;
өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында орманды сақтау, ормандағы өрт қауіпсіздігі қағидасын орындау туралы мәселені үнемі жариялап отыруды ұйымдастырады;
облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес жұмысын үйлестіреді, қажет болған жағдайда, осы мақсат үшін арнайы комиссия құрады;
орман қоры аумағында орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес және оның санитариялық жағдайын жақсарту жұмысын ұйымдастырады;
жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес жөніндегі авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізу кезінде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары кезеңде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды;
уәкілетті органға ұсыну үшін өзінің функциялық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, орманның мемлекеттік мониторингі бойынша материал дайындайды;
өзінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген аяқталған объектілер мен дайын өнімді қабылдайды;
уәкілетті органның және облыстық өкілді органдардың қатысуымен өздерінің функциялық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскесінде орман ресурсын ұзақ мерзімді орман пайдалануға беру жөнінде тендер ұйымдастырады және өткізеді;
14) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану құқығын, сондай-ақ функционалдық қарауындағы ормандардың жай-күйіне және молықтырылуына қауіп төндіретін жұмыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұрады, шектейді, тоқтатады (ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен алып тасталды);
орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер береді және осы учаскелерді осындай объектілер салу үшін пайдалануға рұқсат береді;
16) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырады (-ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен алып тасталды);
жергілікті өкілді органның бекітуіне түбірімен босатылатын сүрек үшін төлемақы ставкасынан басқа, орман пайдалану үшін төлемақы ставкасын ұсынады;
уәкілетті органға республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен экологиялық желілер жүйесін дамыту бағдарламасы, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде ұсыныс енгізеді;
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысады;
уәкілетті органмен келісім бойынша жергілікті атқарушы органға қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспортын бекіту үшін материал дайындайды және паспортты уәкілетті органға тіркеуге ұсынады;
барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру үшін белгіленген тәртіпте жерді резервте сақтауды қамтамасыз етеді;
қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйін, күзетілуін, қорғалуын, пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
жергілікті атқарушы органға жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіші аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрін бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді;
облыстың жергілікті өкілді органына жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын бекітуге ұсынады;
аңшылық шаруашылығы мұқтажы үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру жөнінде конкурстар өткізеді;
30) бір облыстың аумағында орналасқан жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізеді (ҚР 01.02.2021 № 399-VI Заңымен алып тасталды);


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет