ведомстволық бағынысындағы орман мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен Туын) бекітеді (2017.15.06. № 73-VI ҚР Заңымен толықтырылды);
уәкілетті орган айқындаған тәртіппен басқа санаттағы жерлерді орман қоры жерлеріне ауыстыру жөнінде материалдар дайындайды (2017 15.06. № 73-VI ҚР Заңымен толықтырылды);
жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында өздеріне ведомстволық бағыныстағы органдар мен ұйымдардың қызметін үйлестіруді және бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;
балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) олардың учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін су айдындарына және (немесе) учаскелеріне жатқызу критерийлеріне сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көл-тауарлық балық өсіру шаруашылығын, шарбақтық балық өсіру шаруашылығын жүргізу үшін, су айдындары және (немесе) учаскелері бөлінісінде жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекіту үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылығының мұқтаждығы үшін сервитутты белгілеу жөнінде шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балық шаруашылығын (акваөсіру) жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне ауыстыру жөнінде шешім қабылдау үшін қаулы жобасын әзірлейді және жергілікті атқарушы органға ұсынады;
жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қырылу қаупі төнген жағдайда, оларға көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
жануарлардың сирек кездесетін және қырылу қаупі төнген түрлерін интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ қолдан өсіру жөніндегі қызметті ұйымдастырады;
аңшылық алқаптардың резервтік қорында жануарлар дүниесін қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында қорғауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
ғылыми ұсыныстар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізеді;
рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілейді;
балық шаруашылығы учаскелерінің шекарасын белгілейді, ұйықты (ұйық учаскелерін) ашады және жабады;
екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды, сондай-ақ сирек кездесетін және қырылу қаупі төнген жануарлар түрлерін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат береді;
Достарыңызбен бөлісу: |