2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
12. Міндет:
орман, аңшылық, су, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәселесі жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік экологиялық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, құзыреті шегінде ықпал етуге рұқсат беру;
қоршаған ортаның тұрақтылығын сақтау және жақсарту мақсатында облыстың ормандылығын арттыру;
өсімдіктер, жануарлар әлемінің, әдеттегі бірегей және сирек кездесетін ландшафтылардың биологиялық алуандығын сақтау;
орман, аңшылық және балық ресурсының өнімділігін ұлғайту;
қоршаған ортаны қорғау;
мемлекеттік орман қоры жерін сарқылудан және эрозиядан қорғау;
мемлекеттік және жеке ұйымдармен өз құзыретінің мәселесі бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты ұйымдастыру.
13. Өкілеттік:
1) құқық:
жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
уәкілетті органға орман және аңшылық ресурсын пайдалану мөлшері туралы ұсыныс енгізу;
жергілікті атқарушы органға ормандарды шаруашылықта пайдалану режимін, орман ресурсы үшін төлем ставкасын, орман ресурсын пайдалануға арналған лимит пен квотаны белгілеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақ құру және оның қызмет режимі мәселесі, су қорғау аймағын, белдеуін және оны шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу жөнінде ұсыныс енгізу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық шаруашылықты бекітіп беру жөніндегі акт жобасын келісу;
балық шаруашылығы су айдындарының тізбесін дайындауға қатысу;
6) су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру жөніндегі барлық қажетті рәсімдерді жүргізуге («Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тасталды);
судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, су түбін тереңдету және басқа да жұмыстар жүргізу шарттарын келісу;
тиісті аумақтағы су объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;
Достарыңызбен бөлісу: |