Салыстырма кесте


инвестициялық салым кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығынның бір бөлігін өтейді



бет9/11
Дата09.02.2024
өлшемі55.7 Kb.
#491442
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
!@02=8B5;L=0O B01;8F0 07

инвестициялық салым кезінде балық шаруашылығы субъектісі шеккен шығынның бір бөлігін өтейді (2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен толықтырылды);
акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық шаруашылығын дамытуға субсидия береді (2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен толықтырылды);
мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз құрылыстар табылған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімді жүргізеді;
бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулері мен санитариялық қорғау аймақтарын белгілеу жөніндегі қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бағдарламалардың жобаларын бассейндік кеңеске қарауға енгізеді, бассейндік кеңестердің ұсыныстарын зерделейді, оны іске асыру жөнінде шара қабылдайды;
су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;
жер үсті көздеріндегі су ресурсын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкасын әзірлейді;
өз құзыреті шегінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
облыс аумағында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеу мен жобалау-іздестіру жұмысын жүргізуді ұйымдастырады және (немесе) қамтамасыз етеді;
уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің шешімі негізінде резервтік қордың балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балықтың қырылу қаупі туындаған жағдайда, мелиорациялық балық аулауды ұйымдастырады;
жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын береді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы құжатты әзірлеу бойынша ұсыныс енгізеді, осындай құжаттың бастамашылық жобасын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қарауға береді;
қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмысты жүзеге асыруға және қызмет көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (заңды және жеке тұлғаларды) сараптама жұмысын жүргізуге тартады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет