3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және функцияларының жүзеге асырылуы үшін дербес жауапкершілікті көтереді.
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
Басқарманың қызметін үйлестіру және басқару;
Басқарманың атынан заңнамада белгіленген шекте сенімхатсыз әрекет етеді, шарттар жасасады және бұзады, банк шоттарын ашады;
өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
орман және өсімдік пен жануарлар дүниесінің өзге де ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету, өсімін молайту және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету саласында мемлекет мүддесіне өкілдік ету;
су объектілерін пайдалануды реттеу және қорғау;
орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдарламаларды уәкілетті органмен келіседі және іске асырады;
облыс аумағында орман өртіне қарсы күрес бойынша жұмысты, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссия құрып үйлестіреді;
Cолтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі заңнаманың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету; Басқарманың қызметін жоспарлау және талдау әрі Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шара қабылданбағаны үшін дербес жауапты болады, ерлер мен әйелдердің тең құқығы және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етеді;
табиғат пайдалану саласына қатысты мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуге қатысу;
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды тексеруге тартылатын органдармен өзара іс-қимыл жасау;
заңнамада және облыс әкімі мен әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін орындауды заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
22. Бірінші басшы заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің директорларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады әрі олардың өкілеттігін айқындайды.
23. Мемлекеттік орман күзетіне, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар күзетіне жататын Басқарма аппаратының қызметкерлері белгіленген тәртіппен қызметтік-штаттық қарумен қамтамасыз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |